Автор: Сайт әкімшілігі

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандағы кәсіпкерлердің қатысуымен жиын өтті. Бұл туралы аудандық әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланды. Жиынға Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік палатасының директоры Мұстапаев Рашид Тұранұлы, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік палатасы жанындағы өңірлік кеңестің төрағасы Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы, аудан әкімі Әбілов Бейнеубек Көңілімқосұлы, аудан әкімінің орынбасары Теміров Жалғас Сайпадинұлы, аудандық әкімдіктің дербес бөлім басшылары, кәсіпкерлік палатасының аудандық филиал қызметкерлері, ауыл әкімдері мен кәсіпкерлер қатысты. Еділ Терекбайұлы «Атамекен» ҰКП-ның VII Съезінің шешімдерімен таныстырып, өңірдегі кәсіпкерлер жөнінде және алдағы ұсыныстарды айтып өтті. Аудандағы шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар бойынша Бейнеубек Көңілімқосұлы атап өтті. Сонымен қатар…

Read More

1980 жылы қолданысқа берілген Жаңаөзендегі «Мұнайшы» мәдениет үйі 2001–2002 жылдары реконструкциядан өтті. 2019–2025 жылдарға жоспарланған Жаңаөзен қаласының әлеуметтік даму бағдарламасы аясында «ӨзенМұнайГаз» АҚ демеушілігімен биыл сәуір айынан бастап «KazPetroCon» ЖШС компаниясы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы МаңғыстауМедиа сайты Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жаңаөзендегі алғашқы өнер ордасы биыл жөндеуден өтіп, қазірде халық қолданысына беруге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, мұнда жас таланттардың өсіп жетілуі мен шығармашылық дамуы үшін барлық жағдай қарастырылған. Құрылыс нысанында бастапқыда 48 адам жұмыс істеді. Ғимараттың қасбеті толықтай жаңартылып, сыртқы аула бөлігіне дейін жөндеуден өтті. Үлкен сахна залына жаңа заманауи үлгідегі декоративті жабындар қапталып,…

Read More

Жалпы құны екі жарым миллиард теңгеге салынған жүн өңдеу және тоқыма өндіру зауыты құрдымға кетудің аз-ақ алдында. Кәсіпорынның батыс аймақтағы қой мен түйе жүнін өңдеп, тоқыма өнімдерін шығарумен айналысып келе жатқанына бес жыл болды. Индустриалдық бағдарлама аясында цехтың тең жартысы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның еншісінде, яғни 1 млрд. 600 млн. теңгесі мемлекеттен бөлінген. Бірақ еш тапсырыс болмағандықтан жеңіл өнеркәсіптің тынысы тарылып, мамандар жұмысын тастап кетіп жатыр. Өңірімізге келетін елордалық шенеуніктердің алдында ауыз толтырып көрсететін кәсіпорын қазір қаңырап бос қалған. Марат ҚАППАРОВ, «Атырау» ӘКК департамент директоры Жүн табыстайтын мекемелер аз. Сонымен қатар, пандемияға қарсы олардың да жұмыстары тоқтап қалып жатыр, жұмысшылары азайған. Шетелдік…

Read More

Атырау халқы тек Жайықтың суын тұтынады. Ал аталған су қоймасы ашық болғандықтан түрлі жағдайға тап болады. Күні кеше болған Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жағдай мен «Атырау Су Арнасының» хлоры жоғары мөлшердегі суды ағызуы – соның бір ғана мысалы. Ол аздай өзен таязданып бара жатқандықтан облыс баламалы су көздеріне мұқтаж. Едіге САБЫРОВ, гидрогеолог Су кодексінің 90 бабы, 2 тармағында халықты сумен қамтамасыз ету үшін жер асты көздерінің болуы көрсетілген. Өкінішке орай, бізде ол жоқ. Бақандай 300 000 халықтың су алатын жері жоқ. Біз заң талаптарын орындамай, халыққа қауіп төндіреміз. Қаладан бірнеше сағат қашықтықта ауыз су көзі ретінде пайдалануға болатын кен орындары…

Read More

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданының кәсіпкерлерінде шешімін таппаған мәселе көп. Ауыл іскерлері инфрақұрылымға қаржылай көмек көрсетіліп, жаңа жұмыс орындарының ашылғанын қалайды. Аудан орталығының бизнесмендері карантин талаптарын жеңілдетуді сұрады. Олардың айтуынша, тойханалардың толықтай жабылып, дәмханалардың уақытын кешкі сағат онға дейін шектелуі жағдайды одан бетер қиындатқан. Алтынғали НОҒАЕВ, кәсіпкер Уақыт – кәсіпкер үшін қып-қызыл ақша. Сондықтан сағаттық шектеу қою қателік. Оның үстіне, аудандарды Нұр-Сұлтан, Ақтау сияқты мыңдаған адам келіп-кететін, турисі көп қаламен салыстыруға болмайды. Бізде жұмыс жоқ. Халықтың табысы азайып кетті. Ауыл іскерлерімен кездескен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылығы оларды толғандырып жүрген мәселелермен жіті танысты. Енді бұл проблемалар палатада жеке қарастырылмақ. Әрі қарай орталық…

