Жыл басынан бері облыста құжаты жоқ 60 шақты адам тіркелген. Еске салайық, олқылықты жою мақсатында қыркүйекте «Кеңес кезеңінен бері құжаттандырылмаған немесе ешқандай құжаты жоқ азаматтарға арналған түсіндірме жұмыстары» акциясы басталған еді. Науқан келесі жылдың 1 мамырына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында тұрғындарға заңгерлер тарапынан тегін кеңес беріліп, рәсімделу жолдары түсіндіріледі.
Денис ДЖИВАГА, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы директорының орынбасары:
Көбі ірі көлемдегі айыппұлдан қорқады. Егер олардың құжаты жоқ болса, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының заңгерлеріне жүгіне алады. Біздің қызметкерлер толықтай тегін негізде қызмет көрсетеді. Ал өзге елдің азаматы болса, елшілікпен байланысқа шығамыз. Кей жағдайда айыппұлды төлеп беруге жәрдемдесіп те жатамыз.