Альпинистердің арманы болған Эверест шыңы шамамен 1 метрге биіктеген. Қытай мен Непал билігі әлемнің ең биік нүктесі 8 848 метр, 86 сантиметр болатынын жариялады.
Соңғы рет 1954 жылы өлшенген биіктік 86 сантиметрге төмен болған. Тау Непал мен Қытайдың автономиялық ауданы шекарасында орналасқандықтан, екі елдің билігі бірлескен зерттеу жүргізу туралы шешім қабылдаған. Нәтижесінде, 2019 жылдың мамыр айында шыңға бірінші болып непалдық геодезистер шыққан. Олардан кейін көп ұзамай қытайлық мамандар да жеткен. Екі елдің алған деректерін біріктіре отырып ғалымдар біртұтас тұжырымға келіпті.