Автор: Сайт әкімшілігі

Қойнауы мұнай мен газға толы 10 жер учаскесі алғаш рет онлайн-аукцион арқылы саудаланбақ. Бұл аумақтардың басым бөлігі – Атырау облысында, ал қалғаны көршілес өңірлерге тиесілі. Бір қызығы, жерді ел азаматтарынан бөлек шетелдік кәсіпкерлер де иемдене алады. Жалпы, ауданы 29 мың шаршы шақырым болатын аумақты алуға 30 шақты адам ниетті. Олар қол қою бонусына 400 млн теңге көлемінде қаражат беріп үлгерген. Заңнамаға сәйкес, барлау және өндіруге арналған келісім шарттар 6 жылға дейін, ал өндіруге арналғандары 25 жылға дейін беріледі. Асылбек ЖӘКИЕВ, «Атамекен» ҚР ҰКП-ның ресми өкілі Аукционды 23 желтоқсанда өткізетін жоспар бар. Оның бізге пайдасы зор. Геология саласындағы дағдарысты қалыпқа келтіретін…

Read More

Атырауда «Денсаулық фестивалі» өтті. «Қайсар» клубында ұйымдастырылған шарада 8–11 жас аралығындағы каратешілер бақ сынады. Оларға сақтық үшін маскалар мен түсіндірме қағаздар таратылды. Бәйгеде оза шапқан жас каратистер өздерінің қуаныштарын жеткізді. Солардың бірі – Наргиз Рахметова. Наргиз РАХМЕТОВА, спортшы Бірінші орын алғаныма ерекше қуанып тұрмын. Осындай шаралар тоқтатылмай, жиі ұйымдастырылса екен. Шара соңында қатысушылар диплом және медальмен марапатталды.  Ұйымдастырушылар естелік сыйлықтар ұсынып, жаттықтырушыларды да назардан тыс қалдырмай, алғысхаттар табыс етті. Айта кетейік, спорттық дода әлі жалғасады.

Read More

Атырау облысында коронавирус індеті келгелі бері 12 мыңға жуық нәресте өмірге келген. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 538-ге жоғары. 2020 жылдың 1 наурызынан бастап, облыста 11 794 ана босанған. Яғни, тәулік бойынша орташа есеппен 25 ана аяқ-қолын бауырына алды деген сөз. Коронавирус пандемиясы кезінде облыстық перинаталдық орталық жанынан 30 кереуеттік, Атырау қалалық перзентхана жанынан 8 кереуеттік провизорлық стационар жасақталған еді. КВИ анықталған әйелдер аталған стационарларда босанды. Алайда олардың балаларының ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталған жоқ.

Read More

Маңғыстау облысында теңіз жаяу әскерінің 600 сарбазы запасқа шығарылып, Ақтау гарнизоны әскери бөлімінің бірінде мерзімді қызметтегі сарбаздардың жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі өтті. Бұл туралы гарнизонның баспасөз қызметіне сілтеме жасап МаңғыстауМедиа хабарлады. Жыл бойы әскери қызметшілер әскери мамандықтарын игеріп, жауынгерлік даярлықта үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Оның ішінде «Бекет – 2020» оқу-жаттығуында да жауынгерлік машықты жоғары деңгейде көрсетті. Ардагерлер мен құрметті қонақтардың қатысуымен өткен шарада қызметке адалдығы, оқу-жауынгерлік міндеттерді сапалы орындағаны үшін бірқатар әскери қызметші алғысхатпен марапатталды. Сондай-ақ, оларға қызметтік өмірден естелік фотоальбомдар мен кәдесыйлар табысталды. Бақтияр НҰРМҰХАШ, батальон командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, аға лейтенант Біз бір жыл ішінде…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев «Солтүстік экономикалық ынтымақтастық – 2020» халықаралық форумында бейнеүндеу жасады. «COVID-19-дан кейінгі жаһандық өзгерістер және солтүстік экономикалық ынтымақтастықтың келешегі» тақырыбындағы шара бүгін Сеул қаласында басталды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мун Чжэ Ин бастамашы болған және соңғы үш жылдың ішінде өзінің өзектілігі мен өміршеңдігін дәлелдеген «Жаңа Солтүстік саясат» стратегиясын жоғары бағалап, Оңтүстік Корея басшысының өркендеген, өзара байланысы мығым және тұрақты Еуразия құру көреген идеясын құптады. Қазақстан Президентінің пікірінше, қазіргідей әлем коронавирус пандемиясының теңдессіз тегеуріндеріне тап болған кезде саяси жігер мен экономикалық сана синергиясы ерекше мәнге ие. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы…

