«Нұр-Отан» партиясының Исатай аудандық филиалы партияішілік сайлау аясында жария пікірсайыс өткізді.
Аудандық мәдениет үйінде өткен дебатқа қатысқан бес үміткер өздерін таныстырып, сайлауалды жоспарларымен бөлісті. Жалпы, «Нұр-Отан» партиясының Исатай аудандық филиалынан кадрлық резервке жиырма тоғыз үміткер тіркелген.
Екі кезеңнен тұратын дебатта бой көрсеткен үміткерлердің бірі – шетелде білім алып жүрген Ақерке Жиенғазиева. Ол ауыл жастарын әлем тілдерін меңгеруге шақырып қана қоймай, шекара сыртында қандай білім алуға болатынын насихаттамақ.
Екінші кезеңде үміткерлер өзара сұрақ-жауап алмасып, бағдарламадағы жұмыстарды қалай атқаратыны жөнінде баяндады.