Автор: Сайт әкімшілігі

Маңғыстау облыстық бас санитарлық дәрігердің № 37 қаулысының 4.7 ші тармағына сәйкес, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі уақытша әр аптаның жұма күні өтетін болады. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары  21-тамыз күні «Қасиет» медициналық орталығына қарама-қарсы жол бойындағы жаңа автотұрақта өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне келе алады. Онда бау-бақша, ет, сүт және балық өнімдері саудаға шығарылады.

Read More

Атырау облысының полиция қызметкерлері 18–20 тамыз аралығында ақпараттық технологияларды, соның ішінде интернетте алаяқтықпен айналысатын заңбұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған «Anti-fraud» республикалық жедел алдын-алу іс-шарасын өткізді. Осы шараның алғашқы күні Атырау облысында бұрын жасалған алаяқтық сипаттағы 8 интернет қылмыс ашылды. Сонымен қатар, порнографиялық материалдарды тарату фактісі анықталып Қылмыстық Кодекстің 311-бабы бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде. Тәртіп сақшылары Instagram әлеуметтік желісінде жиһаз сату туралы хабарландыру жариялап, тұтынушы болған Атырау қаласы тұрғынынан 260 000 теңге мөлшерінде алдын-ала төлем алған Қарағанды облысының тумасын ұстады. Тексеру барысында ұсталған әйелдің осы тектес бірнеше алаяқтық қылмысқа қатысты екені анықталды. Өз кінәсін толық мойындаған азамат әзірге қолхатпен бостандыққа жіберілді.

Read More

Жоспар жүйесіз болғандықтан ба, уәде уақытында орындалмады. Амандосов пен Берғалиев көшелерінің қиылысындағы жөндеу жұмыстары тағы да ұзаратын болды. Атырау облысы әкімдігінің әлеуметтік желісінде осы туралы ақпар жарияланды. Әкімдіктегілердің жазуынша, қарама-қарсы бағыттағы жолдарға үш жолақтан дайындалған. Енді инфрақұрылымға арналған жұмыстар атқарылып жатқан көрінеді. Амандосов–Берғалиев көшелерінің қиылысы 22-тамызда ашылады дегенмен, Баймұхановқа дейінгі жол 27-тамыздан бастап пайдалануға берілмекші.

Read More

Ауылда балабақшаның жоқтығынан перзентін көрші ауылға таситын ақкөлдіктер үшін жаңа оқу жылы қуанышпен басталмақ. 5 мыңнан астам отбасы тұратын Құрманғазы ауданына қарасты Ақкөл ауылында жаңа балабақша салынуда. 300 орындық мектепке дейінгі ұйымның құрылысы аяқталып келеді. Асхана, гимнастика залы және мектепалды даярлық сыныптары бар балабақша 1-қыркүйектен бастап ашылмақ. Эдуард АЗАТОВ, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары: – Осы округке 300 орындық мектеп салу жоспарланған. Балқұдықта мектеп жанынан 100 орындық асхана құрылысы жүргізіліп жатыр. Сүйіндік ауылдық округінде жатахана күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Құрманғазы ауылдық округінде де орталық үлкен стадионын қайта жарақтандыру басталады. Қазір Құрманғазы ауданындағы басты міндет – карантин…

Read More

Еңбекке қабілетті 700 мың қазақстандық жыл соңына дейін жұмыссыз жүруі мүмкін. Мұндай болжамды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов баспасөз мәслихатында айтты. Карантиндік шектеулер мен вирустың өршуі жұмыссыздықтың өсуіне әсер етпей қоймады. Шектеу шараларының шарықтау шегінде жұмыссыздар 4 миллион 200 мыңға жетіпті. Маусымда бұл көрсеткіш 1 миллионға дейін қысқарған.  Серік ШАПКЕНОВ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі: – Егер карантин ұзарып, инфекция қайта күшейсе, онда бұл көрсеткіш тағы да көбейеді. Бірақ бұл кезде жұмыспен қамтудың жол картасын қолданамыз. Қазақстанда жұмыссыздардың саны 8 есеге өскен. Вице-министрдің сөзінше, 11 мың адам мемлекеттік бағдарламалар аясында қызметке орналасты. Ал Атырауда 18…

