Қазақстандықтар шілде айында 2 мыңға жуық алтын құйма сатып алған. Бұл тізімде Атырау облысы Алматыдан кейінгі 2 -ші орында тұр. Мұнайлы өңір тұрғындарының сары алтынға жасаған саудасы өткен жылмен салыстырғанда 86 пайызға жоғары. Арайлым АМИН, «ҚР Ұлттық Банкі» РММ АОФ бөлім басшысының орынбасары: – Облыс тұрғындары шілде айында 60-тан аса алтын құймаларын сатып алды. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктерден және банктік емес айырбастау пунктерінен жалпы салмағы 8,4 кг болатын 197 өлшеуіш құйма сатып алынды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 86 пайызға көп. Қазақстандықтар құбылмалы уақытта сенімді инвестиция ретінде алтынды таңдапты. Себебі, соңғы бір жарым айдың ішінде ұлттық валюта 3,5 пайызға…
Автор: Сайт әкімшілігі
Жаңа оқу жылында оқушылардың қай уақытта демалатыны белгілі болды. 1-қыркүйекте қашықтан оқу басталады. Ал шағын жинақталған мектептерде кезекші сыныптардың ашылатыны анық. Министрліктің хабарлауынша, биыл 1-сыныптар 33 апта оқиды. Ал 2–11 сынып оқушылары мектеп табалдырығын алғаш аттайтындардан тек 7 күн артық білім алады. I тоқсан немесе күзгі демалысқа 10 күн беріледі. Оқушылар 5-қарашадан 14-не дейінгі аралықта демалады. Ал екінші тоқсанда, яғни, қысқы демалыста білім алушылар 31-желтоқсаннан бастап 2021 жылдың 10-қаңтарына дейін сабақтан босатылады. Осыдан кейін 8–14 ақпан аралығында 1-сыныптар үшін қосымша тағы бір апталық демалыс бар. Ал көктем шыққанда барлық оқушыны 12 күндік демалыс күтеді. Яғни, ең ұзақ үшінші тоқсан аяқталысымен…
Шетпе кентіндегі «Жаңа орпа» шағын ауданының №2 көшесі бойындағы асфальт жолдан 6 сынама алынып, соның төртеуінен бірқатар кемшілік анықталған. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты хабар таратты. Сондай-ақ, «Ащыбұлақ» ықшамауданындағы Е.Қосбаев атындағы көше мен №7 орта мектеп – «Каспий цемент» зауыты аралығындағы трассадан 7 сынама алынып, барлығы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болды. Бақылау нәтижесі құзырлы органға және жолға тапсырыс беруші мемлекеттік мекеме, мердігер мекемеге қызметтік хат түрінде жолданған. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Шетпе кентіндегі асфальт жолдардың құрылысына шілде айында бақылау жүргізді.
Соңғы тәуліктің есебі бойынша Атырау (17) мен Маңғыстау (8) облыстарында коронавирус індетін жұқтырған 25 науқас тіркелді. 103 571 адам – Қазақстан бойынша осыған дейін тіркелген науқастар саны (соңғы тәуліктегі есеп): Нұр-Сұлтан қаласы — 13640 (+27), Алматы қаласы — 13938 (+22), Шымкент қаласы — 5155 (+3), Ақмола облысы — 3265 (+16), Ақтөбе облысы — 3175 (+5), Алматы облысы — 4844 (+16), Атырау облысы — 10748 (+17), Шығыс Қазақстан облысы — 7863 (+30), Жамбыл облысы — 4018 (+9), Батыс Қазақстан облысы — 6611 (+28), Қарағанды облысы — 9847 (+27), Қостанай облысы — 3290 (+14), Қызылорда облысы — 3215 (+2), Маңғыстау облысы — 3278 (+8), Павлодар облысы — 3699 (+7), Солтүстік Қазақстан облысы — 3792 (+18), Түркістан облысы -…
«Таза Қазақстан» жедел алдын алу шарасы кезінде экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшін барлық өңір бойынша 18 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Республикада экологиялық құқықбұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Таза Қазақстан» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Полицейлер профилактикалық іс-шараны ІІМ экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп өткізіп жатыр. Патрульдік полиция қызметкерлері мен ЭГТРМ өкілдері құрамындағы ұтқыр топтар адамдар көп жиналатын орындарды тексерді. Рейд барысында полицейлер абаттандыру, жасыл желектердің бүлінуі, су пайдалану және балық аулау ережелерін бұзбау туралы ескертіп, азаматтармен профилактикалық әңгіме жүргізеді. Алайда ескертулерге қарамастан, жекелеген азаматтар экология саласындағы бұзушылықтарға жол береді. 24-шілдеде басталған…
