Автор: Сайт әкімшілігі

Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабар таратты. Президентке қайта құрылған министрліктің құрылымы, басқа мемлекеттік органдардан өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы кейбір функцияларды, мемлекеттік материалдық қорды беру үдерісі, сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің құрамына кірген әскери бөлімшелерді ауыстыру жұмыстары туралы баяндалды. Юрий Ильин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік қызметінің 25 жылдығы қарсаңында, аталған құрылымды қайта қалпына келтіргені үшін мекеме қызметкерлерінің атынан алғыс білдірді. Мемлекет басшысына осы жылдың 8 айындағы төтенше жағдайлардың, табиғи және техногендік апаттардың, сондай-ақ, осындай жағдайларда қаза болғандар санының азайғаны туралы да ақпарат берілді. Кездесу қорытындысы…

Read More

Атырау қаласындағы уақытша ұстау изоляторында неке қию рәсімі өтті. Екі жастың үйлену тойына жиналғандар әдеттегіден аз болса да, мерекелік торт пен неке сақина шараның шырайын келтіріп тұр. Күйеу жігіттің сөзінше, жарымен таныстығы бір жыл бұрын басталған. Темір тордың ішінде отырып жасаған ұсынысты келіншегі бірден қабыл алыпты. Оның үстіне жас отбасы алдағы уақытта жаңа адаммен толықпақшы. Қалыңдық күйеуін тосатынын жеткізсе, күйеу жігіт онымен қалай танысқанын айтып, ағынан жарылды. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, бұл түрмедегі алғашқы той емес. Себебі, үйленуге ешкім тыйым салмаған, бірақ карантинде түскен өтініштер бұрынғыдан аз. Айгүл ЖАЛМАҒАМБЕТОВА, УГ157/1 бастығының орынбасары: Мекемеде мұндай шаралар жиі өтеді. Алдымен АХАЖ-ға өтініш тастау…

Read More

Атырауда еріктілерді аймақтық үйлестіру орталығы ашылды. Басты мақсат – волонтерлік брендті қалыптастырып, еріктілер қозғалысын танымал ету. Орталық – «Қазақстан Еріктілер лигасының» авторлық жобасы. Оның мүшелері «Өлкем», «Отбасым», «Қазынам», «Жігерім», «Құлыным», «Табысым», «Шабытым» және «Күш-қуатым» атты 8 бағытта жұмыс істейді. Бұдан бөлек, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен тың бастамаларға арнап грант ұсынылып отыр. Меруерт ШӘКІРОВА, «Ашық жүрек» еріктілерді үйлестіру орталығының аймақтық директоры: Біздің есігіміз көптеген жобаға ашық. Біз 300 мың теңгеге шағын гранттарды ұсынған едік. Қазір сайтымыз жұмыс жасап тұр. Әр бастамашыл топ, басқа да ұйымдар Атырау облысында жүзеге асырғысы келетін жобалары болса, бізге ұсынып, грантқа ие бола алады.…

Read More

Израиль Біріккен Араб әмірліктері және Бахрейнмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады. Араб мемлекеттері ондаған жылдар бойы Израильді мойындамай келген. Осы уақытқа дейін еврей мемлекетімен тек Мысыр мен Иордания ғана дипломатиялық қарым-қатынаста болатын. Алайда соңғы жылдары Израиль мен Парсы шығанағындағы патшалықтар Иранға төтеп беру бағытында жақындаса бастады. Бұған АҚШ әкімшілігі үлкен үлес қосты. Дональд Трамптың Израиль премьер-министрі және Парсы шығанағындағы мемлекет басшыларымен қарым-қатынасы жақсы екені белгілі. Ақ үй басшысы жақын арада тағы да 5 араб мемлекеті Израильмен келісімге келетінін мәлімдеді. Қол қою салтанатына шақырылған қонақтар арасында Оман және Судан өкілдері болған. Олардың да еврей мемлекетімен арақатынасын реттеуі бек…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. Президентке жаңадан құрылған Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құрудың тәсілдері, оның ішінде Агенттік Ережесінің жобасы, штаттық саны мен оның жылдың соңына дейінгі қысқа мерзімде атқаратын қызметі туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамды толғандырған мәселелер мен ұсыныстарды сараптап, пысықтауды, сондай-ақ, Қазақстан халқына арнаған Жолдауында аталған міндеттерді іске асыруды тапсырды.

