Атырау облысындағы республикалық маңызы бар барлық жол 2024 жылға дейін ақылы болмақ. Бұл жөнінде «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасай отырып «Тенгриньюс» сайты хабарлады. Жүйені кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған. Бірінші болып, яғни, келесі жылы ақылы негізге Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы автожолы өтеді. Ал төрт жылдан кейін Атырау – Орал, Атырау – Доссор – Мақат – Қандыағаш – Ақтөбе және Атырау – Астрахан жолдарымен қатынау үшін ақша төлеуге тура келеді. Жалпы, «ҚазАвтоЖол» компаниясы басшысының айтуынша, төрт жылдан кейін еліміздегі барлық жолдың жартысына жуығы ақылы болады.
Автор: Сайт әкімшілігі
Ақтауда күзгі маусымда 320 ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Көшет отырғызылатын аумақтың жалпы көлемі – 960 метр. Жапырақты және қылқан жапырақты көшеттер егілмек. Ақтауда ағаш отырғызу қыркүйек айының ортасынан қарашаның ортасына дейін жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, алдағы уақытта 7 мың шаршы метр көгал егу де жоспарда тұр. Жалпы, Ақтауда 67 мыңға жуық ағаш бар. 2019 жылы қала аумағында 1 150 дана ағаш, 3 000 дана раушангүл, 12 000 дана бұта, 218 000 дана біржылдық гүл отырғызылды. Қалаға осы жылы тек 5 мың шаршы метр көгал егілді, орталық көшелерге біржылдық гүлдер мен раушангүлдер отырғызылды. Ғалымжан СЕРІКБАЕВ, «Қала жолдары» ЖШС басшысы: Шашырата суару…
Атырау облысында Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қашаған кен орнының газын өңдейтін зауыт салынады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Қашаған газ өңдеу зауытының құрылыс жобасы шикі газды жағудың және кері айдаудың орнына оны қайта өңдеудің ұлттық бағдарламасы аясында іске асырылады. Жаңа зауыт жылына 1 млрд. текше метрге дейін газ өңдейтін болады. Сондай-ақ, бұл Қашаған кен орнында мұнай өндіруді 12 млн. тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Газ өңдеу зауытының құрылысын ҚР Үкіметі бекітіп, оған инвестор ретінде «GPC Investment» ЖШС компаниясы тартылған. Бұдан басқа жобаны іске асыру үшін жетекші отандық және шетелдік мамандар тартылады. Жобаны қаржыландыру инвестордың өз есебінен және қаржы институттарының қаражатын тарту есебінен…
Өткен тәулікте республика бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 263 жағдайы және 3 өлім тіркелді. Оған қоса, 72 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бері барлығы 30 337 адам ауру жұқтырып, 335 өлім жағдайы тіркелді. Ал жазылып шыққандардың саны 26 478-ге жетті. Соңғы тәуліктің есебінше, Атырауда 7 науқас тіркелді. Ал Маңғыстауда әдеттегідей аурудың жаңа дерегі анықталмады.
Елдегі саяси алаңдағы жаңашылдық – праймеризді өткізу жұмыстары жер-жерде қарқынды жүргізіліп жатыр. Индерде әйелдер тарапынан ерекше белсенділік байқалады. Аудан бойынша қатысуға ниет білдірген 50 адамның 16-сы – қыз-келіншек. Ал жас ерекшелігіне келер болсақ, 35 жасқа дейін 13, 36-50 жас аралығында 19, 50 жастан жоғары 18 кандидат бар. Қоғамның әр саласынан шыққан үміткерлер әлеуметтік желі арқылы бағдарламасын ұсынып, көптің қолдауына ие болғысы келеді. Олардың атқарған жұмыстарына орай әр алуан пікір айтылса, енді бірі жерлестеріне сәттілік тілеп жатыр. 18 қыркүйекте аудандық мәдениет үйінде өтетін алғашқы пікір-сайыс кәсіпкер, дәрігер, колледж директоры және аудандық, облыстық мәслихат депутаттарының арасында өрбиді. Қай-қайсысы да болашақта түрлі деңгейдегі…
Пандемия құрбандарының саны 1 млн-ға жуықтады. Біріккен Ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш коронавирусқа қатысты жағдайды бақылауда ұстау мүмкін болмай отырғанын мәлімдеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездескен ол халықты індетпен бірге күресуге шақырды. Баспасөз мәслихатында вакцина мәселесі де қозғалды. Көпшіліктің коронавирусқа қарсы екпеге үміт артып отырғанын атап өткен Гутерриш бір ғана вакцинаның бұл дағдарыстың шешімі бола алмайтынын да айтып қалды. Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бас экономисі Лоуренс Бун 2021 жылдың соңында коронавирус пандемиясының әлемдік экономикаға тигізер залалы 7 триллион долларға жететінін айтты.
