Автор: Сайт әкімшілігі

Атырауда ажырасу айтарлықтай азайған. Биылғы он айдағы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 40 процентке төмен. Нақтырақ айтсақ, қала бойынша былтыр неке бұзу туралы мың жарымға жуық арыз түссе, осы жылы 900 шаңырақта «ыдыс-аяқ сылдырлаған». Атырау қалалық сотының сөзінше, әлі де болса шағым түсіргендердің басым бөлігі ымыраға келмей, ажырасып тынатын көрінеді. Жасұлан ЖАҚСЫЛЫҚ, Атырау қалалық сотының төрағасы Жоғары Соттың бастамасымен некені сақтап қалу үшін үлкен іс-шаралар атқарылып жатыр. Отбасылық сотта 3 судья жұмыс істейді, биыл татуластыру орталығы ашылды. «Шаңырақ-2008» АҚ-дан 2 психолог бөлінді. Болмашыдан басталған нәрсе түсінбеушілікке ұласып жатады. Олардың ашық сөйлесуі үшін алаң керек. Медиаторларымыз жақсы жұмыс істеп жатыр. Елдің болашағы…

Read More

Индер ауданында «Атырау-Ақпарат» ЖШС серіктестігінің басшысы, сондай-ақ, «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінің бас редакторлары қатысқан кездесуде айтылды. Медиахолдинг директоры оқырманның басты құндылық екенін жеткізіп, онлайн жазылудың тиімділігіне тоқталды. Ысқақ ЕГЕМБЕРДИЕВ, «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Бүгінгі таңда «Атырау-Ақпаратқа» қарасты жеті аудандық, екі облыстық газет бар. Тың жобалар да басталып жатыр. Жаңа жылдан бастап онлайн  жазылу қолға алынады. Онлайн жазылудың артықшылығы кез-келген оқырман интернеті бар жерде отырып онлайн жазыла алады. Әрине, оның бағасы қолжетімді болмақ. Бір айға – 150 теңге. Сіз қалаған айыңызға жазыла аласыз. Оған белгілі бір шектеу жоқ. Өңірдегі аға басылымдардың редакторлары шығармашылық ұжымдардың бүгінгі тыныс-тіршілігін, сондай-ақ, болашақ жоспарлармен таныстырды. Медиа-серіктестіктің…

Read More

Республикалық маңызы бар Атырау-Астрахан тас жолында жол-көлік оқиғалары азайған. Биылғы апатты жағдайлар саны былтырғымен салыстырғанда 4 есеге төмен. Қазір күре жолда түбегейлі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тәртіп сақшыларының сөзінше, қайғылы оқиғаға ауыр жүк көліктері де душар болады. Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Биыл жыл басынан Атырау–Астрахан тасжолында болған екі жол-көлік оқиғасынан 1 адам қаза тауып, 8 адам жарақат алды. Олардың біріне ауыр жүк көлігінің қатысы болған. Қауіп-қатерге толы жолдың ойқы-шойқы шұңқырларынан мезі болған жүргізушілер мен жүк тасымалдау компаниясының өкілдері  жөндеу жұмыстарының аяқталуын асыға күтіп жүр. Растям АЖГЕЛЬДЕЕВ, жүк тасымалы компаниясының басшысы Жол күйі нашар болғандығы себепті қолайсыздық өте көп.…

Read More

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Австрия астанасындағы террорлық шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Бұл туралы содырлар өз интернет порталдарында хабарлаған. Шабуыл нәтижесінде 4 адам қаза тауып, 20-дан астамы жарақат алды. Сейсенбі күні Вена орталығындағы террорлық шабуыл құрбандарын еске алу мақсатында бір минуттық үнсіздік жарияланды. Ар сәрсенбіден бастап елде үш күндік ұлттық аза тұту басталады. Ел билігі діни және ұлттық төзімсіздікке жол бермеуге шақырды. Себастьян Курц, Австрия канцлері Біз бұл христиандар мен мұсылмандар арасындағы немесе автриялықтар мен мигранттар арасындағы қарама-қайшылық емес екенін түсінуіміз керек. Бұл бостандыққа сенетіндер мен соғысты қалайтындар арасындағы күрес. Бұл өркениет пен жабайылық арасындағы күрес. Біз ел болып…

Read More

Маңғыстау облыстық ауруханасының В блогында ем қабылдап жатқан 24 науқас, Ақтауда қаласындағы 1А шағынауданында орналасқан жаңа модульдік стационарға ауыстырылды. Бұдан былай Covid-19 және пневмония диагнозы қойылған науқастар осында ем-дом қабылдайтын болады. Инфекциялық бөлімшеде жаңа заманға сай жасанды тыныс алу аппараттары, оттегі стансасы, биофильтрмен ағынды-сорғылы желдету жүйесі, арнайы көліктерді өңдеу және зарарсыздандыру стансасы бар. Ақхалаттылар тұрғындарды әлеуметтік арақашықтықты сақтауға және бетперде тағып жүруді естен шығармауға шақырады. Қазір жағдай тұрақты болғанымен, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал бір сәтте тұрақсыз болып кетуі ғажап емес. Еске сала кетейік, жаңа модульдік стационар 200 науқасқа шақталған. Бұған дейін кадрлық резерв және мамандардың біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылған болатын.

