Автор: Сайт әкімшілігі

Атыраулық жүргізушілердің асыға да, қорқа да күтіп жүрген «Сергек» камералары 10 қыркүйектен бастап айыппұл салуды бастайды. Мұнайлы шаһардағы 3 мың ақылды камера жол ережесін бұзғандарды қалт жібермей, анықтап отырмақ. Қырағы камералардың 774-і қоғамдық қауіпсіздікті бақылайды. Яғни, мектеп, саябақ, вокзал, әуежай, аурухана сияқты қоғамдық орындарда орнатылған. Ал көше қиылыстарындағы 750 камера жылдамдықты асыру, тоқтау жолағы мен 15 метрге дейінгі үзіксіз сызықты кесу секілді ережебұзушылықты анықтайды. Тек жылдамдықты қадағалауға арналған 614 камера ұзын көшелерде орналасқан. Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА, Атырау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы: – Қазір «Сергек» камералары 153 жолда және 51 көше қиылысында орналасқан. Олар қазірден бастап нақты жұмысқа кірісті. Бірақ айыппұл салу…

Read More

Әдеби жанрдың оқырмандары темір тордың ар жағынан да табылды. С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Атыраудағы әйелдер колониясына жүздеген дана кітап тарту етті. Тартылған туындылардың мазмұнына да ден қойылған – басым бөлігі психологиялық және мотвациялық бағыттарда. ЖОО ректорының айтуынша, қазіргідей қиын сәтте қолдау бәріне қажет.  Гүлзада ШАКУЛИКОВА, С.Өтебаев атындағы АтМГУ ректоры: – Дағдарыс қоғамның прогрессивті бөлігінен бұрын бас бостандығынан айырылған әйелдер үшін қиынға соғуда. Сондықтан жоғары оқу орны ретінде біз әйелдерге көмек көрсетуді мақсат етіп қойдық. Темір торға түскендер жақында онлайн режимде тіл үйрену курстары мен кәсіпкерлік тренингтерге қатысып, психолог кеңесін ала алады. Бұл жұмыстарды университет мамандары жүргізбек. Идея…

Read More

Қыркүйекте ауа райы құбылмалы болады деген болжам бар. Алғашқы онкүндікте термометр көрсеткіші 37 градусқа дейін көтерілсе, айдың ортасында бұл бағам 32-ге төмендемек. Синоптиктердің сөзінше, үшінші декадада ауа температурасы 27–29 градус аралығында болады. Мейіргүл ҒИЛАЖЕВА, «Қазгидромет» РМК АОФ жетекші инженер-синоптик: – Орташа ауа температурасы 18–19 градус жылылықты көрсетеді. Бұл нормаға сай. Жауын-шашын мөлшері қалыпты болады деп күтілуде. Жаңбыр мен желдің күшеюі көбінесе бірінші және екінші онкүндіктің ортасында және үшінші онкүндіктің соңында болады. Ал қыркүйектің бірінші бөлігінде найзағай мен дауыл күтіледі.

Read More

Соңғы тәуліктің есебі бойынша, Атырау облысында коронавирус жұқтырған жалғыз адам тіркелсе, Маңғыстау облысында соңғы төрт тәулік бойына ешқандай адам дерт жұқтырмаған. www.coronavirus2020.kz сайтының мәліметінше, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 27 жағдайы және 3 өлім тіркелді. Бір қуанарлығы, 103 адам емделіп шыққан. 1 тамыздан бері барлығы 25 751 адам ауырса, оның 295-і қайғылы жағдаймен аяқталған. Ал жазылып шыққандардың саны 5 694-ке жетті.

Read More

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халықты балабақшамен 100 пайызға қамту қай кезеңде шешілетіні туралы айтты Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР Білім және ғылым министрі: – Мемлекет басшысының Жолдауында білім мен ғылым саласын дамыту бойынша тапсырмалар берілді. Бұл тапсымаларды іске асыруды қамтамасыз ету бойынша жұмысты бастадық. Басты бағыттарына тоқталсақ, 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен 100 пайыз қамту жөніндегі міндет 2025 жылға қарай кезең-кезеңмен іске асырылады. Министрдің айтуынша, бұл жұмыс жекеменшік балабақшалардың үлесін көбейту арқылы орындалады. Яғни, қазір мемлекеттік тапсырысты қай балабақшаның алатынын аудан, қала білім бөлімдері шешсе, ал бұдан кейін оны ата-аналардың өздері ваучерлік қаржыландыру принціпімен шешетін болады. Нақты бір баланың…

