ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында ауыл әкімдерін сайлау туралы да пікір білдірді. – Жалпы, алдағы саяси реформалар халықтың басқару жүйесіне белсене араласуына бағытталуы тиіс. Қазіргі сауалнамалар көрсетіп отырғандай, қоғам ауыл әкімдерінің сайланғанын қалайды, – деді Тоқаев парламент палаталарының бірлесекен отырысында. Осы орайда президент ауыл әкімдерін сайлау жүйесін толығымен зерделеп шығу қажеттігін жеткізді. – Бұл – маңызды қадам. Оған жан-жақты дайындалу қажет және біртіндеп іске асыру керек. Біз осы жүйенің қалай жұмыс істейтінін анық білуіміз керек және бұл мәселені кейінге қалдыруға болмайды. Келесі жылы бірқатар ауыл әкімінің құзіреті аяқталады. Меніңше, ауыл әкімдерінің сайлауын өткізу керек, – деп түйіндеді мемлекет басшысы.
Автор: Сайт әкімшілігі
Атырауда 200-ге жуық отбасы жаңа қонысқа көшті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, апатты жағдайдағы Достық-1, Геолог ықшамауданындағы №65 және 66-жатақханалардың, Бірлік ықшамауданында орналасқан АТП-3 мекенжайының тұрғындары жаңа пәтерге ие болды. Осылайша 200-ге жуық отбасы «Береке» ықшамауданында бой көтерген жаңа тұрғын үйге қоныс аударды. Жаңа пәтерлер тұрғындардың жекеменшігіне беріледі. Қазіргі уақытта апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мен жатақханалардың тұрғындарын көшіру кезең-кезеңімен іске асуда. Былтыр Құнанбаев №13, Достық №14 және Досмұхамбетов, Әуезов көшелеріндегі 2 жатақхана мен №22 үйдің тұрғындары көшірілген болса, осы жылдың басында АТП-1, АТП-2 мекенжайындағы 2 үйдің тұрғындары жаңа баспанаға қоныс аударды.
Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов жергілікті тұрғындарды Теңіз кенішіндегі мекемелерге жұмысқа орналастыру қажеттігін айтты. Пандемияның салдарынан ауданда жұмыссыздардың саны артқан. Аудан әкімінің орынбасары вахталық аймақта өткізген жиында «Теңізшевройл» ЖШС мен оған тиесілі ірі 20 мердігер мекеме өкілдері осы мәселені талқыға салды. 13 компания өздерінде бос жұмыс орны бола тұра жұмыспен қамту орталығына сұраныс жібермеген. Керісінше, жарнамаларын әлеуметтік желіде таратуға бел буған. Енді әкімдіктегілер мұндай жағдайдың қайталанбасы үшін өздері кірісуді жөн көріпті. Қайрат ОМАРОВ, Жылыой аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы: – Қазіргі таңда жұмыспен қамту орталығына 2 200 адам тіркеліп отыр. Олардың бәрін осындай мекемелермен келіссөз жүргізіп жұмысқа орналастыруға тырысып жатырмыз. Елді…
Алмалы елдімекенде тұратын ардагер-ұстаз Жұмақыз Тәжіғұлованың төбесінен тамшы сорғалайтын тоқал тамда тұрып келе жатқанына жарты ғасырдай уақыт өтті. Сыз тартқан үйде өмір сүріп әбден сарсаңға салынған апаның осы уақытқа дейін көмек сұрап қақпаған есігі қалмапты. Дегенмен, жәрдемді жоғары биліктегілер емес, жергілікті тұрғындар мен ардагер-ұстаздың өз шәкірттері көрсетіп отыр. Олар Жұмақыз апаға өз ауласынан екі бөлмелі үй салып берген. Қарт ана көмек көрсеткен кең пейілді адамдарға алғыс жаудырып, ризалығын білдірді. 40 жыл ұстаздық қызмет қылған ананың жаңа үйін салуға ауылдың азаматтары мен кәсіпкерлері де үлес қосыпты. Айболат САХИЕВ, ауыл тұрғыны: – Ескі баспанасын көріп тұрсыздар, бүгін-ертең құлайын деп тұрған үй .…
Бірер апта бұрын қалыпқа келген қалаішілік маршруттардың ізін ала бере шаhар маңындағы елдімекендерге қатынайтын автобустар да қайта жолға шықты. Санитария талаптарына сәйкес, жолаушылар автобустағы орын санына қарай кіргізіледі. Ал кейінгі маршрут келгенше мінем деушілердің саны қайтадан артады. Осы мәселеге орай, тұрғындар интервал уақытының жиілегенін қалайды. Гаухар ҚАБДОЛЛАЕВА, «Smart Atyrau» КММ қызметкері: – Еркінқала, Дамбы, Геолог және Жұлдызға қатынайтын атвобустарды көбейту әлі де жоспарда бар. Олардың іші жартылай толу қажет және орындықта ғана отыруға рұқсат етіледі. Біз әкімдіктен бөлінген қызметкерлер және полиция қызметкерлерімен бірге таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 8-ге дейін қатаң бақылаймыз. Қазір қала бойынша 26 бағытта 123 транспорт қатынайды.
Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Ақтау қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабар таратты. Облыс әкімі бастаған топ алдымен 19-шағынауданға барып, тұрғындардың талап-арызымен танысты. Өңір басшысы жауапты тұлғаларға құрылыс жұмысы бірнеше жылдан бері аяқсыз тұрған 5 қабатты үйдің жобалық сметалық құжаттарын қайта қарауды тапсырды. Ал тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғимарат аумағын қоршауға алып, күзет пунктін орнату керегін ескертті. Сонымен қатар, шағынауданға жол салу үшін құжаттар дайындап, абаттандыруға ерекше назар аудару қажет деді. Содан кейін облыс әкімі 16-шағынаудандағы «Жеңіс» тұрғын үй кешеніне барды. Тікелей эфир кезінде әкімге тұрғындар тарапынан №42, №43, №43/1, №43/2, 43/3…
Соңғы тәуліктің есебі бойынша, Атырау облысында 15 адамнан covid-19 белгілері табылған. Ал Маңғыстау облысында ешқандай науқас тіркелмеді. Коронавирус жұқтырғандар саны: Нұр-Сұлтан қаласы — 13738 (+8), Алматы қаласы — 14084 (+12), Шымкент қаласы — 5165 (+1), Ақмола облысы — 3331 (+14), Ақтөбе облысы — 3199 (+5), Алматы облысы — 4875 (+7), Атырау облысы — 10833 (+15), Шығыс Қазақстан облысы — 8007 (+28), Жамбыл облысы — 4057 (+6), Батыс Қазақстан облысы — 6690 (+13), Қарағанды облысы — 9958 (+20), Қостанай облысы — 3346 (+10), Қызылорда облысы — 3227 (+1), Маңғыстау облысы — 3315, Павлодар облысы — 3777 (+13), Солтүстік Қазақстан облысы — 3861 (+12), Түркістан облысы — 3255 (+10) Жазылып шыққандар саны: Нұр-Сұлтан қаласы — 12468, Алматы қаласы — 12591, Шымкент…
Бүгін кешкі сағат 20:00-де Атыраудағы Амандосов және Берғалиев көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы қайта басталды. Тұрғындар ашылған жолдың кеңейтілгеніне және бағдаршам орнатылғанына дән риза. Қазіргі уақытта Амандосов көшесінің қиылыстан бастап Баймұханов көшесіне дейінгі аралығында жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Сол себепті, Геолог жақтан келе жатқан көліктердің теміржол көпірінен асқан соң оң немесе сол бағыттарға ғана жүруіне тура келеді. Жергілікті биліктің сөзінше, жол құрылысы 27-тамыз күні толығымен аяқталмақ.
Армения көліктеріне қатысты тағы да шу шықты. Бұл жолы жүргізушілер оң жақты рөлі сол жаққа ауыстырылған тұлпарларын тіркей алмайтынын айтып, наразылық білдірді. Себебі, көлік конструкциясының қауіпсіздігіне арналған куәлікке қол жеткізу басқа облыста ғана жүзеге асады. Автокөлікті алдын ала тексеру арқылы сертификат беретін лаборатория батыс аймақта жоқ болып шықты. Мұны күні кеше білген жүргізушілер 1-қыркүйекке дейін 1 500 шақырымдық жерге барып-қайту мүмкін еместігін айтады. Ал полиция департаментіндегілер зертхананың ашылуы өздерінің құзыретіне кірмейтінін жеткізді. Қазірден бастап бар мәселені Қостанайдан шешуге кеңес беріп отыр. Бірінші қыркүйекке дейін Қостанайға барып үлгермейміз деген жүргізушілердің ендігі үміті – үкіметте. Айта кету керек, бүгінде облыс бойынша рөлі ауысқан…
Биыл жаңа оқу жылынан бастап мектеп оқушыларына экология сағаты өтетін болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі барысында айтты. Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР Білім және ғылым министрі: – Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға экологиялық білім беру және тәрбиелеу бойынша тапсырма жүктеді. Қазіргі уақытта сарапшылармен бірлесіп, экологиялық білім беру және тәрбие бойынша толыққанды тұжырымдама дайындаймыз. Салалық министрлікпен бірлесіп, сарапшылармен бірнеше кездесу өткізіп, талқыладық. Осы жылдан бастап бірыңғай бағдарлама бойынша экологияға қатысты сынып сағаттары басталады және мектеп бағдарламасына экологиялық білім беру мәселесі ықпалдастырылатын болады. Оның айтуынша, алдағы уақытта экология сағаттары мектепке…
