Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака 2022 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіне қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, 2 кезеңнен кейін жалпы есепте екінші орында келе жатқан «Атырау» футзал командасының үш ойыншысы ұлттық құрамаға шақырту алды. Шабуылшы Жомарт Тоқаев және қорғаушы Болат Сарбасовтан бөлек, мақаттық Жақсылық Амандосов 9 желтоқсанда Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Венгрия құрамасына қарсы ойын өткізеді.
Автор: Сайт әкімшілігі
Кеше, яғни 3 желтоқсан күні кешке уақытта Жаңаөзен қаласында инкассаторға шабуыл жасалды. Бұл туралы МаңғыстауМедиа хабарлады. Ақпаратты банк өкілдері де растады. Олардың айтунша, кешкі сағат 18:40 шамасында «Көктем» ықшамауданында орналасқан «Сбербанк Қазақстан» АҚ еншілес банкінің №2 бөлімшесінде инкассаторға 4 адам пышақпен шабуыл жасаған. Қылмыскерлердің қолында 62 532 542 теңге, 19 696 доллар, 495 450 рубль салынған үш қап пен Kaspi мультикассетасы кеткен. Инкасстор да қарақшылар мінген ақ түсті «Nexia» көлігіне 5 рет оқ атқан. Жаңаөзен қаласының полиция басқармасы «Ұстау» жоспарын жариялады. Болған оқиғаға байланысты құзырлы орган өкілдері әзірге ресми ақпарат таратпады.
Маңғыстау стансасында жолаушының жоғалтқан 4 млн. теңгесі иесіне қайтарылды. Ақша салынған сөмкені желілік полиция қызметкерлері бес күн бойы жедел іздестіру іс-шарасы нәтижесінде тауып берді. Оған дейін сары уайымға түсіп, күні-түні кірпік ілмеген Асқар Жолановтың жұбайы қуанышты хабарды естігенде сақшыларға алғысын жаудырды. Оқиға былай өрбіген: Жолдасы Асқар, Шымкенттегі баспанасын сатып, Маңғыстау өңірінен үй алуды көздейді. Ал ақшаның бір бөлігін баланың еміне жұмсамақ болыпты. Ол таңға жуық Алматы–Маңғыстау пойызынан түскен бойда жүгін перронға жиыстырып, асығып жүргенде қол сөмкені көлікке салуды ұмытып кеткен. Қыруар қаржы салынған сөмкенің жоқтығын үйіне жеткенде байқапты. Бірден желілік полиция бөлімшесіне хабарласып, арыз жазған. Жедел тергеу тобы құрылып, іздестіру…
Мәскеуде коронавирусқа қарсы тегін вакцинаға электронды жазылу басталды. Онда 70 егу орталығы ашылған. Бірінші кезекте тәуекелдің негізгі тобында тұрғандар егіледі. Олар – қалалық, федералды, жеке медициналық ұйымдардың қызметкерлері және білім беру мен әлеуметтік қызмет мамандары. Алға қарай екпе Мәскеу тұрғындарының бәріне де қолжетімді болады. Бесінші желтоқсаннан бастап егу орталықтары таңғы сегізден кешкі сегізге дейін жұмыс істейтін болады. Вакцинациядан өту кезінде міндетті түрде төлқұжат, сақтандыру полисін және тиісті салада немесе ұйымда жұмыспен қамтылғандығын растайтын анықтама болуы керек. Екпеге алғашқы ресейлік «Спутник В» вакцинасы қолданылады. Препаратты жасаушылар оның тиімділігін 95 пайызға бағалап отыр. Өндіріс көлемі жақын арада 2 миллион дозаға жетіп, ресейліктерді…
Еліміздің ең ірі мұнай компанияларының бірі – «Теңізшевройл» биыл алғаш рет келесі жылға арналған егжей-тегжейлі сатып алу жоспарын ашық түрде жариялады. Бұл – қазақстандық мұнай сервисі үшін маңызды оқиға. Мұның бәрі компания басшылығы, облыс әкімдігі және «Petrocouncil» басшылығы арасындағы келіссөздердің нәтижесінде жүзеге асырылды. Еске салсақ, бұған дейінгі алғашқы қадам осы жылдың қаңтарында жасалған еді. Ол кезде компания өнімдердің атауын, атқарылатын жұмыстар мен қызметтер туралы мәліметті толық көрсетпеді. Бірақ отандық кәсіпкерлерге ірі мұнай-газ операторы үшін қандай маңызды қызмет түрлері қажет болатындығы туралы түсінік берген. Ал бұл жолы 2021 жылға және 2022 жылдың І тоқсанына арналған жоспар толықтай жарияланды. Келісім-шарттардың көбі COVID-19-ға…