Read More

Атырау облысы аумағында Түркиядан Қырғызстанға бара жатқан шетелдік көліктің тіркемесі өртеніп, 22 тонна жүк жанып кетті. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға Исатай ауданындағы Жанбай ауылының тұсында болған. Нақтырақ айтқанда, Астрахан  –  Атырау жолының бойында шетелдік «MAN» жүк көлігінің 22 тонна мақта тиеген тіркемесі өртенген. Көлік жүргізушісінің айтуынша, жүк Түркиядан Қырғызстанға бара жатқан. Өртті сөндіруге Исатай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің 4 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды. Шетелдік көліктің тіркемесіндегі жүк толығымен жанып кеткенмен көлікке де, адамдарға да еш зиян келмеген.

Read More

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ҚР ҚПК-нің 200-бабының тәртібімен енгізген ұсыныс облыстық Білім басқармасы өткізген шұғыл мәжілісте қаралды. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады. Жиынға Департамент басшысы Б.Жылқыбаев, басшының бірінші орынбасары С.Қаныбеков, аға тергеуші А.Абдулов және Білім басқармасының басшысы А.Сейдалиев пен басқа да мамандар қатысты. Мәжілісте Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің статистигі жасаған заңбұзушылық қаралды. Онда заң бұзушылық жасаған тұлға өзінің сабаққа қатыса алмайтын бірнеше танысына коллежде тегін оқуға жолдама алып берген. Кейін таныстарының құжаттарын жинап алып, банк шотын аштырған. Сондай-ақ, олардың әрқайсысына диплом алып беруге уәде беріп, есепшот карталарын жинап алған. Осылайша, әрқайсысына ай сайын…

Read More

Береке ықшамауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі жылу батареясы қолды болды. Ұрылар жылытқышты алдын ала босатып, жұрт шырт ұйқыға кеткенде ғана ұрлап әкеткен. Тұрғындар құны 30 мың теңгеге жуықтайтын батареяны жымқырып кеткен баукеспелердің алыстан келмегеніне сенімді. Себебі бұл – алғашқы қарақшылық емес көрінеді. Назгүл СӘСЕНҒАЛИЕВА, қала тұрғыны: – Тапа-тал түсте әрі елдің бәрі үйінде болғанда осындай ұрлық болып тұр. Тоғыз қабатты үйдің кіреберісіндегі батареяның бәрін түсіріп алған. Одан бөлек, біздегі ПИК те дұрыс қызмет атқармайды. Жеделсатымыз аптаның соңғы күндері жүрмей қалады. Бұл уақытта ПИК қызметкерлерінің демалыс екенін алға тартып, келмей қоятын әдеті бар.  Қарақшылар ғимаратқа ену үшін ойын балаларынан есіктің құпия…

Read More

Пандемияның алдағы екі жылға созылу қаупі бар екенін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі халыққа Жолдауында айтып, оған дайын болуға шақырды. – Біз азаматтарымыздан ештеңені жасырған жоқпыз. Індеттен қайтыс болғандардың көрсеткіштері туралы ақпаратты ашық жариялап, ащы да болса шындықты айттық. Босаңсуға әлі ерте. ДДСҰ болжамдары бойынша, пандемияны жеңу үшін екі жыл қажет, – деді Президент.

Read More

Мектептерде өткізілетін салтанатты жиындарға биыл тоқтау салынып, ресми түрде сыңғырлаған қоңырау үні естілмеді. Есесіне, биылғы оқу жылы жаңа ережеге толы болмақ. Оқушылар мектепке дене қызуын өлшетіп, антисептикпен қолдарын залалсыздандырып барып кіргізіледі. Ал сабақ үстінде бетпердемен отыру міндет. Қазір жұмысына рұқсат етілген Атыраудағы 60 мектептің бірі – №27 И.Тайманов атындағы орта мектептің басшылығы оқу жылына толық дайын екенін айтады. Санитария талаптары да қатаң сақталмақ. Ару ҚОСЫМБАЕВА, мектеп директоры: – Арнайы мамандар келіп, мектебімізді қарап, тексеріп дайын екенін көрді. Кезекші сыныптарды ашуға толық мүмкіндігіміз бар екеніне көз жеткізіп, рұқсатын берді. Барлық оқушы күнделікті сабаққа келгенде олардың ата-анасы мектептің сыртынды қалып, аула ішінен…

Read More