Енді жақынының қайтыс болғаны туралы анықтаманы ХҚКО-на бармай-ақ, үйден алуға болады. Сондай-ақ, тұрғындар EgovMobile қосымшасы арқылы өздерінің жер учаскерлеріне қатысты мәліметтерді де біле алады. Мамандандырылған ХҚКО-ға кезекке тапсырыс беруге немесе қайта брондау үшін ұялы телефоныңызда аталған қосымша болса жеткілікті. Көліктің мемлекеттік нөмірі мен тіркеу туралы куәлікке де үйде отырып қол жеткізуге болады.
Мейрамгүл КЕУЕЛОВА, Атырау қалалық ХҚКО бөлім басшысы
Халық кез-келген өзіне жақын жерде орналасқан ХҚКО бөлімдеріне, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО бөлімдеріне брон жасауға болады. Ол үшін арнайы тетіктерді теру арқылы өздерінің ЖСН-дерін теру арқылы, сондай-ақ өзіне ыңғайлы күн мен уақытын таңдау арқылы брон және қайта брон жасауға болады.+ 00:42 eGov электронды үкімет порталының ішінде қазақстандықтардың туыстары қайтқан азаматтарға қайтқан туралы анықтама алу қажет. Ол үшін қайтқан азаматтың ЖСН-нің теру арқылы қол жеткізуге болады.
Карантинге байланысты егде тартқандар мен мүгедек жандарға арналған кей қызметтер бұрынғыдан да қолайлы бола түскен.
Мейрамгүл КЕУЕЛОВА, Атырау қалалық ХҚКО бөлім басшысы
Біздерде арнайы жеңілдіктер терезесі қарастырылған.+02:47 Мүмкіндігі шектеулі азаматтар барғо топтарына бөлмейміз 1-2 -3 деп, бәрі түгелдей, сондай-ақ бала жастан мүгедек бала бағып отырған ата-аналарға біз эцқ-ны, керек болған анықтамаларын, сондай-ақ топ мүгедектері бар азаматтарға эцқ-ны алу үшін 1414 кал центрге телефон шалу арқылы кез-келген мемлекеттік қызмет түрін тапсырыс беруге болады.Сондай-ақ эцқ-ны тапсырыс берсе, ХҚК мамандары үйлеріне барып, мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
Бұдан былай зейнеткерлер үйден шықпай жеке куәлік пен төлқұжатты рәсімдеуге өтініш бере алады, аталған қызметтер – тегін. Әйтсе де қалған қызметтерді алу үшін аяқтай келу міндетті болып қала бермек.