2 желтоқсаннан бастап Атыраудағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңа 2021–2022 оқу жылына облыстағы жалпы білім беретін мектептердің 6 сынып оқушыларын конкурстық іріктеу негізінде 7 сыныпқа қабылдауға арналған құжаттарды қабылдау науқаны басталды. COVID-19 вирустық инфекциясынан сақтану мақсатында биыл қабылдау коммиссиясының жұмысында өзгерістер бар. Талапкерлердің ата-аналары тиісті құжаттарды жинаған соң, алдымен мектептің www.atr.nis.edu.kz ресми сайтында қабылдау комиссиясына баратын күнді белгілеуі қажет. Бұл келушілердің уақытын үнемдеуге және топ болып жиналуға жол бермеуге мүмкіндік береді. Конкурстық іріктеуге ұсынылатын қажетті құжаттар тізімі мен қабылдау комиссиясына жазылудың тәртібі Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ресми сайтында көрсетілген. Құжаттар 23 қаңтарға дейін қабылданады. Қабылдау комиссиясына келгенде ата-аналар мен…
Пандемия мемлекеттік қызметтер мен халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы цифрландыру жүйесін жақсартуда. Жауапты министрліктің хабарлауынша, осы жылдың соңына дейін онлайн қызметтерді 90 пайызға жеткізу жоспарлаған. Оған жер кадастрының қызметтері де кіреді, яғни, мемлекеттік актілерді алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы жеткілікті. Алайда кей қызметтер оффлайн форматта қала бермек, дейді мамандар. Мысалы, зейнетақы куәлігін алу үшін ХҚО-ға аяқтай барып, қажетті анықтамалар мен құжаттарды тапсыру керек. Рауан РЫСҚАЛИЕВ, Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау басқармасының басшысы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіміне сәйкес, 698 қызметтер болса, оның 633-і электронды үкімет порталы арқылы қолжетімді, 169-ы мемлекеттік коорпорациядан көрсетіледі. Мамандардың сөзінше, көші-қон, шетелдіктерді тіркеу, виза рәсімдеу мен жұмыс…
Өткен аптада Индер ауданындағы мал өліміне қатысты жүргізілген сараптаманың қорытындысы шықты. Жарсуат ауылдық округіне қарасты егістік алқабында 13 бас мал өліп, тағы он шақтысының ауырғаны жұртты елең еткізген еді. Осыған байланысты жергілікті билік тиісті комиссия құрып, мәселені анықтамаққа кірісті. Ол үшін өлген ірі қараның ішкі органдарынан патологиялық материалдар алынып, облыстық малдәрігерлік зертханаға жіберілген. Нәсіпқали АЗҒАЛИЕВ, Индер аудандық ветеринариялық станса директорының міндетін атқарушы Сараптама қорытындысы бойынша, малдардың ішкі құрылысында нитрат алколоидтің қалыпты жағдайда екенін анықтады. Алайда аудандық ветинспекция және ветстанса мамандарымен бірлесіп өлген малдарды ережеге сәйкес сойған кезде ішкі құрылысынан шіріген жуа иісі шығып ас қорыту жүйесінің шамадан тыс салмақ түсуіне…
Атырауда алаяқ әйелдің әрекеті әшкереленді. 28 жастағы тұрғын алдымен Instagram-да жаңа парақша ашып, церебралды сал ауруына шалдыққан үш жасар баланың суретін қояды. Кейін қаржылай көмек сұраған жазба жариялайды. Бір аптаның ішінде оның есепшотына сәбиге қол ұшын созбақ болғандардан жалпы сомасы 37 мың теңге түскен. Ал жалған хабарламаны кездейсоқ байқап қалған баланың анасы дереу полицияға арыз жазады. Нәтижесінде автор табылып, мұндай құйтұрқылыққа 40 мың теңге қарызын өтеу үшін барғанын мойындапты. Гүлназира МҰХТАРОВА, облыстық ПД баспасөз хатшысы Тергеп-тексеру барысында күдікті азаматша аталған соманы өзіне кешірім берген баланың анасына қайтарды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Швеция полициясы өз ұлын 30 жыл бойы қамауда ұстады деп, жергілікті әйелден күдіктеніп отыр. Ер адамның үй қамақта отырғаны 70 жастағы анасының ауырып ауруханаға түскенінен кейін белгілі болған. Оны туысы Сткогольм маңындағы өз пәтерлерінен тауыпты. Денесінде түрлі жарақаты бар 41 жастағы ер адамның бойын үрей билеген. Қазір ол ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. 12 жасында күдікті баланы мектептен алып кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеген. Ал олар тұрған пәтер туысының сипаттамасы бойынша қоқысқа толы болған. Күдіктінің көршісі Біз ол жалғыз тұрады деп ойладық. Сөйлескенде де қасында тағы біреу бар деген ой мүлде болмапты. Бүгінге дейін ол…
