Германия полициясы Золинген қаласындағы бес баланың өліміне қатысты қылмысты тергеп жатыр. Балалар өліміне анасы кінәлі болуы мүмкін. Бұл туралы «Euronews» хабарлады. Полицияға балалардың әжесі хабарласқан соң, тәртіп сақшылары аталған үйді тексеруге келгенде 3 қыз бен 2 ұлдың мүрдесін тапқан. Ал анасының пойыз астына түспек болған ойы жүзеге аспай, ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Әйелмен бірге оның алтыншы баласы – 11 жасар ұлы болған. Абырой болғанда, оған ешқандай зиян келмеген. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз. Күдікті әйел қазір полицияның күзетінде. Жантүршігерлік қылмысты ашуға 40-қа жуық тәртіп сақшысы жұмылдырылған.
Автор: Сайт әкімшілігі
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 481 жағдайы және 4 өлім тіркелді. Оған қоса, 58 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бері барлығы 26 803 адам ауырса, 305 өлім жағдайы тіркелді. Ал жазылып шыққандардың саны 5 831 жетті. Соңғы тәулікте Атырау облысы бойынша 9 адамның ауру жұқтырғаны анықталса, Маңғыстауда ешқандай дерек тіркелмеді.
Жауыр болған жол мәселесі Геолог ықшамауданындағы Беймахис көшесін де айналып өтпеді. 3 жылдан бері жыры таусылмаған бұл жердегі сайда таудай қоқыс үйіліп жататын… Тұрғындардың айтуынша, «Спецавтобаза» мекеме өкілдері оны түрлі қалдықпен толтырып, бетін топырақпен бүркеген. Бірақ жартылай жабылған жерден жұмыстың аяқсыз қалғаны аңғарылады. Ашуға булыққан Беймахис тұрғындары жүз метрдей жердегі асфальтқа жету үшін алғашқыда топырақты өздері төсеп, жол жасап алғанын айтады. Естеріңізде болса, жыл басында дәл осы көшенің тұрғындары сол аумаққа тасжолдың төселмей қалғанын, соның кесірінен көктем мен күзде лай кешіп, батпаққа белшесінен бататынын айтып шағымданған еді. Енді атшаптырым жерге асфальт төсейтін жағдайымыз жоқ деп отыр. Осыған дейін әкімдіктің табалдырығын…
Бұл жөнінде облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі баяндады. Аталған басқарманың басшысы Сатқан Есенғалиевтың айтуынша, биыл мектеп оқушылары оқулықтармен толығымен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда оқулықтар мектептерге таратылуда. Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВ, Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы: – Жаңа оқу жылында атыраулық оқушылар кітаптан еш таршылық көрмейді. Облыстық білім беру басқармасы 738 353 дана оқулық сатып алу үшін 19 баспамен 110 келісім-шарт жасаған еді. Бүгінде сол оқулықтар баспалардан толықтай алынды.
Атырау мұнай өңдеу зауытындағы булану алқаптарын қалыпқа келтіру жұмыстары жарты жылға қысқартылуы мүмкін. Бұл жөнінде зауыт басшылығы, экологтар және қоғам белсенділерінің кездесуінде айтылды. Жиында аумақтан шығарылатын жағымсыз қалдықтарды азайту мәселесі де көтерілді. Шухрат ДАНБАЙ, «АМӨЗ» ЖШС бас директоры: – Шыны керек, бұлай айтыла берген де көңілге қаяу түсіреді. Бәрінің айтатыны – осы зауыт. Атырау облысында жалғыз өнеркәсіп біз ғана емес қой. Анығында, кінә екі тараптан да бар. Тіптен 60-70%-ы – қаладан келетін шығарынды. Бұл – 20 жылдан бері бар мәселе. Қозғалыс енді жүріп жатыр. Зауыт басшысының сөзінше, ағынды суларды тазарту жұмыстары стандарттарға сәйкес орындалып жатыр. Бұған жобаның кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы…
Қазақстандықтардың қасиетті жерлерге сапар шегуге сұранысы артқан. Мамандар мұны карантиндік шектеулердің әсері дейді. Атырау өңіріне «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы келді. Мақсат – Ақмешіт, Оңай ата, Күлшан ата, Махамбет Өтемісұлы және Сарайшық секілді қасиетті орындармен танысу. Экспедиция екі аптаға созылады. Осы уақыт ішінде ғалымдардың Орал, Ақтөбе, Маңғыстауға шеккен сапарлары ғылыми мақалаларына арқау болмақ. Мұндағы жобаның басты мақсаты – дәстүрдің құндылығын қайта қалпына келтіру, сондай-ақ, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау.
Осы айдың ішінде ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты ғалымдары әзірлеген вакцина 244 еріктіге салынады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. «2020 жылдың қыркүйегінде 244 еріктіге вакцинаны клиникалық сынау басталады. Оның ішінде 44-і вакцинаны клиникалық сынақтың бірінші фазасында, ал қалғандары екінші фазасында алады» делінген аталған институттың Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта. Естеріңізге сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жасап шығарған екпені ресми түрде клиникалық сынақтарға жіберілген вакциналар тізіміне қосты. ДДСҰ-ның клиникалық сынаққа жіберілген вакциналар тізіміне Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Бельгия, Швеция, Сингапур, Италия, Аустралия, Тайвань, Куба,…
Атырауда суға шомылу маусымы аяқталды. Биыл 18 адам суға кетіп қайтыс болды. Оның үшеуі – кәмелет жасқа толмағандар. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 адамға көп. Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу бойынша 346 хаттама жасақталса, мас күйінде суға түсіп, қоғамдық орындарға барған 108 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Нәтижесінде, 800 мың теңгеден астам айыппұл өндірілді. Берік ҚҰРМАНАЛИЕВ, Атырау облысы ТЖД бөлім бастығы: – Судағы қауіпсіздік бойынша халық арасында, оқушылар арасында, жасөспірімдер арасында көптеген рейдтік шаралар ұйымдастырылып жатыр. Осыған дейін 300-ден аса рейдтік шара ұйымдастырылды. Шамамен 12 000-нан аса жадынама таратылып, сонымен қатар, түсінік жұмыстары жүргізілді.
12 жасар қызы бар жалғызбасты әке Мәди Қаржаубаевтың Геолог ықшамауданындағы жатақханалардың бірін жалдап отырғанына 2 жылдай уақыт болды. Жалпы, 20 жыл бойы әр жерден пәтер жалдап келген жігіт ағасы зейнетке шығайын десе – жасы жетпей, жұмысқа тұрайын десе – кәрілігі кедергі болып, кіріс көзінен ажырап қалған. «Жығылғанға – жұдырық» дегендей, пәтер иесі үйді босатуын сұрап отыр. Себебі, жақын арада баспананы бұзу жұмыстары жүргізілмекші. Енді ол қызын құшақтап далада каламын деп уайымдайды. Мәди ҚАРЖАУБАЕВ, жалғызбасты әке: – Үйдің кезігінде 2010 жылдан бері тұрмын. Былтыр қарағанда 604-кезекте едім, биыл 558 болып тұр. Сонда жылына 50 адамнан кемігенде әлі 10 жыл жүруім керек…
Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметке мұнайлы өңірдің 1979 жылғы тумасы Абдуахит Әбішев келді. Еңбек жолын ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған ол 2000 жылдан бастап геология, мұнай-газ компанияларында түрлі лауазымда жұмыс істеп, басшылық қызметке дейін көтерілген. Соңғы лауазымы – «Shagyrai Oil Service» ЖШС бас директорының орынбасары.
