Тойханалардың тоқырауы кәсіпкерлердің төзімін тауысты. Сегіз айдан бері шығынға батқан олар құны жарты миллион теңге болатын жылыту жүйесін өтей алмай әлек. Бұлай жалғаса берсе, ғимарат сыз тартып, құбырлар жарылып кетуі әбден мүмкін. Жығылғанға жұдырық болғандай, тойға алдын ала төлем жасап қойғандар ақшасын сұрап алқымнан алып жатқан көрінеді. Кәсібі тығырыққа тірелгендер тым болмаса аз-мұз адамға той жасауға рұқсат сұрайды. Облыс әкімдігінің алдына жиналған қауымды жауаптылар ішке енгізді. Күйінген көпшілік кафе, кинотеатр секілді нысандарға қарағанда санитария талаптарын сақтауға мейрамхананың аумағы көбірек мүмкіндік береді деп реніш білдірді. Бірақ мәселе жақын арада шешіле қоймайтын сыңайлы. Қанат ҒАЙНЕДЕНОВ, Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Дәл қазіргі…
Автор: Сайт әкімшілігі
Соңғы уақытта психологиялық тұрғыда дайын болмауы себепті емізуден бас тартатын ана көбейіп келеді. Алайда мамандар мұның сәбидің иммунитетіне зиян келтіретінін айтады. Себебі, ана сүті – ең дұрыс, әрі пайдалы тағам. Жалпы, дүкен сөрелерінде ана сүтін алмастыратын өнімдердің самсап тұратынына сенген кей аналар емізуден бас тартып жатады. Осыған байланысты жүкті келіншектердің қатысуымен Махамбет аудандық орталық ауруханасында «Ана сүтінің маңызы» тақырыбында түсіндірме жұмысы өтті. Шарада емізудің ережелері, артықшылықтары мен кей тұстағы қиындықтар туралы сөз қозғалып, кенестер берілді. Бақтылы МОЛДАШЕВА, СӨСҚО Махамбет ауданындағы үйлестірушісі Бүгінгі шарамыздың негізгі мақсаты – жас аналарға балаларын дұрыс қоректендіруге үйрету. Уызына жарымаған баланың көптігі көңілге кірбің салады. Сондықтан…
Атырауда коронавирустан қаза болған 14 дәрігердің отбасы 10 млн теңге көлемінде төлемақы алды. Одан бөлек, комиссия шешімімен қауіпті дертке шалдыққан 774 ақхалаттыға екі млн. теңгеден берілді. Осыған дейін вирус жұқтырып, жол апатынан жан тәсілім еткен кардиологиялық орталықтың дәрігеріне тиесілі қаржы да марқұмның жақындарына жіберілмек. Асхан БАЙДУӘЛИЕВ, Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Үстемақы алмаған азаматтар да үлкен жұмыс жасады, зор құлшыныспен індетке қарсы тұрды. Өкінішке қарай, құжаттары сәйкес келмеген еді. Дегенмен қазір жергілікті, мәслихатқа ұсыныс беріп жатырмыз. Сомасы мен қанша маманға төленетінін комиссия шешеді. Осымен елде медицина қызметкерлерінен төлемақы алу жөніндегі өтінімдерді қабылдау тоқтатылды. Енді оларға әкімдік, медициналық ұйым немесе…
Атырау облысы ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі жағынан республикада ең төменгі сатыда тұр. Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасының 11 сынып оқушыларына ұйымдастырған семинарында айтылды. Мамандардың айтуынша, оған негізгі себептердің бірі – атыраулық шәкірттердің ақылы негізде оқығысы келетіндігінде. Дидар СМАҒҰЛОВ, Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Менің түсінгенім бойынша, Атырау қаласында тұратын ата-аналар үшін 500–600 мың теңге төлеу қиын болмау мүмкін. Бірақ басқа аудандарда оның көп ақша екенін білеміз. Жалпы, атыраулықтардың баласын ақылы оқуға түсіруден қашпайтынын ұққандаймыз. Ата-аналармен сөйлескенде бір білгенім осы. Дегенмен бұл мұнайлы өңірде тұратындардың бәрі бай деген сөз емес. Тағы бір себеп – мектептердегі оқыту деңгейінің төмендігінде. Сарапшылар осыдан 10…
Биылдың өзінде жемқорлар мемлекетке 20,8 млрд. теңге шығын келтірді. Бұл туралы ranking.kz сайты хабарлады. 2020 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қайшы қылмыстық істерден 20.8 млрд. теңге залал келіп, оның мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 34.4%-ға артқан. 20,8 млрд. теңгенің 68,8%-ы немесе 14,3 млрд. теңгесі – жұмысына жүрдім-бардым қарайтын қызметкерлердің зияны болса, пара алғандар 1.9 млрд. теңге шығын келтірген. Бұл көрсеткіш өткен тоғыз ай ішінде 46,2 есеге көбейген. 2020 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында ел бойынша сыбайлас жемқорлық пен мемлекеттік мүддеге қарсы 1,7 қылмыс тіркелген. Осы істердің 1,1 мыңы пара алуға қатысты болды. Оның ішінде 603 адам…