Read More

АҚШ-та президенттік сайлауда берілген дауыстарды санау жалғасуда. Джорджия, Невада, Пенсильвания және Солтүстік Каролина штаттарындағы шиеленіс әлі де басылмаған. Көптеген штатта сайлау күні өткеннен кейін де пошта арқылы келіп түскен бюллетеньдерді қабылдауға рұқсат берілген. Бір ғана шарт хат 3 қараша күні жіберілген болуы керек. Сол себепті, дауыс санау процесі ұзаққа созылуы мүмкін. Джо Байденнің штаб-пәтері дауыс саны белгілі болған штаттардағы нәтиже бойынша оның жеңіске жақын екеніне сенімді. Алайда, Дональд Трамптың командасы Демократиялық партияның бақылауындағы сайлау комиссиялары дауыс беру нәтижесін бұрмалады деп күдіктенуде. Олардың айтуынша жергілікті сайлау комиссиялары Трамп тарапынан келген бақылаушыларды дауыс санауға жібермей, сол штатта тұрмайтын және қайтыс болған адамдар…

Read More

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер атыраулықтардың көңілін көншітпей тұр. Қазір органдардың жұмысы арнайы порталдар арқылы көрсетілсе де, мәселесін аяқтай келіп шешетіндер баршылық. Тұрғындардың сөзіне сенсек, мамандардың қызмет көрсетуі тым ұзаққа созылады. Мұндай шағымды қалалық құрылыс және ТКШ бөліміне келгендер айтты. Мемлекеттік орындардағы олқылықтар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жанынан құрылған ведомствоаралық комиссияның мониторингілеуі барысында анықталды. Мамандардың сапасыз қызметінен бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі де айтылды. Жұмабек ЖАРЫЛҒАПОВ, ведомствоаралық комиссияның мүшесі Мониторинг аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасалмағаны анықталды. Арыз, шағым тастайтын жәшіктің арнайы мөрі және құлпы болмағаны да белгілі болды. Пандусқа қатысты мәселелер қарастырылып жатыр. Басшыларының айтуынша, мекеме жаңа ғимаратқа ауысатын…

Read More

Ембіде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы бойынша ең ұзын горизонталды ұңғыма бұрғыланды. Бұл туралы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады. «Ембімұнайгаз» АҚ-да соңғы жылдары кен алаңдарында горизонталды ұңғымаларды бұрғылау технологиясын қосу белсенді жүргізілуде. Бұл – Ембі өңірінің байырғы кен алаңдарында қалған қорды игеруге мүмкіндік беретін әдіс. Қайрат КӨЗОВ, «Ембімұнайгаз» АҚ Кен орындарын игеру жөніндегі басқарушы директоры Горизонталды ұңғымаларды бұрғылау технологиясы өзінің тиімділігімен вертикалды ұңғымаларды алмастыруға мүмкіндік береді және қоршаған ортаға тасталар зиянды қалдықтардың көлемі азаяды. Сондай-ақ, бұл әдіс игерілуі қиын кен орындарының өнім беру мерзімін ұзартады. Өткен 2 жылда горизонталды ұңғымаларды бұрғылау әдісі өзінің тиімділігін дәлелдеді. Олардың өнімділігі вертикалды ұңғымаларға қарағанда…

Read More

Бала кезінен қолөнерге бейім Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының тұрғыны, жас кәсіпкер Ахат Избасханов қазіргі уақытта өзінің қызығушылығын кәсіпке айналдырып отыр.  Ол нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 200 АЕК көлемінде мемлекеттік грант ұтып алды. Бүгінде кәсібін дөңгелеткен Ахат сурет салып, тапсырыстар қабылдайды. Оның қолынан шыққан түрлі өнім көпшіліктің сұранысына ие. Ахат ИЗБАСХАНОВ, қолөнерші Бүгінде шеберханамда ағаш өнеріне қызығушылық танытқан жасөспірімдерге бар білгенінімді үйретіп жүрмін. Алдағы уақытта шеберхананы үлкейту жоспарымда бар. Қазір ағаш өнімдерін жасайтын 2 құрылғым бар. Енді 4 аппарат алуды көздеп отырмын. Бір айдағы табысым 100 мың теңгеге дейін жетеді.

Read More

Атырауда ТМД елдерінен әкелініп, тіркеуден өтпеген көлік иелерінің мекен-жайы белгісіз. Осы себепті, олар жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлеуден жалтарып кетіп жатады. Жақында аймақта автокөліктердің сақтандыру полисіне қатысты жедел профилактикалық шара басталды. Мақсаты – міндетті сақтандыру шартын жасамаған көліктерді анықтау. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, шараның алғашқы күні тіркеуден өтпеген, міндетті сақтандыру жасаспаған 12 көлік анықталды. Бәрінің мемлекеттік белгісі – шетелдік. Тексеру барысында олардың біріне 34 рет жылдамдығын асырғаны үшін 500 мың теңге айыппұл салынғаны анықталды. Көлік иелеріне ӘҚБтК-нің 230-бабымен хаттамалар жасақталып, автокөліктер арнайы тұраққа қойылды. Жедел профилактикалық шара әлі жалғасуда.

Read More