Бүгін Ұлыбританияда коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинация басталды. Екпені алғашқы болып тәуекел тобындағы адамдар алады.
Олар – медициналық-әлеуметтік қызметкерлер және егде жастағы адамдар. Солардың бірі, 91 жастағы зейнеткер Маргарет Кинан екпенің оң нәтиже беретініне сенімді.
Маргарет Кинан, зейнеткер
Вакцинадан қорықпаңыздар. Тегін екпе жасатып өзіңізді аурудан қорғаңыз. Елде болған оқиғалардан кейін бұл біз үшін ең жақсы жаңалық болды. Мен де екпе жасаттым және ол сіздің де қолыңыздан келеді. Егер эпидемияның біткенін қаласаңыз, одан қорғану мен алдын алу шараларын қолға алу керек.
Қазір Ұлыбритания қарт адамдар арасындағы коронавирус дертінен көз жұмғандар санынан алғашқы орында тұр.