Теңге құлдырап барады. Мұндай қарқын жыл соңына дейін сақталуы мүмкін.
Қаржы сарапшысы Арман Бейсембаевтың болжауынша, доллар 425-тен 431 теңгеге дейін өседі. Ұлттық валютаның әлсіреп, көк қағаздың күш алуына мамандар мұнай бағасының арзандауы мен карантиндік шектеулер себеп деп отыр.
Арман БЕЙСЕМБАЕВ, қаржы сарапшысы:
– Қазіргі таңда мұнай бағасының арзандауы коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне тікелей қатысты. Еуропа елдерінде қайтадан шекара жабылып, қатаң карантин шараларын енгізу қаупі бар екенін ескерсек, іскерлік кездесулердің белсенді жүргізілмеуіне негіз бар. Міне, мұның бәрі төл теңгеге кесірін тигізіп тұр.
Бүгінде 1 доллардың құны 423 теңге болады. Еуро 500 теңгеге жетсе, рубль бағасы құлдыраған. Ал юань 60 теңгеден саудалануда.