Дәл қазір Маңғыстау облысында Армениядан әкелінген 2070 көлік ресми тіркеуден өтті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Жалпы, облыс тұрғындарының атына 3950 көлік тіркелген. Олардың 915-іне қайта тіркеуден өту қажеттілігі жоқ. Полиция департаментіндегілердің айтуынша, көптеген жүргізуші мемлекеттің тағы да жеңілдік жасауын күткендей тіркеуге асығатын емес. Бірақ осыған дейін Үкімет тарапынан берілген жеңілдік енді қайталанбайды. Яғни, жүргізушілер Армениядан сатып алған көліктерін 1-қыркүйекке дейін ресми тіркеп үлгеру керек. Қазіргі уақытта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер тіркеу мерзімі өтіп кетсе, белгіленген заңға сәйкес әкімшілік жаза тағайындалмақ. Бір ескерерлігі, рөлі сол жағында орналасқан көліктер ғана тіркеуге тұра алады. Ол үшін жүргізуші 11…
Кәсіпкерлерге карантиннің жеңілдетілуіне байланысты infokazakhstan.kz сайтына тіркелу міндеттелді. Өтініштің қабылдануы кәсіпорынның санитария талаптарына сай екенін білдіреді. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің сөзінше, жаңа платформа бизнесті карантин құрсауынан кезең-кезеңімен алып шықпақ. Еркінбек ҚАРАКЕШОВ, облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы: – Онда екі түрі бар: хабарлама арқылы және тексеріспен. Хабарлама арқылы шағын дүкен, сұлулық салондары сияқты кәсіп иелері тіркеле алады. Яғни, өзінің электронды үкіметке арналған кілтін пайдаланады және оларға автоматты түрде рұқсат етіледі. Ал ірі сауда орындары бірінші бізге сұраныс жібереді. Сосын арнайы комиссия тексеріп, содан кейін олар жұмысын бастай алады. InfoKazakhstan сайты арқылы санитария нормаларының сәйкестік актісін алу қажет. Ол үшін: Электронды қолтаңба…
Самокат мінудің сәнге айналғаны соншалық, балақайлар экологиялық таза көліктің қарапайым түрін тепсе, ересектерге электронды самокат ыңғайлырақ. Диляра Ұспанова жақын арада жаңасын сатып алыпты. Бұл – тапсырыс жеткізудегі таптырмас көмек. Әу баста велосипедпен жүрген ол ең қолайлы нұсқа осы деп шешіпті. Диляра ҰСПАНОВА, қала тұрғыны: – 2 күн велосипедпен жеткізіп жүрдім. Кейін самокат аламын деп шештім. Өйткені, велосипедте отырғанда арқамдағы жүк қозғалып, кедергі келтіреді. Ал самокатпен жүргенде сен отырмайсың ғой. Бір орында тұрған соң, бәрі қалыпты болады. Сарапшылар самокатты таңдағанда оның сапасына аса мән беру керек дейді. Өндірушінің атауы, танымалдылығына мән берген жөн. Сапасына да көңіл бөлген дұрыс. Есенжан ҒИЛМАНОВ, самокат сатушы:…
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрі Асқар Мәминді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. Үкімет басшысы Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндады. Президентке тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, күзгі жиын-терін жұмыстарын ұйымдастыру, жаңа оқу жылына дайындық жөнінде берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, кездесуде эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету мәселелері сөз болды. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.
Бейнеу ауданындық ауруханасындағы жұқпалы ауруларға арналған бөлімнен коронавирус жұқтырған соңғы адам жазылып шықты. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабар таратты. Осыған дейін ауданда 384 науқас тіркелсе, оның 203-і симптомсыз болған. Олардың барлығы сол жерде ем қабылдаған. Ауру жұқтырғандардың бәрі толық жазылып шыққан соң, қазір орталықтағы 150 орын қысқартылып, қаупісіздік мақсатында 30 орын ғана қалдырылған. Берік АБДУЛЛАЕВ, аудандық аурухананың бас дәрігері: – Бүгін соңғы науқасты шығарып салдық. Науқастарға жәрдем беру үшін күні бойы жұмыс жасадық. Басында қиын болғанмен, кейін оны да жеңіп шықтық. Бізде тәжірибелі дәрігерлер көп, мен солардың барлығына алғыс білдіремін. Бас дәрігердің айтуынша, 60-ты еңсерген соңғы науқас 6-тамыз…
