Автор: Сайт әкімшілігі

Құлсары қаласының орталық көшелеріне 2019 жылы 100 бейнебақылау орнату қолға алынған еді. Қазіргі таңда жоспар жүзеге асып, жедел басқару орталығы ашылды. Енді 10 қыркүйек күні, яғни ертеңнен бастап камералар іске қосылмақ. Қазір аудан орталығына орнатылған бейнебақылау құрылғылары қоғамдық тәртіпті назарда ұстаумен қатар басқа аймақтардан енген автокөліктерді автоматты түрде тіркеп отырады. Сондай-ақ, кардон камерасы темір тұлпарлардың жылдамдығын өлшеп, көлік қозғалысын реттеуге септігін тигізбек. Ерболат ДОСМАҒҰЛОВ, Жылыой ауданы полиция бөлімінің бастығы: – Бүгінгі таңда аудан орталығында 100 камера жұмыс жасап тұр. Аудан тұрғындарына 10 қыркүйекте «Кордон» автокөлік жылдамдығын реттейтін құрылғы іске қосылатынын ескерткіміз келеді. Қоғамдық тәртіпті қадағалауда, жылдамдықты реттеуде бұлардың көмегі көп.…

Read More

Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе кентінде спорт кешендері жөндеуден өтті. Бұл туралы аудан әкімінің кеңесшісі Адайбек Қалиевке сілтеме жасап Маңғыстаумедиа мәлімдеді. Көп жылдардан бері жөндеу көрмеген күрес залына биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша бөлінген 44.240 млн теңге бөлініп, оған «Нұрлы жол Сервис» ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізді. Адайбек ҚАЛИЕВ, Маңғыстау ауданы әкімінің кеңесшісі: – Күрес залының толықтай шатыры ауысты. Залдың іші-сырты сырланды. Ішіне линолеум жайылды. Бокс залына да сондай жөндеу жүргізілді. Жуынатын бөлме дайындалып, су жеткізілді. Барлық жылу, су құбырлары ауыстырылды. Залдың сырты қоршаумен қоршалып, жаттығу құралдары қойылды. «Мантеком» ЖШС бұл жұмыстарды 56.890 млн теңгеге жүргізді. Аталған жұмыс барысында әр…

Read More

Индер ауданында биылғы оқу жылы жаңашылдықпен басталды. Кезекші сыныптарда мектепалды даярлық тобы мен бастауыш сынып оқушыларын қосқанда 435 бүлдіршін тәлім алуда. Ал қалған балалардың онлайн оқуы үшін бар жағдай жасалып жатқан көрінеді.  Роза ДӘУЛЕТОВА, Әуезов атындағы орта мектеп директоры: – Толық біліммен қамту үшін 127 балаға жалпыға міндетті білім қорынан ақшалай көмек көрсетілді. Биылғы оқу жылының ерекшелігіне байланысты ата-аналар негізінен қажетті құрылғылар алуға жұмсады деп ойлаймыз. Сонымен қатар, ата-аналарға балаларына білім беру үшін мектептегі компьютер құрылғылары берілді. Қазір сабаққа қатыспай отырған бала жоқ. Айтқандай, 295 отбасыға компьютерлер уақытша беріліп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға модем, роутер құрылғылары мен интернет желісіне төленетін…

Read More

Атыраудағы емханалар тұмауға қарсы екпе салуға дайындықты бастады. Биыл мұнайлы өңірдің 60 мың тұрғыны үшін тегін вакцина сатып алынған. Оның 33 мыңы шаhар халқына бөлініп отыр. Қалалық №1 емханаға өткен жылы 3000 мың доза берілсе, биыл 5 мыңы бөлінді. Өміргүл ҚОСТАЕВА, Атырау қалалық №1 емхананың эпидемиолог-дәрігері: – Вакцина бірінші кезекте тәуекел топқа жататындарға салынады. Бұл дегеніміз диспансерлік есепте тұрған және алты айдан асқан жиі ауыратын балалар, жүктіліктің екінші немесе үшінші кезеңіндегі әйелдер, созылмалы аурулары бар адамдар, медициналық-әлеуметтік мекемедегі тұрғындар. Ал қалғандары өздерінің қауіпсіздігі үшін ақылы екпеге жүгіне алады. Вакцинациялаудан бас тартатындар да жоқ емес. Оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізетін арнайы мобильді…

Read More

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 450 жағдайы және 1 өлім тіркелді. Оған қоса 372 адам емделіп шықты. Еліміз бойынша тамыздан бері ауырғандардың жалпы саны 28 228 адамға жетті. Сонымен қатар, 316 өлім тіркелсе, 6 546 науқас жазылып шықты. Кеше Атырау облысында 6 адамның ауру жұқтырғаны туралы дерек тіркелсе, Маңғыстау өңірінде әдеттегідей ешкімнен коронавирус табылмады.