Read More

Чернобыль атом электр станциясындағы апат – өткен ғасырдың ұмытылмас оқиғасы. Оның зардабын жоюға мыңдаған қазақстандық та қатысты. Осыған орай, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильиннің бұйрығымен бір топ атыраулық азамат «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Оны облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов тапсырды. Марапатталғандар қатарында апат кезінде жанқиярлық қимыл көрсеткен Рысбай Ахметов, Петр Бакиров, Мақсұт Бекбергенов, Серік Мырзағалиев, Қапизолла Мусин, Серік Сүлейменов, Хасан Қараманов бар. Сондай-ақ, көпшілікке Чернобыль апатын жоюға қатысушыларға арналған ескерткіштің жобалық сұлбасы таныстырылды.

Read More

«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы шағын және орта бизнес кәсіпкерліктері үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Бұл туралы Өңірлік қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Мұқанбетжан Көбеген мәлім етті, – деп хабарлайды МаңғыстауМедиа. Оның айтуынша, кәсіпкерлерге өз бизнесін ашуға немесе кеңейтуге 20 млн теңгеге дейін микронесие беріледі. Мұқанбетжан КӨБЕГЕН, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Атап айтар болсақ, инвестициялық мақсаттар үшін 3 жылға 20 млн, айналым қаражатын алу үшін 2 жылға 5 млн теңгені құрайды. Жалпы, «Даму» қорының тарапынан берілетін кепілдік – 85 %, қалған 15%-ы екінші деңгейлі банк арқылы өтеледі.…

Read More

Атырау облысындағы тергеу изоляторында отырған сотталғандар Абай өлеңдерін жатқа оқу сайысына қатысты. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады. 28 қазан күні Атырау облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай шығармашылық байқау өтті. Тергеу изоляторының шаруашылық қызметіне қалдырылған 11 сотталған қатысқан шараға мекеме қызметкерлерінен бөлек, «Шапағат» қоғамдық қорының өкілдері төрелік етті. Эльвира САУҒАБАЕВА, УГ-157/1 мекемесінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының аға инспекторы Ұлы Абайдың өлеңдері арқылы сотталған азаматтардың бойына көптеген жақсы қасиеттерді сіңіріп, олардың тезірек түзелуіне жол ашамыз. Өйткені Абайдың әр өлеңі адам бойындағы игі қасиеттерді дәріптейді. Екі бөлімнен тұрған шараның…

Read More

Пандемия қытығына тиіп, кәсібінен береке кеткендердің бірі – атыраулық Бауыржан Көбеев. Карантин салдарынан салығын уақытында төлей алмағандықтан дүние-мүлкіне шектеу қойылып, зардабын әлі күнге дейін тартып келеді. Қызығы, кәсіпкер қарызын екі апта бұрын өтеп, шектеудің жойылғаны жөнінде анықтама алған. Алайда электронды жүйеге ешқандай өзгеріс енгізілмепті. Соның кесірінен жеке мүлкін сата алмай, әуре-сарсаңға түсіп жүр.  Бауыржан КӨБЕЕВ, кәсіпкер Салық департаменті тек өздері қойған шектеуді алып тастай алатынын айтты. Әділет департаментіне барғанда да сол әңгіме. Енді сол қағазбен салық органына қайтып келдім, олар маған базаның жұмыс жасамай тұрғаның айтпады. Мен барлық қажет органдарга қоңырау шалсам да, бәрі күту керектігін айтады. Ал қанша күтетінім…

Read More

Маңғыстауда 29 қазандағы жағдайға сәйкес I–II деңгейлі инфекциялық стационарларда 69 адам ем қабылдап жатыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 69 науқастың ішінде жетеуінің коронавирусқа тапсырған сынамасы ауру екенін көрсеткен. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде 8 науқас жатыр. Оның 6-ның жағдайы ауыр, тағы 2 науқас өте ауыр хәлде деп бағалануда. Біреуі тыныс алу аппаратына қосылған. Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулары себеп болып отыр. Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 33 пайызға жетті. Облыс көлемінде 215 инфекциялық І–ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны – 43. Анықтамасыз шетелден келген ҚР азаматтары мен…

Read More