Автор: Сайт әкімшілігі

Ақтаулық жігіт Сергей Наумов тұрғын үйінің кіреберісін өз қолымен ерекше сәндеп қойған. Шебер құрылыс қалдықтарын кәдеге жаратып, қабырғаны заманауи үлгіде безендірген. Мозайкалар құрастырып, әртүрлі картиналарды іліп қойған. 5-шағынауданда орналасқан 22-үйдің 4-ші қабаты бір көрген адамға өнер галереясы сияқты. Автордың айтуынша, бұны қонақ үйге ұқсатқандар бар көрінеді. Сергей НАУМОВ, Ақтау қаласының тұрғыны: Осылай безендіруге басқа кіреберістердің сұрықсыз келбеті әсер етті. Қара бояумен салынған түрлі жазулар да бар. Сосын өз қолыммен безендіруге кірістім. Әктеп, сырлап, кафельдерді жабыстардым. Картиналарды тауып алып келдім. Қазір өзімнің жасағаныма жалғыз мен емес, көршілерім де дән риза. Себебі, әр адам үйіне келгенде көңіл күйі көтерілуі керек. Енді қарасаңыз,…

Read More

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникациялар орталығы алаңында өткен брифинг барысында «Гидробиология және экология институты» мекемесінің батыс секторының басшысы Тимур Баймұқанов мәлімдеді. Оның айтуынша, Каспий теңізінің биоалуан түрлілігін сақтауға арналған зерттеулер мен шаралар жүргізуді көздейтін жоба қолға алынды. Жоба аясында 15-28 қыркүйек арасында Жаңа, Теңіз, Подгорный, Рыбачий, Құлалы аралдарының жағалауында және аралдар арасындағы қайраңдар учаскесінде, Итбалық Архипелагы аралдарының ұзына бойына тексеру жүргізіледі. Сондай-ақ, қоқыс пен торларды жинау бойынша жұмыстар қолға алынбақ. Спикердің сөзінше, Каспий итбалығы балық аулауға арналған торға түсуден өліп жатыр. Осы жоба аясында 2019 жылдың күзінде Түпқараған жартыаралының батыс жағалауында жүргізілген өлі итбалықтардың денесін зерттеудің нәтижелері олардың өліміне…

Read More

China National Biotech Group (CNBG) фармацевтикалық компаниясы өндіретін коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаның екі дозасының бағасы 1000 юаньнан (шамамен 146 доллар) төмен болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат CGTN-ге сілтеме жасап. «China National Biotech Group әзірлеген екі вакцина биылғы жылдың желтоқсан айында нарыққа шығады деп жоспарланып отыр. Вакциналардың екі дозасы 1000 юаньнан төмен болады», — деді CNBG бас заң кеңесшісі Чжоу Сун. Оның айтуынша, компанияның екі вакцинасы БАӘ, Бахрейн, Перу, Марокко, Аргентина және Иордания сияқты 10-нан астам елде қауіпсіздігі мен тиімділігі тексерілетін сынақтың үшінші кезеңінен өтуде. «Вакцинацияланған он мыңдаған адам COVID-19 індетін жұқтыру қаупі жоғары елдер мен аймақтарға сапар шекті. Осы уақытқа дейін…

Read More

Өткен тәулікте республика бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 8 жағдайы және 3 өлім тіркелді. 1 тамыздан бері 29 666 ауырып, 331 өлім жағдайы тіркелді. ал жазылып шыққандардың саны 26 335-ке жетті. Соңғы тәуліктің есебі бойынша Атырау облысынан 9 адам анықталса, Маңғыстауда жаңа науқастар туралы дерек тіркелмеді.

Read More

Аядай ғана пәтерде тұратын Леонид Анисимов – ІІ топтың мүгедегі. Дегенмен алақандай ғана бөлменің әр бұрышы ол үшін алтынға татиды. Себебі, күннің ыстығы мен суығына қарамастан көшеде қайыр сұрап тапқан нәпақасына осы баспанасын сатып алған. Леонидтың еңбекке жарамсыздығы баспаналы болуға кедергі келтірмеді. Леонид АНИСИМОВ, қала тұрғыны: Кезінде жеке баспанамызды інім сатып жіберген еді. Артынан дүние салды. Ардагерде тиын сұрап табыс таптым. Ақыры осы пәтерді 2017 жылы сатып алдым. Қазір де қайыр сұраймын. Басқа қолымнан не келеді дейсің? Леонидтің 3 миллионға сатып алған пәтері Төлебаев көшесіндегі 44-інші жатақханада орналасқан. Коммуналдық келеңсіздіктерді былай қойғанда, жертөледен шығатын жағымсыз иіс пен І қабаттағы шу…

