Автор: Сайт әкімшілігі

Екі айға жуық уақыт бос тұрған ішкі Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметіне Қанат Әзмұқанов тағайындалды. Жаңа басшының құқықтану және қаржы мамандығы бойынша білімі бар. Қанат Әзмұханов еңбек жолын «Жүзе» ЖШС-де заңгер көмекшісі болып бастаған. Кейін бірнеше мекемеде жетекшілік қызметтерді атқарды. 2013–2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, кейін 2018 жылға дейін қалалық Мәслихаттың хатшысы лауазымында болды. Соңғы уақытта Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры қызметін атқарған.

Read More

APEC РetroTechnic – талапкерлер үшін онлайн тестілеу ұйымдастырған республикадағы жалғыз колледж. Қабылдау комиссиясына мыңдаған адам өтініш білдіріп, 777-сінің жолы болды. Ал алты педагог бір күнде 60 шақты абитуриентке тестілеу жүргізді. Колледж басшысының сөзінше, оқуға қабылдау жұмыстары да санитария қауіпсіздігін сақтау мақсатында бейнежазба арқылы өткен. Жаңабек ЖАРЫЛҒАСЫНОВ, APEC РetroTechnic жоғары колледжінің директоры: – Тестілеу кезінде педагогтардан бөлек екі адам бақылаушы ретінде қатысты. Сынақ барысында компьютерде жасалған әр жұмыс экран жазбасы арқылы жүргізіліп, фейсбукте көрсетілді. Оны тексеруге бөлек мамандарды тарттық. Сын сағатта мәселелелерге де тап болдық. Кейде интернет нашарлап, жарық сөніп қалып жатқандықтан тестілеу күндерін ауыстыруға тура келді. Тестілеу барысында ереже бұзған…

Read More

Беларусьте «Президент сайлауының нәтижесі бұрмаланды» деген халық сайлау учаскелерінде қызмет еткен мектеп мұғалімдерін сынға алды. Бұл туралы azattyq.org хабарлады. Оқушылар мектеп қақпасына түрлі жазуға толы плакаттар іліп, сайлау нәтижесін жоққа шығаруды талап ететін ашық хатқа қол жинауда. Ал онлайн акцияға қатысушылар 1-қыркүйек күні мұғалімдерге гүл шоғын сыйламауға шақыруда. Оқушылар білім мен спорттағы жетістіктері үшін алған марапаттар мен дипломдарды білім ордасына кері қайтаруда. Олар дауыс санаудағы алаяқтыққа ұстаздарының да қатысы бар деп санайды. Постсоветтік елдердің көбінде сайлау учаскелерінің басым бөлігі мектептерде орналасқан. Ал сайлау комиссияның мүшелігіне сол мектептің мұғалімдері мен әкімшілік қызметкерлері енеді. Олар дауыс беру нәтижесін растап қол қоюға мәжбүр.…

Read More

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті 250 корпоративтік грантты ұтып алуға байқау жариялады. Грант бакалавр бағдарламасы бойынша университет студенттері мен биылғы талапкерлеріне арналған. Үміткерлер 20–25 тамыз аралығында онлайн өтінім бере алады. Сондай-ақ, аталған оқу ордасын таңдаудағы мақсаты туралы 3 тілдің бірінде, яғни, қазақ, орыс немесе ағылшынша эссе жазып, оның қорытындысы бойынша тестілеуден өтеді. Университет проректоры гранттың білім ордасындағы 23 мамандық бойынша қарастырылғанын атап өтті. Толығырақ ақпаратпен aogu.edu.kz сайты арқылы танысуға болады. Үміткерлерден 1 күн ішінде 40 шақты өтінім келіп түскен.

Read More

Атыраудың 65 мың тұрғыны 42 500 теңге алуға өтініш берген. Бірақ жергілікті штаб оның мың жарымнан астамы қанағаттандырмаған көрінеді. Ал қалған 63 мың тұрғынға тамыз айының бірінші жартысында берілетін 21 250 теңге де қосылып түскен. Олардың 15 мыңы – жұмысынан уақытша қағылған жалдамалы жұмысшылар, 36 мыңға жуығы – жеке кәсіпкерлер. Ал жарты айға берілетін жәрдемақыны алып үлгермегендер алаңдамаса да болады. Азамат МАМБЕТОВ, Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары: – Тұрғындар 1-қыркүйекке дейін арыздарын бере алады. Бірақ бұл 17-тамызға дейінгі болған шектеулерге байланысты төленеді.

