«Сарайшық» коммуналдық базары биыл ашылмауы мүмкін. Жаздың соңғы айында Мәденов көшесіне жүргізілетін жөндеуге байланысты сауда орнының 17 тамызда ашылу мүмкіндігі жоққа шығарылды.
Ал оның жабық тұруына себеп болған жол жоспар бойынша 14 метрге дейін кеңейеді, жарыққа арналған 121 баған мен 4 аялдама тұрғызылады. Жауаптылар қайта жаңғырту жұмыстарының жыл соңында аяқталатынын айтады. Алайда күзгі жауын-шашын мен қарлы ауа райының келе жатқанын ескерсек, тасжолдың биыл қолданысқа берілуі екіталай. Соған сәйкес, атыраулықтар үшін «Сарайшық» коммуналдық базарына бару да әзірге мүмкін емес.
Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА, Атырау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы
Біздің жоспар бойынша жол осы жылдың аяғына дейін аяқталуы тиіс. Қайта жаңғыртудың бір ерекшелігі – бұрын жолдың ені 2 жолақты болса, енді ол 4-ке дейін көбейеді. Ең бастысы, тротуарлар екі жақтан да болады. Көлік қозғалысы үшін бірнеше аялдама орнатылады. Заманауи талапқа сай көшеге айналады.