Read More

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Фейсбук әлеуметтік желісі арқылы тікелей байланысқа шығып, тұрғындар сауалдарына жауап берді. Онлайн кездесуде жұртшылықтың ұсыныс-пікірлерін айтуына да толық мүмкіндік жасалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Әкімнің әлеуметтік желідегі тікелей эфирі бір жарым сағатқа созылды. Келіп түскен 300-ден астам сұрақтың 100-ге жуығына жауап берілді. Аймақ басшысына қойылған сұрақтың басым бөлігі карантин режимі кезінде қашықтықтан оқыту мәселесі, интернет желісі, медицина қызметіне алаңдаушылық танытқан тұрғындардан жолданды. Серікбай Трұмов өз кезегінде әр сауалға толыққанды жауап беріп, балаларының білімі үшін алаңдаған ата-аналарға КВИ таралуын азайтуға бағытталған шаралар екенін түсіндірді. Сондай-ақ, тұрғындарды пандемия тәртібіне жауапкершілікпен қарап, сақтық шараларына мұқият…

Read More

Геолог ықшамауданына барар тура жол бүгін-ертең ашылу мүмкін. Нақтырақ айтсақ, бір бөлігі ғана. Мұнда автокөлік жолын жөндеу мен кеңейту жұмыстары үшінші апта жүргізілуде. Әкімдіктегілердің айтуынша, жөндеу жұмыстары кептелектің алдын алуға септігін тигізеді. Жұмыс барысына тоқталар болсақ, қазір жол 6 жолаққа дейін кеңейтіліп, бағдаршамға бағынбайтын оң бұрылыс дайындалған. Жалпы алғанда, жолдың ені 22 метрге дейін ұлғайды. Ертеңнен бастап жолдың дайын болған бір бөлігі арқылы қарама-қарсы бағыттағы көлік қозғалысы қайта басталмақ. Ал екінші жағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған соң біржола ашылады. Естеріңізде болса, жөндеу екі аптаға жоспарланған еді. Бірақ кейін оның мерзімі біртіндеп ұзартылып, сағызша созылған құрылыс қалалықтардың қытығына тие бастады. Себебі,…

Read More

Еркінқалалық тұрғын өзінің ауласына 2 мың түп есірткі шөбін өсірген. Полицейлер оны «Қарасора» алдын алу шарасы барысында тәркіледі. Ұсталған азаматтың үйінен салмағы 1 келі 25 грамм болатын кептірілген сора да табылыпты. Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозалып, тергеу жүргізілуде. Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы: – Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексерулер ҚР Қылмыстық Кодексінің 300 және 296 баптары, «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» және «Есірткі, психотроптық заттарын, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша жүргізілуде.

Read More

Индер ауданында көпбалалы отбасыларға жаңадан беріліп, артынша төбесінен су кеткен «Ару ана» тұрғын үй кешенінің шатыры қайта жөнделіп жатыр. Жеке кәсіпкер өз қаражатына салынған әр баспананың құнын 14 млн-ға бағалап, 45 пәтерді жергілікті билікке 630 млн теңгеге сатқан еді. Бірақ кейін шатыры сын көтермей, тұрғындардың наразылығын тудырды. Енді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жөнінде «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұловтың ауданға сапары кезінде белгілі болды. Елордадан келген қонақтар Индердегі құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Төлеген БАЙҒҰЛОВ, республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі: – Көпбалалы аналарға үй беріліпті. Соның сапасы, сырттағы балалар ойнайтын алаңы бар ма, жол қалай салынып…

Read More

Жайық өзені бойындағы Қызылбалық ауылының тұсынан синтетикалық тор табылды. Мамандардың айтуынша, олар су астында мүлдем көрінбейді және қалпын 50 жылға дейін сақтайды. Сондықтан мұндай ау құралдарын пайдалануға заңмен тыйым салынса да, браконьерлер құйтырқы әрекеттерін тоқтатпай тұр. Инспекциядағылардың айтуынша, сүзілген ау құралдары тазаланып, құжат жасақталып, ал ішінен шыққан балықтар арнайы мекемеге тапсырылады. Кіші Дамбыдан Қызылбалық ауылына дейін жүргізілген рейдтік шара барысында 20 шақты ау құралы судан шығарылды. Профилактикалық іс-шараға Теңіз, қалалық және Дамбы инспекциясынан 4 кеме мен 10 қайық және 40-қа жуық жұмысшы жұмылдырылған.

Read More