Өңірде соңғы тәулікте 25 адам Covid-19 жұқтырған. Оның 8-і қаладан анықталса, 16-сы Теңіз кен орнынан және 1 адам Индер ауданынан тіркелді. Дертке шалдыққандардың бесеуінде ауру белгілері бар. Бұған дейін эпидемиологтар бір тәуліктегі көрсеткіш отыздан асса, облыс «жасыл» аймақтан шығуы мүмкін деген еді. Денсаулық сақтау басқармасындағылардың хабарлауынша, қазір 120 адам үй жағдайында ем қабылдауда. Ал облыстық инфекциялық стационарда 34 науқас, аудандағы инфекциялық стационарда 7 және Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 86 адам емделіп жатыр.
Автор: Сайт әкімшілігі
22 жыл бұрын салынған Атырау бекіре өсіру зауыты күрделі жөндеуге сұранып тұр. Қазақстанда аты дүркіреген өндірістің ширек ғасырға жуық уақыттан бері техникалық базасы әлі бірде-бір рет жаңартылмаған. Жайыққа жылына 3,5 миллион шабақ жіберетін кешеннің қазіргі күйі мәз емес. Рашиден ҚАЛИДУЛЛИН, Атырау бекіре балық өсіру зауытының директоры Бұл зауыт кезінде асығыстау салынған. Жалпы, Атыраудағы екі зауыт жылына жеті миллион шабақ жіберіп отыр. Екі зауытқа да жөндеу жүргізу керек. Қазақстан үшін жеті миллион аз деп есептейміз. 13,15 миллионға жеткізуіміз керек жылына. Cу айдайтын қондырғымыз бар, трансформатор – бәрін қайтадан жөндеу керек. Бүгінге дейін су айдынына жүз миллионнан астам шабақ жіберілген. Зауытта 200-ден астам…
Италиялық монополияға қарсы реттеуші мекеме америкалық «Apple» компаниясына 10 миллион еуро айыппұл салды. Бәсекелестік және нарықты қорғау басқармасы «Айфон» смартфондарының суға төзімділігі туралы шындыққа жанаспайтын хабарлама таратқандарын айтты. Яғни, «Apple» гаджеттердің күнделікті пайдалануда емес, белгілі бір жағдайда, атап айтқанда арнайы және бақыланатын зертханалық зерттеулер кезінде ғана су өткізбейтінін түсіндірмеген. Сондай-ақ, «Айфон» телефондары сұйықтықтың әсерінен зақымдалған кезде компания кепілдік беруден бас тартқан.
Пандемия кезінде халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы өз-өзіне қызмет көрсету секторлары жабылған еді. Алайда бұл шара коммерциялық ұйымдардың пайда болуына әкеп соқтырды. Тұрғындар әдетте тегін алатын мемлекеттік қызметтер, мәселен, электрондық цифрлық қолтаңбаға қол жеткізу немесе e-gov базасына тіркелу белгілі бір төлем арқылы жүзеге асты. Одан бөлек, санитария талаптары дұрыс сақталмағандықтан вирус жұқтыру қаупі де артты. Сондықтан өз-өзіне қызмет көрсету бұрышының жұмысы қайта жандандырылмақ. Рауан РЫСҚАЛИЕВ, Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау басқармасының басшысы Министрдің тапсырмасына сай, барлық облыста өз-өзіне қызмет көрсету секторлары ашылды. Коммерциялық негіздегі қызметтер бірен-саран болғанмен, қазір олар жоқтың қасы. Арақашықтықты сақтап, қызмет көрсетіп жатырмыз. Барлық санитарлық талаптар сақталған. Қазір…
Жылыойда ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы – елдің тірегі» атты концерттік бағдарлама өтті. Ұлт көшбасшысына айналған кемеңгер тұлғаның елі үшін сіңірген еңбегі осы мерекелік кеште айқын көрініс тапты. Шараға аудан әкімі арнайы қатысып, жылыойлықтарға жүрекжарды құттықтау тілегін жеткізді. Мерекелік іс-шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ардагер-ұстаздар, аурухана қызметкерлері және мемлекеттік қызмет саласының озық мамандары аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Үміт КЕНЖИНА, марапат иегері Еліміздің отыз елдің қатарына енуіне әр қазақстандық өз үлесін қосуда. Бүгінгі салтанатты жиында көп марапат болды. Жастардың Қазақстанға сіңірген еңбегі деп білеміз. Алғысымызды білдеріміз. Әрдайым Қазақстан гүлдене берсін, өрлей берсін. Еліміз тыныш, отбастарымыз аман, жақсылықпенен…
