Атырау мұнай өңдеу зауыты қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Мұнайлы өңірдің экологтары осылай деп дабыл қағуда. Олардың сөзінше, зауыт нормативтен тыс зиянды қалдық шығарған.
Нақтырақ айтсақ, биологиялық тазалау қондырғысынан шыққан ақауға байланысты мұнай аралас су далаға жайылды. Апатты жағдайға байланысты мекеме май аралас суды арнайы полигонға жіберуге мәжбүр болыпты. Қазір техникалық ақау қалпына келтірілу үстінде. Ал табиғатқа келтірілген залал мен болған жағдайдың себебін экологтардан құрылған арнайы комиссия анықтамақ.
Әлібек БЕКМҰХАМЕДОВ, Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы
Біз лаборатория мамандарын шұғыл түрде шақыртып, судан сынама алдық. Қазір жұмыс жүргізіліп жатыр. Нәтижесі үш күн ішінде нәтижесі белгілі болады. Экология кодексіне сәйкес, табиғат пайдаланушылар осындай оқиға жағдайларында екі сағат ішінде хабарлау керек еді. Бірақ бізге хабарлама түспеді. Осыған байланысты барлық деректі анықтап жатырмыз.