Read More

Теңге құлдырап барады. Мұндай қарқын жыл соңына дейін сақталуы мүмкін. Қаржы сарапшысы Арман Бейсембаевтың болжауынша, доллар 425-тен 431 теңгеге дейін өседі. Ұлттық валютаның әлсіреп, көк қағаздың күш алуына мамандар мұнай бағасының арзандауы мен карантиндік шектеулер себеп деп отыр. Арман БЕЙСЕМБАЕВ, қаржы сарапшысы: – Қазіргі таңда мұнай бағасының арзандауы коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне тікелей қатысты. Еуропа елдерінде қайтадан шекара жабылып, қатаң карантин шараларын енгізу қаупі бар екенін ескерсек, іскерлік кездесулердің белсенді жүргізілмеуіне негіз бар. Міне, мұның бәрі төл теңгеге кесірін тигізіп тұр. Бүгінде 1 доллардың құны 423 теңге болады. Еуро 500 теңгеге жетсе, рубль бағасы құлдыраған. Ал юань 60 теңгеден саудалануда.

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевты қабылдады. Ол туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Ол Президентке осы жылдың 12 тамызында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы баяндады. Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстанның сайлау органдарының пандемия жағдайында сайлау өткізудің алғашқы тәжірибесі және сайлауға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін санитарлық қызметтермен бірлесіп өткізілген шаралар кешені талқыланды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мемлекет басшысын жергілікті мемлекеттік басқару органдарының сайлау науқанының тәжірибесімен таныстырды.

Read More

Судан билігі  елдің бүкіл аумағын табиғи апат аймағы деп жариялап, үш айға төтенше жағдай режимін енгізді. Мұндағы су тасқыны кезінде 100-ге жуық тұрғын мерт болып, 50 шақтысы жарақат алған. Табиғат апатынан 100 мыңнан астам ғимарат қирады. Тілсіз жаудың кесірінен  жарты миллионнан аса адам баспанасын тастап қашуға мәжбүр болған. Бұл туралы  Суданның еңбек және әлеуметтік даму министрі Лена эль-Шейх мәлімдеді. Оның сөзінше, су тасқынының зардабы 1946 және 1988 жылдардағы рекордтық көрсеткіштерден де асып түскен. https://www.youtube.com/watch?v=MS3DvTAs0Dk

Read More

Құрманғазы ауылының тұрғыны өз үйінен мұражай ашты. Қырық жылға жуық уақыттан бері коллекция жинайтын Ғалымжан Мұқашевтың шаңырағында тарихи жәдігердің алуан түрі бар. Мұнда белгілі бір бағыт жоқ. Экспонаттар құдды бір уақыт машинасы секілді, келушілерге түрлі кезеңнен сыр шертеді. Тас диірмені тетікті телефонның жанына қойылған. Ал қазіргі электрогитаралар өткен ғасырдан жеткен шойын үтіктер мен күбінің қасында үйлесім тауып тұр. Коллекционер үшін мұндағы ең алғашқы әрі құнды экспонат – анасының ұршығы. Музейді ашуына да осы түрткі болған болған екен. Көрмені көркейтуге ауылдастары көмектескен. Кей дүние сыйға тартылды, тағы бірін сатып алуға тура келіпті. 100-ге жуық жәдігердің ішінде әйгілі Касимовский механика зауытында құйылған…

Read More

22 тамыздан бері Германияның «Шарите» ауруханасында емделіп жатқан ресейлік оппозиционер Алексей Навальный комадан шығып, тыныс алу аппаратынан ажыратылды. Дәрігерлердің айтуынша, Навальный әлі тілге келмегенімен, дыбысты ести бастаған.  Еске сала кетейік,  20 тамыз күні Томсктен Мәскеуге ұшып бара жатқан  Алексей Навальныйдың жағдайы күрт нашарлап, Омбы ауруханасына жатқызылған болатын. Ресейлік дәрігерлер оның ағзасынан ешқандай улы зат тапқан жоқ. Олардың пайымынша, бұған тек қан құрамындағы қант мөлшерінің шамадан тыс өсуі себеп болған десті. Науқас екі күннен соң Германия ауруханасына ауыстырылды. Неміс дәрігерлері оның «Новичок» дәрілік препаратынан уланғаны туралы мәлімдеме жасады. Дегенмен оның зардабы қандай боларын әзірге тарқатып айтпай отыр.

Read More