Статистика бойынша, биыл тіркеуге тұрған жүкті әйелдердің саны былтырғымен салыстырғанда 25 процентке кеміген. Қолда бар мәліметке сүйенсек, алғашқы сегіз айда аяғы ауыр келіншектердің саны өткен жылдағыдан 167-ге дейін азайыпты. Ал сәуір мен қыркүйек аралығында 329 әйел құрсақ көтерсе, бұл сан былтыр 400 болған. Бұның бәрі – бір ғана емханадағы көрсеткіш. Дегенмен бұл статистика облыс бойынша бірқалыпты болып саналады. Дәрігерлердің айтуынша, жылына 16 мыңнан аса ана сәби сүйеді. Дәл қазір облыстық перинаталдық орталықта 9000-ға жуық жүкті әйел тіркеуде тұр. Бір айда оның мың жарымы баласын бауырына алады. Қазір облыстық перзентхананың провизорлық бөлімінде аяғы ауыр 2 әйел бар. Бұл көрсеткіш пандемияның қиын…
Автор: Сайт әкімшілігі
Алмалы ауылдық округіне қарасты Бугорки саяжайы маңындағы қоқыс туралы бейнероликтің әлеуметтік желіні шарлағанына біраз болды. Видеода байқалғандай, шашылған шыны бөтелкелер мен полиэтилен пакеттерден аяқ алып жүру мүмкін емес. Табиғатта демалуды әдетке айналдырған атыраулықтар қасақана «ұмытылған» қоқысы үшін қызаруды білмейтін сыңайлы. Тамара ТИТОВА, «Энергетик 5» бағбандық қоғамының төрағасы: – Келген демалушылар Жайықты да қоқысқа толтырып кетеді. Мына жерде жүріп, ескерту жасасам, өздерінікін дұрыс деп есептейді. Мен барлық қала тұрғындарынан арттарын жинап жүрулерін сұраймын. Бізде жасыл желек аз. Отырғыза қалсақ, оларды жұлып алып, сындырып кетеді. Қаптаған қалдыққа бей-жай қарамайтын табиғат жанашырлары бұл аумақта «Taza picnic» эко шарасын ұйымдастырды. Өңірдің 500-ге жуық тұрғыны…
Шаһарда аз қамтылған 300 шаңыраққа азық-түлік таратылды. Әлеуметтік қаптың 150-і Имағали мешітінде берілсе, жартысы қалған 6 мешітте жүзеге асты. Шараның өтуіне ат салысқан имамдардың айтуынша, бұл – індет кезіндегі садақа жасаудың әрі қайырымдылыққа атсалысудың әдемі үлгісі. Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ, Атырау облысының бас имамы: – Еліміздің түкпір-түкпірінде яғни әрбір жерде осындай қайырымдылық шарасын өткізіп отыр. Өйткені, қырқын, жетісін, үшін деген қазіргі таңда беріліп жатқан жоқ. Солардың орнына әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық шараларын өткізіп отыр. Садақаның сауабынан үмітті жандар дәл осындай 6 300 қап азық-түлік әзірлеп, оны тарату жұмыстарын республика көлемінде қолға алған. Індет кезінде тұрмысы тұралаған тұрғындар игі істі бастаушыларға алғысын…
Маңғыстау облысында сұйытылған газ мәселесі нақты шешімін таппай тұр. Облыс бойынша көгілдір отынды сататын станса қожайындары бүгін тағы да әкімдік жанына жиналды. Олар бірнеше жылдан бері түйінін таппаған мәселенің басын ашуды сұрайды. Жиналған кәсіпкерлер сұйытылған газ әр кәсіпкерге қолжетімді болсын деген талап қойды. Ал ол үшін электронды сауда алаңы арқылы сатып алу тиімдірек. Алайда газ мөлшерін бөлу министрлік тарапынан бекітіледі екен. Әбден ашынған кәсіпкерлер бірнеше жылдан бері шешімін таппаған мәселенің бизнеске жасалған қастандық екенін айтады. Олар әкімдік пен министрлікке жазылған хаттың шегі болмаса да, нақты жауап ала алмай сандалып жүргендеріне ызалы. Көбі түрлі тосқауылдарға байланысты сұйытылған газды келісімшарт жасалмаған газ…
Атырауда бір айда орташа есеппен 36 119 теңгемен күнелтуге болады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми сайты хабарлады. Нақтырақ айтсақ, 13 жасқа дейінгі балалар үшін 34 138 теңге керек болса, 14–17 жас аралығындағы ұлдар мен қыздардың қажеттілігіне тиісінше 44 332 және 33 959 теңге жеткілікті. Ал 18 жастан асқан еңбекке қабілетті ерлер мен әйелдер бір айда 41 872 және 33 180 теңге жұмсайтын көрінеді. Сондай-ақ, статистикада зейнеткерлер мен қарт адамдарға 33 051 теңге керектігі жазылған. 13 жасқа толмаған балалардың азық-түлігіне 18 776 теңге қажет болса, басқа тауарлар мен ақылы қызметтерге 15 362 теңге шығын жұмсалады. 14–17 жастағылар: ұлдар үшін 24 383 (азық-түлік) теңге,…
