Өткен ғасырда қолданысқа енгізілген нысанның бұрынғы күйі қазіргі күннің талабына сай келмегендіктен жаңасын тұрғызу туралы шешім қабылданып, жобалау жұмыстары көп уақыт күттірмей аяқталды.
Ғимарат бас-аяғы бір жылда бой көтерді. Арнайы тапсырыспен салынған құрылысты жергілікті компания жүргізді. Ғимарат екі қабаттан, он жеті кабинеттен тұрады. Оған бөлінген қаражаттың жалпы құны екі жүз жиырма үш миллион теңгеден асады.
Аманбай ЖҰМАЛЫ, мердігер мекеме басшысы
Биыл осы ағымдағы 2020 жылы қазан айында ойдағыдай аяқталып, барлық қаражат толығымен игеріліп, бүгін тапсырып отырмыз.
Бұған дейін көненің сарқыншағындай болған ескі мекенді тұрақтап келген аудандық сот ұжымының қуанышында шек жоқ.
Болатбек ЖҰМАБАЕВ, Жылыой аудандық сотының төрағасы
Сот ғимаратының табалдырығынан аттаған әрбір азамат мемлекеттің, заңның қорғауында болып, оның қойып отырған заңды талап-тілектерін орындау әрдайым бірінші орында. Расында әділеттілік үйіне келіп, мекеме есігін ашқан әрбір азамат, осы сәулетті ғимаратқа жақсы көңілмен, ризашылықпен шығуын тілеймін.
Жаңа ғимараттың ашылуында аудандық сот төрағасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасының Алғыс хатымен марапатталды. Ал аудан әкімі аудандық соттың мойнына үлкен жүк артып, жұмыстарына сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.