Read More

Ақтауда заңсыз тұрғын үй құрылысы көбейіп кетті. Жауапсыз мердігерлер үлескерлерді алдап, арзан үйдің жарнамасымен ел-жұртты қызықтырып жүр. Бұған тоқтау болмаса, әлі талай тұрғынның сан соғып қалуы ғажап емес. Қала басшысы БАҚ өкілдерімен  күрмеуі көп құрылыс нысандарын аралап, сенімсіз мердігерлерді атап өтті. Көпшілікті ақпараттандыру үшін олар «Гауһар тас», «Самғау» және «Айсар» тұрғын үй кешендерінен пәтер алмауға кеңес берді. Бекнұр БӘЛИҰЛЫ, Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Тиісті құжаттары рәсімделмеген, жобалық-сметалық құжаттамасы және сараптамасы және құрылысты бастау туралы хабарлама бермей жүзеге асырған. Осы бойынша ҚР ӘҚК сәйкес шара қолданылады. Халықтың аңғалдығын пайдаланып арзан бағамен қызықтырады. Сол себепті, ақша салмас бұрын…

Read More

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №421 Жарлығымен Атырау қаласы бойынша 7 ана «Алтын алқа» және 45 ана «Күміс алқамен» марапатталды. Аналарға мемлекеттік наградаларды қала әкімінің орынбасары Емберген Самат табыстаған. Сондай-ақ, марапат Алмалы, Қайыршақты, Еркінқала, Ақсай, Кеңөзек ауылдық округтерінде тұратын аналарға да табысталды.

Read More

Кеше құтқарушылар үй қирандыларынан 4 жасар Айда Гезгин есімді қыз баланы алып шықты. Ол нәр татпастан 4 күн бойы үйінді астында жатқан. Іздеушілер оның даусын «тыныштық сағаты» кезінде естіген. Измирдегі зілзала құрбандарының саны 114-ке жетті. Бұл туралы Түркия Үкіметі мәлімдеді. Жалпы, жер сілкінісі салдарынан 20 шақты ғимарат толығымен қирап, тағы бірнешеуі зақымданған. Қазіргі таңда іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда. 1 000-нан аса адам ауруханаға жеткізілді. Оның 150-ге жуығы ауыр халде. Көптеген адам баспанасынан айырылды. Олар үшін саябақтар мен стадиондарда уақытша лагерьлер жасақталды. Жергілікті басқарма өкілдерінің берген ақпаратына сүйенсек, зілзаладан кейін 1 713 атфершок тіркелген.

Read More

IIІ тоқсаннан бастап «Әліппе» мен «Ана тілі» сынақтан өткізілмек. Білім саласына жауаптылардың айтуынша, әзірге пилоттық мектептер анықталуда. Қос оқулықтың да жаңа нұсқасы дайын. Осыған дейін мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндер «Сауат ашуды» оқып келген еді. Бірақ ұстаздар оның тым күрделі болғанын айтады. Эльмира ИСМҰХАНОВА, бастауыш сынып мұғалімі «Әліппе» оқулығында оқушыларға буындап оқитын сөздер мен шағын мәтіндер көп берілген еді. Ал «Сауат ашу» пәнінде терең мағынаны білдіретін мәтіндер берілді. Бірақ балалар оны оқитын деңгейде болмайды. Енді өзі оқып, өзі түсінетін мәтіндер көп болса деген ұсыныс білдіргіміз келді. «Әліппе» де, «Ана тілі» де келесі оқу жылынан бастап ресми түрде бағдарламаға енгізіледі. Айта…

Read More

Ызғарлы күнде суық үйді паналағандар жылу мәселесінің шешімін таба алар емес. Балықшы ықшамауданындағы көпқабатты үйдің тұрғындары орталық жылыту жүйесіне қосылғалы бері көңілдері күпті болып жүр. Ал әкімдіктегілер бұл жайттан бейхабар еместігін жеткізіп, арнайы тексеріс жүргізілгенін айтады. Темірлан ӘУБӘКІРОВ, қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Олардың кей пәтерішілік жылу құбырлары ауыстырылмағандықтан жылу айналым жүйесі бұзылғандығын анықталды. Пәтер иелеріне айтып түсіндірілді. Сонымен қатар, аталған үй – иесіз үй санатында. Кешегі тексеріс қорытындысы бойынша арнайы аппараттар мен үйге дейінгі жылудың қалыпты деңгейде келіп тұрғаны анықталды. 70 пәтерлі үйдің проблемасы мұнымен таусылмайды. Күрделі жөндеуден өткен нысанды ешбір копператив алуға құлықсыз. Тұрғындар оның себебін үй жағдайының…

Read More