Статистика бойынша, биыл тіркеуге тұрған жүкті әйелдердің саны былтырғымен салыстырғанда 25 процентке кеміген. Қолда бар мәліметке сүйенсек, алғашқы сегіз айда аяғы ауыр келіншектердің саны өткен жылдағыдан 167-ге дейін азайыпты.
Ал сәуір мен қыркүйек аралығында 329 әйел құрсақ көтерсе, бұл сан былтыр 400 болған. Бұның бәрі – бір ғана емханадағы көрсеткіш.
Дегенмен бұл статистика облыс бойынша бірқалыпты болып саналады. Дәрігерлердің айтуынша, жылына 16 мыңнан аса ана сәби сүйеді. Дәл қазір облыстық перинаталдық орталықта 9000-ға жуық жүкті әйел тіркеуде тұр. Бір айда оның мың жарымы баласын бауырына алады.
Қазір облыстық перзентхананың провизорлық бөлімінде аяғы ауыр 2 әйел бар. Бұл көрсеткіш пандемияның қиын кезеңінде 50 адамға дейін жетті. Ал короновирус жұқтырған әйелдің босану дерегі осыдан екі апта бұрын тіркелді.