Read More

Праймериздің жария пікірсайысы басталды. Алғашқысы Атырау мұнай өңдеу зауытының қолдауымен аталған мекеменің ғимаратында өтті. Бірінші кезеңде алты кандидат депутат бола қалса жүзеге асыратын өз бастамалары мен бағдарламаларын 5 минут таныстырды. Үміткерлер жастардың білімін дамыту мен жұмыспен қамтылу мәселесі, экологиялық проблемалар мен жемқорлықпен күрес сынды бағдарламаларын ұсынды. Сондай-ақ, кандидаттар кей халық қалаулыларының әрекетін қайталамайтынын, жаңа серпін әкелетінін де айтып қалып жатты. Сұрақ-жауап айдарында біраз үміткердің бір-біріне бәсекелес екендігіне күмән туғаны жасырын емес. Өйткені, кейбірі сұраққа алдын ала дайындалып келгендей, алдындағы парағына көз жүгіртушілер болды.  Арасында қандай сауал қою керектігін сұрап алып та жатты… Нұрлыбек ОЖАЕВ, Атырау облыстық «Нұр Отан» партиясы АОФ…

Read More

Беларусь астанасында президент Лукашенкоға қарсы наразылық акциялары жалғасуда. Бейресми дерек бойынша, өткен жексенбіде 100 мыңнан астам адам алаңға шыққан. Өткен аптада оппозиция белсенділері жаппай қамауға алына бастады. Шерушілер оппозицияның үйлестіру кеңесі мүшелеріне, акция кезінде жапа шеккендерге мен азаматтық ұстанымы кесірінен жұмыссыз қалған азаматтарға арнап батырлар маршын орындады. Митинг жергілікті БАҚ және Telegram-арналарда тікелей эфирде көрсетілді. Ал Лукашенко бұл күні жұртшылық алдына шыға қоймады.

Read More

«Харекет» қоры бейнеулік көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады. Олар осымен 274-інші отбасыға пәтер табыстап отыр. Жалғызбасты ана Арайлым Жамансариева 4 бала тәрбиелеп отыр. Бейнеу ауданына бала кезінде отбасымен бірге көшіп келген ол төрт жылдан бері пәтер жалдап тұрады. Арайлым ЖАМАНСАРИЕВА, Бейнеу тұрғыны: Бүгін маған баспана кілтін тапсырып жатқан «Харекет» қорының барлық мүшелеріне алғысым шексіз. Осыған дейін пәтер жалдап келдік. Міне, енді өз үйіміз бар. Барлығыңызға үлкен рахмет. «Мың теңгеге баспана» атты жоба аясында берілген 274 пәтердің төртеуі бейнеуліктерге бұйырды.

Read More

6 қыркүйек күні Жылыой ауданының 1973 жылы туған тұрғыны жылқы іздеуге шығып, із-түзсіз жоғалған еді. Аталған факті бойынша Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жоғалған азаматтың жүрген жерін анықтау мақсатында облыстық полиция және төтенше жағдай департаменттерінің қызметкерлерімен қатар еріктілер аумақты аралап, іздеу жұмыстарын жан-жақты жүргізді. Нәтижесінде, бүгін таңертең полиция қызметкерлері Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 100 шақырым жердегі Қырықмылтық кен алаңында 15-20 метр тереңдіктегі шұңқырдан жоғалған азаматтың денесін тапты. Қылмысқа күдікті ретінде бұрын сотты болған 38 жастағы Жылыой ауданының тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабы адам өлтіру ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Read More

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданының Жетібай ауылында «Аумақтарды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан 3000 м³ су резервуарының құрылысы аяқталды. Бұл туралы Жетібай ауылының әкімі Қуаныш Асанов мәлім етті. Оның айтуынша, жоба құрылысы кезінде 20 адам жұмыспен қамтылды. Қуаныш АСАНОВ, Жетібай ауылының әкімі: Жетібай ауылында бұған дейін 4000 м³ су резервуары болды. Бірақ жаз мезгілінде кейбір шағын аудандарға су жетіспеуіне байланысты бюджеттен қаражат бөлініп, қосымша резервуар салу қажеттілігі туындаған. Нысан аумағына асфальт төселді. Аталған мәселені шешу мақсатында қосымша жаңадан 3000 м³ су резервуары салынды. Құрылыс жұмысын «Риг-Строй» ЖШС мердігер мекеме жүргізді. Жетібай ауылындағы халық саны 13 216 адам. Елдімекенде 4…

Read More