Жануарларға жасалған жауыздық тыйылмай тұр. Итін айырмен өлтіргені үшін атыраулық тұрғын көршісінің үстінен арыз берген. Ал айыпталушы болса, төбеттің бірнеше рет балаларына шабуыл жасағанын және иесінің әрекетсіздігі қитығына тигенін айтады. Сол себепті, азамат ашу үстінде осындай әрекетке барған.
Сандра ЕРАЧИНА, иттің иесі:
Біз оның «Итіңе айыр тығып өлтіреміз!» деген сөзін алыстан естіген едік. Кейін оның аулаға баса-көктеп кіргенін көрдік. Біз айғайлап та, жылап та тоқтатуын өтіндік. Бұл уақытта ол жануарға бірнеше рет соққы беріп үлгерді.
Анатолий ЕРАЧИН, иттің иесі:
0:27 Ол айырды қолына ұстаған күйі бөтен үйдің ауласына рұқсатсыз кіріп, үйшігінде жатқан итті еш шімірікпестен өлтіре салды. Осындай жауыздыққа барған адамға мейлінше қатаң жаза қолдану керек деп ойлаймын. Өйткені, оның осы әрекетін тағы қайталамасына кепілдік жоқ. Қамамай, неге босатып жібергенін түсіне алар емеспін.
Иелері иттің 4 жасар сәбиді қауып алмақ түгіл, қасына да жақындамағанын жеткізді. Оған бейнебақылауға ілінген кадрлар дәлел болады екен. Дегенмен көрші үйдегілер керісінше мысал айтады. Осы уақытқа дейін бірнеше рет адамға шапқан итті шынжырлап қоюға шықарғанмен, иелері ыңғай танытпаған.
Мейрамгүл, қала тұрғыны:
Келесі күні тәртіп сақшылары келді, барлығымыз далаға шықтық. Күйеуім келді де, одан итін алып кетуін сұрады. Ал Анатолий болған оқиғаны мойындамастан, өзімізге дүрсе қоя берді. Оған ашуланған отағасы итті өлтіріп тынды. Өзі «осы әрекетім үшін түрмеге қамалсам да, балаларымның алдында басымды тік ұстаймын» деп отыр.
Екі тарап та өздерін ақтап әлек. Иттің иесі көршісін жазалау керек деген ойдан танбаса, екінші жақ басқа жол қалмағанын айтады. Ал кімнің ақ, кімнің қара екенін тергеу барысында анықталады. Қазір бұл іске кинолог, мал дәрігері және криминалистер тартылған.