CaspianLife. 19 қазан. 2027 жылы қасиетті Рамазан айы 8 ақпанда басталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған діни мерекелер күнтізбесінде көрсетілген.
Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Ал Ораза айт 9 наурызда атап өтіледі. Құрбан айт мерекесі 16-18 мамыр аралығында өтеді.
ҚМДБ мәліметінше, хижри айларының басталу күндері халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректері негізінде анықталған. Дегенмен мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күнге ерте немесе кеш ауысуы мүмкін.
Фото: orda.kz