Армяндар тастап кеткен Таулы Қарабаққа жақын орналасқан Лачин ауданына Әзербайжан әскерлері оралды. Бұл – атысты тоқтату туралы үшжақты келісім аясында Әлиев басқаратын мемлекеттің бақылауына өткен соңғы аймақ. Әскерилермен бірге үш он жыл бұрын осы аумақтан кетуге мәжбүр болған қарапайым халық та оралды. Армения халқының көпшілігі Лачин ауданынан кеткенде үйлерін өртеп кеткен. Басқа жерге көшпей осы жерде қаламыз деп шешім қабылдаған армяндықтар да жоқ емес. Олар осы ауданда да тыныш өмір сүре аламыз деп үміттенеді. Ал бұл жағдайларды ресейлік бітімгерлер өз бақылауында ұстап отыр. Әсіресе, Лачин ауданы ерекше назарда. Себебі, Таулы Қарабақты Армениямен байланыстыратын жол дәл осы аудан арқылы өтеді. Келісімге сәйкес,…
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті өз қармағындағы нысанның 1 подъезін республиканың әр өңірінен ат терлетіп келген жас мамандарға арнап, күрделі жөндеуден өткізген. Қонақүй нақышында қайта жасақталған 24 орынның 8-і отбасылы жандарға арналған. Қазірдің өзінде мұнда сырттан келген 10 шақты ғалым мен оқытушы бар. Солардың бірі – Дархан Құралханов. Дархан ҚҰРАЛХАНОВ, С.Өтебаев атындағы АтМГУ басқарма аппаратының жетекшісі Жергілікті университетте білім беру мемлекет үшін құнды іс қылумен пара-пар. Мұнда кадрға деген сұраныс та, жасалуы қажет жұмыс та жетерлік. Менің бұл облысқа, елге деген көмегім өзімнің шетелде, өзге қалаларда жүріп жинақтаған біліміммен бөлісу деп санаймын. Жоғарғы оқу орнының мәртебесін арттырып,…
Ақтауда кәмелетке толмаған балалар құрылысы аяқталмаған ғимараттың үстіне шығып, хоккей ойнаған. Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге тарады. 15-шағынаудандағы ғимараттардың бірінде болған хоккей полиция қызметкерлері барған соң ғана біткен. Мән-жайды анықтай келе, тәртіп сақшылары олардың 9 және 14 жасар балалар екенін білді. Қазір олардың ата-аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жағдайдың қауіпті екені ескертілді. Облыста бірнеше күннен бері қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болғаны балаларға қызық тауып бергенмен, олар түрлі қауіптің де бар екенін ұмытпау керек.
Биыл Атырау облысындағы тұрақтандыру қоры сатып алған көкөністер былтырғыдан екі есе аз. Қазір мұнда 605 тонна өнім бар: 114 тонна қырыққабат, 361 тонна картоп, 79 тонна пияз және 49 тонна сәбіз. Көкөністер желтоқсан айынан бастап қаладағы төрт базарда сатылады. Қырыққабаттың бір келісі – 92 теңге, картоп – 100, пияз – 81, ал сәбіздің келісін 91 теңгеге алуға болады. Мамандар осы жылғы өнім көлемінің аздығын былай деп түсіндірді. Гүлмира МЕҢДІҒАЛИЕВА, «Атырау» ӘКК АҚ департамент басшысы Соңғы жылдары нарықта көкөністер тапшылығы байқалмайды және қыста бағалар тұрақты болып қала бермек. Біз ауылшаруашылық өнімдерін сату процесін талдап, нарыққа ену үшін 605 тонна жеткілікті деген…
Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Жаңаөзенде іссапармен болды. Ол жылына 3 600 тонна қант шығаратын зауыттың ашылуына қатысты. Бұл туралы МаңғыстауМедиа хабарлады. Зауыт облыстағы сұраныстың 30% қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, аймақ басшысы мұнайлы қаладағы медициналық мекемелерді аралап, оң өзгерістерге тоқталды. Серікбай ТРҰМОВ, Маңғыстау облысының әкімі Мемлекет басшысы айтқандай, жаз айларындағы жағдай бәрімізге үлкен сынақ әрі сабақ болуы тиіс. Сондықтан аталған салаға барынша қолдау көрсетіп, жағдай жасау – басты мақсатымыз. Мемлекеттік бағдарлама бойынша провизорлық орталық толық жөндеуден өткен. Сондай-ақ, жедел жәрдем стансасы жаңа көліктермен толықты. Екі бірдей медорталық дәл бүгін өз жұмысын бастаса, тағы бір жаңа жекеменшік емхана ашылды.…