Отағасынан ерте айырылып, мүмкіндігі шектеулі ұлын бағып отырған дендерлік Болған Ғаббасова – баспана тауқыметін тартып келгендердің бірі. Өткен ғасырдың бел ортасында салынған ескі үй тұруға мүлдем жарамсыз. Ал жаңа үйді қалауға жалғысбасты ананың жағдайы жетпейді. Мемлекеттік жәрдемақының күшімен ғана күнелтіп отырған жанұяның жанайқайына дендерлік еріктілер бей-жай қарай алмады. Жомарттықты жаны сүйгендер бастамаға қолдау көрсетіп, мүмкіндіктеріне қарай қаржылай үлес қосты. Оған Атырау облыстық «Иманғали» мешіті де қолдау білдірді. Ойда жоқта жанға жайлы үйге қол жеткізген отбасының елге айтар алғысы шексіз. Болған ҒАББАСОВА, тұрғын Бүгін баспанаға қол жеткізіп, үлкен қуанышқа кенеліп жатырмыз. Бұл – біріншіден, Алланың қалауы, екіншіден халқымыздың, қайырымды жандардың арқасы. Алғысым…
Ақтауда бір топ адам жекеменшік құрылыс компаниясына алданғанын айтып шу шығарды. Сан соққандар жаңа шағын ауданда салынып жатқан тұрғын үйге көптеп-көлемдеп қаржы салған. Үлескерлерді «жарнасын төлесең, баспаналы боласың» деп сендіріпті. Бірі сегіз жүз мыңдап салса, тағы бірі 6 миллион теңгеге дейін қолма-қол санап берген. Алданып, сергелдеңге түскен салымшылардың бірі – Сахан Әспентаев. Айтуынша, оның пәтерін бес адамға сатып жіберген. Сахан ӘСПЕНТАЕВ, үлескер Менің 3 бөлмелі пәтерімді 5 адамға сатқан. Міне, менде қолымда екі адамның құжат көшірмелері тұр. Қызым иесі атанған тағы екі адамның құжаттарын суретке түсіріп алған. Өз басым осы үйге 6 млн теңге салдым. Маған ақшамды қайтарып берсін. Әзірге…
Жолсеріктің жылыту қазандығы орналасқан қуысқа жасырған есірткісін қызметтік ит тауып алды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті хабарлады. Тәртіп сақшылары қыркүйек айында «Қарасора – 2020» және «Транзит» жедел-профилактикалық іс-шараларын ұйымдастырып, Бейнеу стансасында тұрған пойыздан түйіншекке оралған есірткіні тәркіледі. Тексеру барысында оның Маңғыстау–Бейнеу–Маңғыстау жолаушылар пойызының жолсерігіне тиесілі екені анықталды. Жылыту қазандығы орналасқан жерге жасырынған затты Робби есімді иісшіл ит тауып алған. Бейнеу аудандық сотының шешімі бойынша жолсерікке 30 АЕК көлемінде, яғни 83 340 теңге айыппұл салынды.
1 қазандағы дерек бойынша 10,9 мың қазақ тарихи Отанына табан тіреген. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 68,3 мың этникалық қазақ оралған. Осы жылы Қазақстанға келген оралмандардың жартысынан көбі, яғни 56,9%-ы Қытайдан, 27,7%-ы Өзбекстаннан, 9,1%-ы Түрікменстаннан, 3,4%-ы Моңғолиядан және 2,9%-ы басқа елдерден келген. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (53,1%) және Маңғыстау (13,2%) облыстарына, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан (4,1%) және Шымкент (3,3%) қалаларына қоныстанды. Солардың ішінде 57,2%-ы еңбекке қабілетті қоныс аударушылар болса, балалардың үлес салмағы – 32,5% және зейнеткерлер – 10,3%.
Өткен тәулікте Республика бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 26 жағдайы және 1 өлім тіркелді. Оған қоса, 71 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бері ауырғандардың жалпы саны 36 921 болса, 394 өлім дерегі тіркелді. Жазылып шыққандардың саны 28 531 жетті. Соңғы тәуліктің есебі бойынша Атырау облысында 3, Маңғыстау облысында 1 науқас тіркелді. Сондай-ақ, Қазақстанда өткен тәулікте 140 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды www.coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 23 Алматы қаласы – 15 Ақмола облысы – 14 Ақтөбе облысы – 4 Алматы облысы – 8 Атырау облысы – 3 Шығыс Қазақстан облысы – 25 Жамбыл облысы – 3…
