Автор: Сайт әкімшілігі

Қазақстан ең бақытты елдердің ішінде 50-орынға тұрақтады. Мұндай мәлімет әлемнің 150-ден астам елін қамтитын бақыт деңгейі рейтингінде көрсетілген. Өткен жылы біздің мемлекет 60-шы орында болған еді. Қазір Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения тұрғындарына қарағанда бақытты екенбіз. Әсіресе, ауылдық жердегілердің төрт құбыласы тең көрінеді. Қала тұрғындары да өздерін бақытты сезінетінін айтты. Рейтингте тұрғындардың азаматтық бостандықтарынан бастап, отбасындағы тұрақтылықтарына дейін есептеліпті. Біреу үшін бақыт – қауіпсіздік пен болашағына деген сенімділік болса, енді біреулер үшін – жайлы жұмыс, жақындарының амандығы. Ал Атырау тұрғындары шын бақыт – бала мен оның денінің саулығында деп жауап берді.

Read More

Кеше АҚШ-тың Калифорния штатындағы «Ажал алқабы» ұлттық паркінде көптен бергі ең жоғары температура тіркелді. Жергілікті мамандардың айтуынша, ыстық 54,4 градусқа дейін жоғарылаған. «Ажал алқабында» ауа температурасының көтерілуі жиі байқалады. Кей мәліметтерге сүйенсек, 1913 жылы 56,7°C-ге дейін көтерілген. Бірақ ғалымдар оның қате болу мүмкін екенін айтады. 2013 жылы «Ажал алқабында» 53,9°C тіркелген. Сондай-ақ, 1922 жылы Ливияда сынап бағанасы жер бетінде бұрын-соңды болмаған 58 градусты көрсетті деген алып-қашпа әңгіме шықты. Кейін оны зерттеген мамандар көрсеткіштің қате екенін дәлелдеп шықты. Әзірге жер бетінде ресми түрде тіркелген ең жоғары ауа температурасы 55°C болған. Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымның мәліметінше, ол 1931 жылы Тунис мемлекетінің Кебили уәләятында…

Read More

Атыраудағы Ғ.Мүсірепов атындағы №5 орта мектеп 2017 жылы толықтай жөндеуден өткен. Оған бюджеттен 280 млн теңгеге жуық қаржы бөлініпті. Бірақ биыл наурызда ғимараттың қабырғасы желге төтеп бере алмай, қирап қалған. Облыстық прокуратура жүргізген тексеріс нәтижесінде, мемлекетке 25 миллион теңге шығын келгені белгілі болды. Ал мердігер мекеменің кепілдік мерзімі өткен жылдың қазанында аяқталған. Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ, Атырау облысы прокурорының орынбасары: – Барлық құрылыс компаниялары мемлекеттік сатып алуға қатысар алдында өз мүмкіншіліктерін толық анықтамай тұрып құжаттарын тапсырады. Соның нәтижесінде, қаншама кемістіктер, келеңсіз жағдайлар туындайды?! Ақыр соңында мемлекеттік тапсырма сапасыз орындалады. Прокуратураның мәліметінше, қазіргі уақытта жинақталған құжаттар ҚР ҚК 189-бабына сәйкес тергеп тексеру жұмыстарын…

Read More

Маңғыстау облысының Қарақия аудандық сотында азамат Д-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Қарақия аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Сотта анықталғандай, Д. есімді азамат 6-наурыз күні Маңғыстау аудандық сотының қаулысына сәйкес көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, өзіне тиесілі «Volkswagen Golf-5» маркалы автокөлігін масаң күйде басқарып жүрген кезде полиция қызметкерлеріне ұсталған. Қарақия аудандық сотының үкімімен Д. ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, есірткілік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) кінәлі деп танылып, ол өмір бойына көлік құралын жүргізу құқығынан айырылып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Read More

Самал ықшамауданындағы 1 млрд теңгеге салынған өрт депосы бір жылдан бері пайдаланылмай тұр. Прокурорлардың сөзінше, өткен жылдың тамызында Құрылыс басқармасы қабылдап алған нысандағы жұмыстар жобалық-сметалық құжатқа сай жүргізілмепті. Қажетті құрал-жабдықтар жеткізілмеген, ал су, жылу, электр желілері пайдалануға келмейді. Осы себепті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті нысанды қабылдаудан бас тартқан. Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ, Атырау облысы прокурорының орынбасары: – Атырау қаласындағы өрт депосы іске қосылмаған және Атырау облысы бойынша ТЖД оны өзінің кірісіне алмай жатыр. Себебі, жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес жұмыстар толығымен аяқталмаған. Осы деректер бойынша прокуратура органымен жинақталған құжаттар ҚР ҚК 189 бабына сәйкес іс қозғалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке жіберілген.

