Өткен тәулікте Қазақстан бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 77 жағдайы және 7 өлім тіркелді. Оған қоса 30 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бері 29 658 адам ауырса, 328 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 6 853 жетті.
Кеше Атырау облысында 11 науқас тіркелсе, Маңғыстау өңірінде ешқандай дерек анықталмады.