Өзі мың құбылған қаулыға тағы да өзгеріс енгізілді. 26-қазаннан бастап кинотеатрлардың жұмысы жанданады. Кинозалдар күшейтілген санитария талаптарын сақтай отырып, демалыссыз қызмет көрсетпек. Ал келушілерге бетперде тағып отыру міндеттеледі. Сондай-ақ, залдың сыйымдылығын 30 проценттен асыруға болмайды. Тағы бір жаңалық — сауда ойын-сауық орталықтары мен жабық базарлар сенбі күні кешкі 5-ке дейін жұмыс істейді. Бірақ жексенбі және мереке күндері бұрынғыша жабық күйінде қала бермек.