Read More

Көшеновтер отбасының өмірі не жарығы, не жылуы жоқ «Жалаңаш жар» ауылында өтіп жатыр. Тозығы жеткен баспана – Индердің Есбол ауылдық округінен жеті шақырымдық жерде орналасқан жалғыз үй. Ит өлген жерді мекендеген отбасының туыстары «Қарекет» қорынан көмек сұрапты. Ғалия ИМАНҒАЛИЕВА, отанасы: – Біздің осы жерге келгенімізге он жыл болды. Жолдасым осы жерде бұрыннан тұрып келе жатыр. Қуанышқа бөлеп жатқандарға көп-көп рахмет. Баспана жайлы болмаса тұрмыстың сайлы болмағы қиын. Қанша қиналса да, ешкімге мұң шағып көрмеген қарапайым отбасының жағдайы жерлестерін бей-жай қалдырмапты. Қоғамдық қор да қолдай кетіп, Индербор кентінен екі бөлмелі пәтер сыйлады. Жанарыс СЫРЫМҰЛЫ, «Қарекет» қорының Атырау облысындағы өкілі: – Бүгін…

Read More

Атырау облысында қырық жыл бойы тазаланбаған Шора, Қиғаш өзендерінің су арнасы тереңдетілуде. Өйткені, осы уақытқа дейін өзектер бітеліп, су көліктерінің қозғалысы қиындаған. Тіпті, кей жердегі тереңдік 30-40 см-ден әрең асады. Ғұмар СЕРІКБАЕВ, түп тереңдету қондырғысының механигі: – Бұл қондырғы өзен түбін тереңдетуге арналған. Тәулігіне 50 метрден алға жылжып келеміз. Тереңдік 1,40 метр болса, біз оны екі жарым метрге дейін қазамыз. Елдімекендер тұсында құрылыс қалдықтары мен браконьерлік аулар қол байлайды. Бірақ әзір графиктен ауытқыған жоқпыз. Тереңдету жұмыстары Каспий теңізінде де жүргізіліп жатыр. Бұл балықшы кемелердің теңізге еркін кіріп-шығуына, өңірдегі жалпы су қатынасының жандануына ықпал етпек. Жобада лай шығаратын 3 техника, 2…

Read More

Қаладағы қозғалыс қайта қызды. Өйткені, қоғамдық көліктердің жұмысы жанданды. Дегенмен карантин талаптары жұмсартылғанмен, күшін толық жоймағанын еске салайық. Егер жағдай тұрақтанса, 24-тамыздан бастап қала сыртына қатынайтын маршруттар да іске қосылады. Бұрынғыдай көлік ішін лық толтыруға рұқсат жоқ. Әр соңғы аялдамада дезинфекция жұмыстары жасалады. Ал санитария талаптары жүргізушілерден ғана емес, жолаушылардан да талап етіледі.

Read More

Республикалық «Таза Қазақстан» алдын алу іс-шарасы жер-жерде жалғасуда. Осыған байланысты атыраулық полицейлер бүгінге дейін 600-ге жуық хаттама толтырған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады. – Аталған іс-шараны өткізудегі басты мақсат – экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтап, жолын кесу, экологиялық жағдайды жақсарту, облыс тұрғындарына қоршаған ортаға, табиғатқа қамқорлық танытуды түсіндіру. Әсіресе, адамдар көп жиналатын өзен жағалаулары мен демалыс аймақтарына рейдтер ұйымдастырылуда, – деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев. Оның айтуынша, су айдындарының жағалауларында ішімдік ішіп, мас күйінде жүруге қатысты 21, жасыл желекті бүлдіру бойынша 28, белгіліленбеген орындарда балық аулауға қатысты 47, рұқсат етілмеген жерде шомылу дерегі бойынша 247, темекі,…

Read More

Сенат депутаты Ғұмар Дүйсембаев Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы 75 орындық жаңа аурухананың құрылысымен танысты. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының ресми сайты хабарлады. Клиникада 10 орындық инфекциялық бөлімше, 10 орындық балалар бөлімшесі, сонымен қатар, ас блогы, кір жуатын орын, медициналық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған полигон болады. Аурухананың айналасында емделушілердің демалысы мен қалпына келуіне барлық жағдай жасалған. Ауруханада толыққанды және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін заманауи жабдықтар орнатылады. Жобаның құны – 2,5 млрд теңге шамасында. Сенатор Ғұмар Дүйсембаев медицина қызметкерлерімен кездесіп, пациенттердің жағдайы мен денсаулық сақтау саласының проблемалық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, депутат Атырау-Астрахан автокөлік жолы, Ақкөл ауылындағы 290 орындық балабақша, Құрманғазы–Бірлік…

Read More