Атырау облысы тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне 11 айдың ішінде сауда-саттық қызметіне байланысты 500-ден астам өтініш түскен.
Бұған қоса көлік қызметі саласына қатысты 253 шағым қаралған. Оның ішінде, 96 өтініш жазбаша, телеграм-бот арқылы 117, ал 27 шағымды тұтынушылар аяқтай келіп айтса, шұғыл желі көмегіне 13 тұрғын жүгінген. Мамандардың сөзінше, көбінде карантинге байланысты әуекомпаниялардың қызметіне шағым түседі.
Гүлбаршын СҰЛТАНОВА, Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы
Каратинге, төтенше жағдайларға және авиакомпанияларға қатысты өтініштер түсіп жатыр. + Сауда саласын да қараймыз. Дүкендерге байланысты өтініштер түсіп жатыр. 2023 жылға дейін шағын бизнеске байланысты монитория жарияланған. Өтініштер қаралып, ескертіліп жатыр.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңына сәйкес, мемлекеттік орган өтінішке жауапты 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынуға міндетті.