Қазақстандықтардың 60%-да коронавирусқа қарсы иммунитеті болғанда пандемияны тоқтата аламыз. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дамир Көбжасаров айтты. Оның айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандық вакцина (QazCovid-in®) ДДҰ-на I және II фазалық клиникалық зерттеулерге кандидат вакцина ретінде тіркелді. Ол Алматы қаласындағы Фтизиопульмонология Ұлттық ғылыми орталығында клиникалық сынақтан өтетін болады. Тәжірибеге 18–50 жас аралығындағы денсаулығы жақсы еріктілер қатыса алады. Сонымен қатар, Дамир Көбжасаров ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус бойынша жасап жатқан болжамдарының дәлдігне қатысты пікір білдірді. Дамир КӨБЖАСАРОВ, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры: – COVID-19 – әрдайым қолданыстағы эпидемиологиялық заңдар мен қағидаларға…
Өткен тәулікте республика бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 139 жағдайы және 1 өлім тіркелді. Оған қоса 2 адам емделіп шықты. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады. Атырауда 6 адам тіркелсе, Маңғыстау облысынан бірде-бір науқас анықталмады. Ал 1 тамыздан бері барлығы 27 762 адам ауырып, 314 жағдай өлімге соқтырған. Сонымен қатар, жазылып шыққандардың саны – 5 959.
Атыраудан Каспий теңізіне қарай 30-40 шақырым жерде қамыстың біраз уақыттан бері өртеніп жатқаны қалалықтарға белгілі. Жергілікті төтенше жағдай қызметкерлері батпақтың кесірінен өртті сөндіру мүмкін болмай отырғанын айтқан еді. Осыған байланысты Шымкенттен арнайы МИ-17 тікұшағы жеткізіліп, өрттің үстіне 30 тоннаға жуық су шашқан. Сондай-ақ, ТЖМ қызметкерлері «Еврокоптер-145» тікұшағы арқылы да әуеден жиі мониторинг жасап отырған. Қазіргі уақытта елдімекендерге келіп тұрған қауіп жоқ. Қызыл жалын басқа кеше кешке қарай сөндірілді. Оған 93 адам мен тікұшақтан бөлек 23 техника жұмылдырылған.
Мирас ықшамауданында не қоқыс салатын жәшік, не жаяужол қарастырылмаған. Ал жолдың арғы бетіне өткіңіз келсе, жүгіріп өтуден басқа амал жоқ. Мирас ықшамауданының тұрғындары өздерін жауаптылардың назарынан тыс қалған жетім балаға теңейді. Жолы болғанымен тротуары, белгілері болғанымен жолағы жоқ көшеде жүру, әсіресе, балалар үшін қауіпті. Олардың айтуынша, кейін пайда болған аудандардың өзінде аталған мәселелердің бірі де жоқ. Тұрғындар қоқыс жәшігіне де жарымай отырғандарын айтады. Сол себепті, тұрмыстық қалдықтарды екі апта бойы үйде сақтауға мәжбүр. Сейітқали ТОЙЛЫБАЙ, қала тұрғыны: — Біздің өзекті мәселеміз — қоқыс шығару. Осы — 2000-нан бергі басты прблема. Қоқыс қоятын жәшік жоқ. Біз ұсыныс жасағанмен, жоқ екенін айтады.…
«Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері жүргізген тексеріс барысында әскери билет пен жүргізуші куәлігін жасайтын жігіт туралы таралған ақпарат расталды. Өзін бірде ресейлік, бірде елорда тұрғыны ретінде таныстырған азамат жүргізуші куәлігін категориясына қарай 60-80 мың, ал әскери билетті 100-150 мың теңгеге әзірлеп береді. Пысықай жігіттің жасаған құжатына қол жеткізгендер телеграм арқылы алғыс та айтқан. Дегенмен Атырау облысында мұндай жағдай тіркелген жоқ. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері емтихан тапсыру кезеңі әділ өтетіндіктен, осы секілді жайттарға жол берілмейді деп отыр. Едіге ДОСҚАЛИЕВ, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ АОФ бөлім басшысы: – Әлеуметтік желіден көріп жатырмыз. Бірақ ол жерде алаяқтық…
