Мақат аудандық ауруханасына берілген жылжымалы медициналық кешен орталықтан 60 шақырым қашықтықтағы Ескене және Таскескен бекеттеріне барды. Білікті қызметкерлер тұрғындарға дәрігерлік кеңес беріп, денсаулық жағдайына байланысты айтқан шағымдарына қарай тексеру жүргізді. Топ құрамында хирург, терапевт, лор, лаборант, гинеколог, узи, тіс, көз дәрігерлері және басқа да ауру түрлерін қарайтын мамандар бар. Тамаша мүмкіндікті пайдаланған ауыл тұрғындары кезек-кезегімен дәрігерлердің қабылдауында болып, ем-шараларын алды. Компьютерлік құралдармен жабдықталған көлік үстіндегі көшпелі медициналық кешен алдағы уақытта да алыс ауылдарға жиі барып тұрмақ.
Автор: Сайт әкімшілігі
Францияда пандемияға қарамастан Канн фестивалі ашылды. Бес айға кешіккен шара қысқартылған форматта өтіп жатыр. «Люмьер» байқау залында 4 толықметражды, 11 қысқаметражды фильм және әлемдік киномектептердің 17 жұмысы көрсетілетін болады. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды. Биылғы байқау алғаш рет төрағасыз өтіп жатыр. Фестиваль француз режиссері Эммануэль Куркольдің «Триумф» фильмімен ашылды. Бұл түрмеде «драмалық өнер» сабағынан дәріс беретін әйгілі актер туралы комедия. Басты рөлде Кэд Мерад ойнаған. Сондай-ақ, Сан-Себастьянда өткен фестивальде ең жақсы фильм мен режиссура үшін сыйлық алған Деи Кулумбегашвилидің «Начало» картинасы да көрсетілмек. Шара қорытындысы 3 күннен кейін белгілі болады.
Атырау облысында 26 қазаннан бастап республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Шараның бірінші күні өңірдің полиция қызметкерлері 11 қылмысты әшкереледі. Олардың екеуі – бұрын жасалған қылмыстар. Ашылған қылмыстың екеуі – ұрлық, үшеуі – алаяқтық және басқалар. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары 800-ден астам әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Олардың басым бөлігін жасаған – көлік жүргізушілері. Атап айтқанда, автокөлік жүргізушілерінің 500-і жылдамдықты арттырған, 100-і қауіпсіздік белдігін тақпаған, ал 12 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізген. Сонымен қатар, спирттік ішімдік ішкен және қоғамдық орындарда мас күйінде жүру бойынша 90 факті, 45 ұсақ бұзақылық, алкоголь өнімдерін сатуға байланысты екі құқықбұзушылық тіркелді. «102» кезекші пультіне тым шулы көршілері туралы 31…
23 қазаннан бастап АМӨЗ ЖШС жанында орналасқан LED-экранда зауыттың санитарлық-қорғау аймағы шекарасындағы бақыланатын төрт нүктеден түсетін атмосфералық ауаның жай-күйі туралы деректер сағат сайын жарияланып келеді. Бақылау тәулік бойы автоматты түрде жүзеге асырылады. Ауадағы ластаушы заттар күкіртсутегі, көміртегі оксиді, азот оксиді, күкіртті ангидрид және көмірсутектердің көрсеткіштері бойынша нақтыланып отырады. Сондай-ақ, стансаларда желдің бағыты мен жылдамдығы, ауа температурасы, атмосфералық қысым және салыстырмалы ылғалдылық сынды метеорологиялық сипаттамалар анықталуда. Автоматты стансалардың деректері «Wincollect» ақпарат жинау мен өңдеу бағдарламасымен «Қазгидромет» РМК-ның FTP-серверіне жіберіледі.
Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бес оқушысы халықаралық «MINIBOSS» бизнес-мектебінің білім грантына ие болды. 1 жыл тегін білім алатын дарынды балалардың төл жобасын жасауға және олардың еңбегін нарыққа шығаруға Қазақстан мен Ұлыбританияның бизнесте жүрген жетекші мамандары қолдау көрсетпек. Лилиана ХЕГАЙ, бизнес-мектептің директоры Соңғы үш жыл бойы «MINIBOSS» Қазақстандағы жастардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыруда. Ал Атырауда биыл жұмысын бастаған орталық өңірдегі жас өнертапшықтардың бастамаларын қолдауға ниетті. Алғашқыларының қатарында Назарбаев Зияткерлік мектебінің бес оқушысы бар. Олар мектепшілік конкурстарда көзге түскен және әлеуметтік осал отбасыдан шыққан балалар. Көп жағдайда дарынды балалардың тырнақалды бастамалары қаржылық қолдаудың тапшылығынан аяқсыз қалады. Ал «MINIBOSS» бизнес-мектебі оқушылардың өз идеясын толық…
Коронавирус жұқтырғандарға арналған инфекциялық аурухананың құрылысы аяқталуға жақын. Басы даудан арылмаған орталықта медициналық жабдықтардың басқасынан бәрі дайын. Ғимаратта әкімшілік, диагностикалық, ота жасау және жан сақтау бөлімі қарастырылған. Ауруханада қос орындық 56, 3 орындық 16 және бір орындық 6 палата болмақ. Оған сәйкес, әр бөлмеден сыртқа шығатын мүмкіндік бар. Ал медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін желдету жүйесі орнатылған. Құрылыс жұмысы толық аяқталғаннан кейін жергілікті басқарма медициналық жабдықтармен қамтамасыз етпек. Қуаныш УРАШОВ, құрылыс компаниясының өкілі Келісім-шарт жасасқанда медициналық жабдықтар көрсетілмеді. Олар қосымша жабдық ретінде келеді. Ал бұл жергілікті биліктің құзыретіне кіреді. Олар жаңадан сатып алуы немесе қолданыстағы құралдарды пайдалана беру мүмкін. Облыстық денсаулық…
Түркия президенті Режеп Ердоған отандастарын француз тауарларын сатып алмауға шақырды. Бұған Францияның Исламға қарсы ұстанымы себеп болды, – деп хабарлайды Азаттық радиосы. Соңғы күндерде екі елдің арасы осы мәселеге байланысты ушығып кетті. «Франция түрік белгісімен шыққан тауарды алмаңдар» деді. Ал мен біздің ел азаматтарына француз өнімдерін сатып алмаңыздар деген өтініш айтамын» деді Ердоған өз сөзінде. Бұл шиеленіс 17 қазанда Самюэль Пати есімді мұғалімнің қазасынан кейін басталды. Сөз бостандығы тақырыбында өткен сабақта мұғалім пайғамбардың карикатурасын көрсеткен. Ол әлеуметтік желілерге де тарап үлгерген. Көп ұзамай ресейлік қылмыскер ұстаздың басын кесіп алды. Бұл оқиғаға қатысты пікір білдірген Франция президенті әртүрлі тақырыптағы карикатураларынан бас…
Маңғыстау облысында 17 тамыздан бастап 24 мониторинг тобы жұмыс атқарып жатыр. Нәтижесінде, барлығы 645 рейд жүргізіліп, 1 009 нысан тексерілді. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығындағы брифингке келген Маңғыстау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуевтің сөзіне сілтеме жасап МаңғыстауМедиа хабарлады. Рейд барысында 108 нысанда заңбұзушылық анықталып, 57 (12 жеке кәсіпкер, 44 жеке тұлға, 1 заңды тұлға) 6 миллион теңгеге жуық айыппұлды қамтитын әкімшілік хаттама толтырылды. Алдағы уақытта карантин талаптарын екінші қайтара бұзған тойхана, мейрамхана иелерінің кәсібі біржола жабылу мүмкін. Осыған байланысты Ведомствоаралық комиссия отырысында карантин арнайы заң жобасын әзірлеу туралы бастама көтерілді. Оған кей өңірлерде…
Қала мектептеріне 326 компьютер таратылады. Қашықтан оқып жатқан балаларды облыстық білім басқармасы тағы жүздеген техникамен қамтамасыз етуде. Осыдан 1 ай бұрын облыстық білім басқармасы жергілікті қазынаның қаражатына 2 000-ға жуық планшет таратқан еді. Алайда 2 апта уақыт өтпей жатып 200-ге жуығынан ақау табылып, ата-аналардан арыз түсті. Бағдат МҰРАТБЕКОВ, жеткізіп беруші мекеме өкілі Қазіргі таңда әкеліп берген компьютеріміз баланың онлайн сабақ оқуына толық мүмкіндік береді. Барлығы да жоғары сапалы. Жүйелік блогына 3 жылға дейін, қалған бөліктеріне 1 жылдық кепілдік бар. Техниканы қабылдап, сапасын тексеруге қалалық білім бөлімі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері қатысты. Олардың айтуынша, техникадан ақау шықса, тендерді ұтып…
Енді судья сот актілерінің шешімін жариялағаннан кейін халыққа қарапайым тілмен жеткізуі тиіс. Бұл жаңашылдық Атырау облысының судьялар қауымдастығы өткізген жиында сөз болды. Әдетте сот шешімі ресми тілде хабарланып, термин сөзден төгіліп тұратындықтан көбі жіті түсінбей жатады. Бұл туралы қалалық соттың төрағасы айтты. Жасұлан ЖАҚСЫЛЫҚ, Атырау қалалық сотының төрағасы Қазір сот актілерін шығарған кезде судья шешімді жарияланғаннан кейін халыққа түсінікті тілмен айту керек. Өйткені, халық көп жағдайда түсіне бермейді, ресми тілді білмейді, термин сөздерді ұқпау мүмкін. Жиында судьялар мен сот қызметкерлерінің кәсіби тәртіпті қатаң сақтауы және өз білімін үнемі жетілдіріп тұру қажеттігі айтылды. Шарада қызметкерлерге Алғысхаттар табысталып, қалалық сотқа екі судья…
