Атыраудан Каспий теңізіне қарай 30-40 шақырым жерде қамыстың біраз уақыттан бері өртеніп жатқаны қалалықтарға белгілі. Жергілікті төтенше жағдай қызметкерлері батпақтың кесірінен өртті сөндіру мүмкін болмай отырғанын айтқан еді.
Осыған байланысты Шымкенттен арнайы МИ-17 тікұшағы жеткізіліп, өрттің үстіне 30 тоннаға жуық су шашқан. Сондай-ақ, ТЖМ қызметкерлері «Еврокоптер-145» тікұшағы арқылы да әуеден жиі мониторинг жасап отырған.
Қазіргі уақытта елдімекендерге келіп тұрған қауіп жоқ. Қызыл жалын басқа кеше кешке қарай сөндірілді. Оған 93 адам мен тікұшақтан бөлек 23 техника жұмылдырылған.