Read More

Өр суының тасымауы себепті Жайық жағалауындағы ірілі-ұсақты көлдер құрғап қалуда. Сол жерде өсіп-жетілетін жас шабақтар қажетті оттегінің болмауынан жойылып кетудің алдында тұр. Саны жыл сайын азайып жатқан су маржандарын құтқару қазір өзекті. Сол үшін Индер ауданының әкімдігі мен жергілікті балық қорғау инспекциясы шағын көлдердегі шабақтарды Жайыққа жіберді. Азамат ӘБІҒАЛИЕВ, Индер аудандық балық қорғау инспекциясы бөлімінің бас маманы: – Жалпы Индер ауданы бойынша 21 су тоғаны бар. Соңғы жылдары судың тапшылығына байланысты көлдердің көбі кеуіп кетуде. Сондықтан Жайық өзені жағалауында бөлінген кішкентай көлшіктерден жас шабақтарды сүзіп алып, Жайық өзеніне жібереміз. Негізгі мақсатымыз – балықтың өліп қалуын болдырмау. Жыл сайынғы шабақтарды құтқару…

Read More

Гаитидің солтүстігінде Тортуга аралынан адамдар тасымалдайтын қайық аударылды. Салдарынан кем дегенде 14 адам қаза тауып, бірнешеуі із-түссіз жоғалып кеткен. Жергілікті бұқаралық ақпарат көздерінің мәліметіне сүйенсек, қайыққа жолаушы мен жүк артығымен тиелген көрінеді. 9 адам құтқарылып, оларға медициналық көмек көрсетілуде. Ал жоғалған адамдар саны әзірге белгісіз.

Read More

Биыл «Мектепке жол» акциясы Atamekenim.kz порталы арқылы жүзеге асады. Аталған порталға Атырау облысы бойынша әлеуметтік аз қамтылған топқа жататын отбасы балалары туралы мәліметтер енгізілді. Бұл туралы Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз-қызметі хабарлады. Атырау облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Алмагүл Қайырлиеваның айтуынша, «Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсетудің бұл жаңа форматы өткен жылдан бері қолданыла бастады. Порталдың ерекшелігі – көмекке мұқтаж ата-ана баласының мәліметін ЖСН арқылы тіркеп, тізімге енгізе алады. Алмагүл Қайырлиева, Атырау облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы: – Бүгінгі күні Атырау облысы бойынша әлеуметтік жағдайы төмен, жетім, ерекше білімді қажет ететін 11 187 оқушы бар. Оның 3641-іне…

Read More

АҚШ Иранға қарсы санкция салмақ. Бұл туралы ақ үй басшысы Дональд Трамп мәлімдеді. Вашингтон бұл жолы Ирандағы уран өндірісін тоқтатпақ. Сонымен қатар, Иранға салынған қару-жарақ эмбаргосын тағы 13 жылға дейін ұзарту көзделіп отыр. Бұл санкция осы жылдың қазан айында аяқталуы тиіс еді. Алайда БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың бұл шешімін қолдамаған. Дауыс беру кезінде қару-жараққа қатысты тыйымды АҚШ пен Доминикан Республикасы қолдаса, Ресей мен Қытай қарсы болған. Ал ұйымның қалған 11 мүшесі дауыс беруден қалыс қалған. Иран мен әлемнің жетекші алты державасы 2015 жылдың шілдесінде бірнеше айлық келіссөзден кейін Иран атомына қатысты мәселені шешу туралы тарихи келісімге қол жеткізген еді. Тараптар…

Read More

Биыл Атырау облысындағы жасөспірімдер қылмысы былтырғымен салыстырғанда 9 пайызға азайды. Жеткіншектерге қатысты 40-қа жуық қылмыс пен 1500-ден астам әртүрлі әкімшілік құқықбұзушылық дерегі тіркелген. Полицейлер олардың тәртібін ретке келтіру үшін кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы мен девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатқа рәсімдеген. Гүлназира МҰХТАРОВА, Полиция департаментінің баспасөз хатшысы: – Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауының 85 фактісі анықталды (ҚР ӘҚБтК 127-бабы). Олардың арасында кәмелетке толмағандардың ішімдік ішкені туралы 13 дерек бар. Сонымен қатар, 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында және 23.00-ден кейін ересектердің қарауынсыз көшеге шыққан 1400-ден аса жасөспірім анықталды. Балалардың ата-аналарына немесе олардың заңды өкілдері әкімшілік хаттама толтырылып,…

Read More