Махамбет ауданынан 40 шақырым қашықтықтағы Қоржын көлінің тереңдігі 1 жарым метрді құрайды. Мұнда кәсіби балықшылықпен айналысуға рұқсат жоқ. Дегенмен 5 келіге дейін балық аулауға ешкім тыйым салмайды. Су айдыны балық үшін қауіпті саналады. Жайық суының деңгейі төмен түсіп кеткендігі себепті тасқынмен келген тіршілік иелері мекеніне кері орала алмауда. Бекен СҰПЫҒАЛИЕВ, Махамбет ауданы балық қорғау инспекциясы бөлімінің бас маманы: Биыл жаз мезгілінде 1 миллионнан көп уақ шабақ Жайық өзеніне жіберілді. Су бөлініп қалғаннан кейін көлдерде балық қалып қояды. Оқшауланып қойған балық үшін судың гидрохимиялық режимнің өзгеруіне байланысты қауіп болады. Шабақтарды құтқару жұмыстары алты тоғанда жүргізіліп жатыр. Карантинге дейін оған еріктілер де…
«Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында маңғыстаулық медицина қызметкерлеріне көмек көрсетілді. Нақтырақ айтқанда, өңірге 10 оттегі концентраторы және 40 пульсоксиметр жеткізілді. Сондай-ақ, облысқа «Shevrolet Damas» маркалы 4 жедел жәрдем көлігі берілді. Сәкен МЫРЗАҚҰЛОВ, Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары: Біз аймақтағы медициналық мекемелерді қолдап жатқан барлық ұйымдар мен ел қамын ойлаған жандарға алғыс айтамыз. Карантиннің алғашқы кезінде біз қиындықтарға тап болдық. Қазір де екінші толқынға дайындалып жатырмыз. Біздің ынтымақтастығымыз өз жалғасын табатынына сенімдімін.
Жыл басынан бері Атырау қаласы аумағында патрульдік полиция қызметкерлері алкогольді ішімдік ішіп алып автокөлік басқарған 432 жүргізушіні ұстады. Оның 385-іне ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталған. Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен бұл жүргізушілер 15–20 тәулікке қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Қыркүйек айының алғашқы екі аптасының өзінде 30 мас жүргізуші ұсталды. Олардың 24-іне ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша хаттама толтырылып, 15 тәулікке қамаққа алынды. Тексеру кезінде 6 азаматтың бұдан бұрын жүргізуші құқығынан айырылғаны анықталып, оларға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша тергеу жүргізілуде.
Грекия билігі босқындардың Лесбос аралындағы Мория лагерін өртеп жіберді деген күдікпен алты адамды ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Ұсталғандар — Ауғанстан азаматтары, екеуі кәмелеттік жасқа толмаған. Өрттен кейін олар құрлықтық Грекияға эвакуацияланды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Лесбостағы мигранттарға арналған жаңа лагерьдің құрылысын көру үшін Еуропалық Одақ төрағасы Шарль Мишель арнайы барды. Төраға Еуроодақтың Грекиядағы мигранттар проблемасын шешуге мүдделі екенін айтып, оны ортақ еуропалық проблема деп атады. Сейсенбі күні Лесбостағы ең ірі қала Митилиниде солшыл партиялар мен кәсіподақтардың ұйымдастыруымен демонстрация өткен. Шерушілер қоныс аударушылар Еуропа елдеріне тұрақтап, жаңа өмір бастауға мүмкіндік алуы тиіс деп санайды.
