Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кентінде Атырау облысының Қашаған кен орнында «Газды кешенді дайындау қондырғысы» жобасын Атырау облысының тұрғындары және үкіметтік емес ұйымдар арасында түсіндіру бойынша ағымдағы жылдың 14 желтоқсаны күні сағат 10.00-де «GPC Investment» ЖШС-нің өкілдерімен ашық отырыс өткізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
Осыған орай, үкіметтік емес ұйымдармен белсенді қоғам өкілдерін аталған жиынға қатысуға шақырады.
Өтетін орны: Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті, Доссор мәдениет үйінің акты залы.
Өтетін уақыты: 2020 жылдың 14 желтоқсан сағат 10.00-де.