1 қазандағы дерек бойынша 10,9 мың қазақ тарихи Отанына табан тіреген. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 68,3 мың этникалық қазақ оралған.
Осы жылы Қазақстанға келген оралмандардың жартысынан көбі, яғни 56,9%-ы Қытайдан, 27,7%-ы Өзбекстаннан, 9,1%-ы Түрікменстаннан, 3,4%-ы Моңғолиядан және 2,9%-ы басқа елдерден келген.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (53,1%) және Маңғыстау (13,2%) облыстарына, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан (4,1%) және Шымкент (3,3%) қалаларына қоныстанды. Солардың ішінде 57,2%-ы еңбекке қабілетті қоныс аударушылар болса, балалардың үлес салмағы – 32,5% және зейнеткерлер – 10,3%.