Read More

Шетелдік азаматтардың елімізде 1 қарашаға дейін қалуы заңдастырылды. Берілген визаның шығу уақыты 5 тамызға дейін ғана еді. Дегенмен шекаралардың әлі ашылмағандығы себепті бұл уақыт ұзартылды. Енді құжатының мерзімі біткен шетелдіктер мен оны қабылдаушы тарап әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Сондай-ақ, жаңа қаулыда бірқатар жеңілдік қарастырылған дейді мамандар. Әділжан ЖАНШИН, Атырау облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы: Жеке сапармен келген, оқу визасымен келген, жұмыс визасымен жүрген адамдарға арнап заңға өзгертулер енгізілді. Енді жанұяға қосылу деген виза жасалатын болды. Пандемияға байланысты бұл визаны көші-қон басқармасынан алуға рұқсат бар. Тағы да 109 елге бірмәртебелік іссапар, туристік емделу элоктронды түрде берілетін болды. Қаулыдағы өзгерістер бұл…

Read More

Маңғыстауда тұмауға қарсы вакцина егу басталды. Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева мәлім етті. Оның айтуынша, биыл жергілікті бюджеттен 331 млн теңге қаржы бөлінді. Оның 60 млн теңгесіне тұмауға қарсы вакцина сатып алу үшін келісім шарт жасалды. Бастапқы медициналық санитарлық ұйымдарда тұмауға қарсы вакцина егу басталды. Қазір облыста 70 мың доза вакцина бар. Яғни, 70 мың адам тұмауға қарсы тегін егіледі деп жоспарланып отыр. Тұмауға қарсы екпені тегін алатындар тізіміне медицина қызметкерлері, жүктіліктің екінші немесе үшінші кезеңіндегі әйелдер, диспансерлік есепте тұрған балалар, сәбилер үйінің балалары, жүрек, қан тамыр жүйесінің және…

Read More

Маңғыстау ауданында қайтарымсыз несие 65 адамға берілді. Грантқа ие болғандар ішінде көпбалалы отбасы мүшелері, жұмыссыздар, атаулы жәрдемақы алатын азаматтар мен бизнесін дамытқысы келетін жастар бар. Бұл туралы Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Асқар Аққұлов мәлім етті. Асқар АҚҚҰЛОВ, Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары: Биыл еліміздегі карантиндік шараларға байланысты көптеген кәсіпкерлік нысанға шектеу қойылғанымен, алдағы уақытта өз кәсібін дамытамын деуші кәсіпкерлер аз емес. Әсіресе, мал шаруашылығы өнімдеріне қазіргі таңда сұраныс көп. Сол себепті, кәсібін дөңгелетуге несие алып, жұмысын бастағасы келетін 40-тан астам тұрғын «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Маңғыстау филиалы арқылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2020 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы…

Read More

Өткен тәулікте республика бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 408 жағдайы және 1 өлім тіркелді. Оған қоса 71 адам емделіп шықты. Ал 1 тамыздан ауырғандардың саны 30 074-ке жетсе, 332 жағдай өлімге әкелген. Жазылып шыққандардың жалпы саны 26 406 болды. Сондай-ақ, соңғы тәулікте Атырау облысында 8 адамнан дерт анықталса, Маңғыстау өңірінен тіркелген науқастар жоқ.

Read More

Жаңа форматтағы оқу жылының басталғанына екі апта өтті. Қазір бүлдіршіндердің басым бөлігі онлайн тәлім алып жатыр. Ал кезекші сыныптағы оқушыларға санитария талаптарын сақтау міндеттелген. №1 қалалық емхананың бас дәрігерінің айтуынша, екі жұмада балалардан коронавирустың белгілері байқалмаған. Дегенмен осы аптада жоспарлы түрде оқушылардың денсаулығы тексерілмек. Осы және өзге де мәліметтер Атырау-Ақпарат медиахолдингының баспасөз клубында өткен брифингте айтылды. Жиында 2-ші толқынға дайындық жұмыстары талқыланып, қыркүйектің соңында үш ірі ауруханаға өкпені жасанды желдету құрылғыларының қолданысқа берілетіні айтылды. Қазір 95 дәрігер арнаулы дайындықтан өтуде, олардың арасында 13 реаниматолог, 9 резидент және басқа да мамандар бар. Айта кетейік, қала бойынша өкпені жасанды желдету аппаратының 28-і…

Read More