Атырауда электронды қызметтерді ұсынатын орталық ашылды. Мұннан кез келген құжатқа 15 минутта қол жеткізуге болады.
Электронды үкімет порталынан қызметтердің 90 процентін онлайн алуға болады. Алайда жұрт бұл жүйеге жиі жүгіне бермейді. Одан бөлек, ХҚКО-ғы кезекке астана уақытымен тіркелу де ыңғайсыздық туғызып жатады. Ал электронды қызмет көрсету орталығындағы қызметтер әлдеқайда ыңғайлы. Сотталмағандығы жөніндегі анықтаманы айтпағанда, басқаның барлығы 15 минутта-ақ шешіледі. Ал алтын уақытты үнемдеу үшін қызметкерлер құжатты поштаңызға жіберуге дайын.
Азиза АМАНҒАЛИЕВА, орталық қызметкері
Қазіргі клиенттердің көбі асығыс. Кей анықтама кез келген адамға шыға бермейді. Сондықтан клиенттің уақытын үнемдеу үшін алдын ала дайындап қоямыз немесе оның поштасына жібере аламыз. Кейде құжаттарымды демалыс күнге дайындап бер деп өтініш жасайтындар болады. Сол үшін демалыс күндері жұмысқа шығамыз.
Қызметкерлер демалыс күндері де еңбек етуге дайын. Ал жұмыс күндері ертеңгілік 9-дан кешкі жетіге дейін қызмет жасайды. Қарапайым анықтамалар 1500 тг болса, жеке кәсіпті тіркеу немесе басқа да құжаттар 5000 теңгеден.