17-тамыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда өткен тәулікте 267 адам коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде 123 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан қаласы — 35 / 1 Алматы қаласы — 39/19 Шымкент қаласы — 2/1 Ақмола облысы — 13/7 Ақтөбе облысы — 3/2 Алматы облысы — 5/4 Атырау облысы — 14/13 Шығыс Қазақстан облысы — 30/11 Жамбыл облысы — 10/4 Батыс Қазақстан облысы — 22/13 Қарағанды облысы — 32/23 Қостанай облысы — 16/7 Қызылорда облысы — 1/0 Маңғыстау облысы — 7 / 6 Павлодар облысы — 7/3 Солтүстік Қазақстан облысы — 24/4 Түркістан…
Автор: Сайт әкімшілігі
Даудың басы «Динадан» басталды. Карантиннің кәріне ұшырадық деген саудагерлер кәсібіне сауға сұрап, шыр-пыр болды. Базардың ашылатынын бір күн бұрын естіп қуанған олардың көңілдері ертесіне сап тыйылыпты. Бес ай бойы бизнесі жүрмей, үйде отырып қалған саудагерлер несиелерін төлей алмай қалғанын айтып, сауда орнының ашылуын талап етті. Нұргүл МЫРЗАҒАЛИЕВА, саудагер: – Кеше «ашамыз» деді. Несиеміз басымыздан асады. Осыған дейін мәз боп келдік. Енді бүгін «жабық» дейді. Кредитімізді бірнеше есеге өсіріп жіберді. Алды сотқа беріп жатыр. Оны қалай төлейтінімізді, үйдегі ауру баламызды қалай асырайтынымызды білмейміз. Базар бірнеше айдан бері жабық болғанымен, карантин кезінде ашық далада орналасқан орындардың саудасы қызбаса, тоқтаған емес. Жабық павильонның…
Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық қауымдастықтан Ливанға қолдау көрсету мақсатында 565 миллион доллар сұраған. Бұл туралы ұйымның гуманитарлық үйлестірушісі Наджат Рошди мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл қаржы апаттан зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмекке және Бейрут қаласын қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалмақ. Тамыздың 4-і күні Бейруттағы теңіз портында жарылыс болып, 170-тен астам адам қаза тапқан еді. Сондай-ақ, 6 мың адам жарақат алып, 300 мыңнан астамы баспанасынан айырылған.
Атырауда дәрігер-сурдолог жоқ. Кохлеарлы имплант жүйесі орнатылған балаларға жағдай жасалмай тұр. Гаухар Қабдошова құлағында мүкісі бар қызының имплантын бір жыл бұрын квота арқылы жасатқанын айтады. Алайда құрылғыны жарты жыл сайын тексертіп тұру керек. Сол үшін әр алты айда перзентін ертіп өзге қалаға сабылуға тура келеді. Бірақ карантиннің кесірінен ол да мүмкін болмапты. Гаухар ҚАБДОШОВА, ата-ана: – Қызым бұрыннан аздап естіп жүрді. Бірақ есту қабілеті төмендей берген соң, осы кохлеарлы имплантты жасаттық. Қазір қызым сөйлейді. Құлақ ішіне орнатылатын құрылғыны 6 ай сайын ретке келтіріп тұрамыз. Сол үшін дәрігерлерді арнайы шақыртып отырмыз. Карантинге байланысты өзіміз Алматыға барып тұрушы едік. Құны 8 млн…
Мемлекеттік органға енді онлайн режимде жұмысқа орналасуға болады. Қызметшілерді іріктеу ережелеріне өзгерістер енгізілді. Үміткерлер ұялы қосымшадағы бейнебайланыс арқылы таңдалады. Жаңашылдық уақытты үнемдеп, санитария талаптарын сақтауға септігін тигізбек. Мемлекеттік қызмет басқармасының мамандарынан құралған арнайы комиссия сұхбаттасудың әділ түрде өтуін бақылайды. Агенттіктегілердің айтуынша, сұхбат барысында әртүрлі қулық әрекеттерге тыйым салынған. Салауат МҮКСІМОВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі АОД басшысы: – Сұхбат барысында үміткерге өзін қалай ұстау керектігі жөнінде ұсыныстар дайындалған, яғни, үшінші бір адамның қатысуын болдырмау керек. Әзірге ешқандай тәртіпбұзушылық болған жоқ. Онлайн-әңгімелесу шалғай елдімекендердегі тестілеуді бақылауға мүмкіндік береді. Мысалы, Жылыойда 4, Қызылқоғада 3, ал қалған аудандарда екі-екіден сұхбат жүргізілген. Жалпы, облыс…
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Махамбет ауданының елдімекендерінде болып, ондағы жүргізіліп жатқан электр желісінің құрылысымен, су арналарының күрделі жөндеу жұмыстарымен, ауылішілік автокөлік жолының жай-күйімен, сондай-ақ, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерімен танысты. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. Облыс әкімі сапарының алғашқы нысаны – ұзындығы 78 шақырымнан асатын «7 ауыл – Айсары» каналы болды. Осы жылдың шілде айынан бастап мұнда 6 экскаватормен каналды тереңдету және тазалау жұмыстары жүргізілуде. Арнаны қайта жаңарту жұмыстары – ауыл шаруашылығына керекті су тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі. Мәселен, «7 ауыл – Айсары» арнасы бойында 13 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат канал суы мен өту…
Соңғы 7 ай ішінде Қазақстанда құны 272,9 млрд. теңге болатын 37 066 автокөлік шығарылды. «ҚазАвтоӨнеркәсіптің» мәліметінше, біздің елде 7 айда жеңіл және жүк көліктерін, автобустарды, арнайы машиналар мен тіркемелерді қоса алғанда жалпы құны 272,9 млрд. теңге болатын 37 066 автокөлік құрастырылған. Шығарылған көлік түрлерінің көлемі өткен жылғы көрсеткіштен 50 пайызға жоғары болып отыр. Елімізде 32 128 жеңіл көлік құрастырылып, өсім 44,2 пайызға жетті. 873 автобус құрастырылды. Жүк көлігін құрастыру 2,9 есеге артып, 3 484-ке жетті. 152 арнайы техника мен 429 тіркеме шығарылды. Республика тұрғындары жергілікті өндірістен шыққан көліктерді сатып алуға 222,2 млрд. теңге жұмсады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 41,1…
Жақында «Nur Otan» партиялық бақылау комиссиясы Ақтаудағы онкологиялық диспансердің құрылыс жұмыстарымен танысты. Әзірге орталықтың құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып тұр. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты хабарлады. Қазір шетелден келген арнайы мамандар медициналық құрал-жабдықтардың қолға тиген 60 пайызын орнатуды бастаған. Қалған жабдықтар белгілі себептерге байланысты кешігіп жатыр. Партиялық бақылау комиссиясының айтуынша, жыл соңына дейін диспансер толық аяқталып, ел игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр. Еске сала кетейік, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б. Байбек Ақтау қаласындағы 100 орындық онкология диспансері құрылысының мерзімінде аяқталуын «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалына тапсырған еді.
Зерттеу қорытындылары бойынша, 2020 жылғы ІІ тоқсанда Маңғыстау облысындағы 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны 320 400 адам болды. Былтыр дәл осы аралықта 321 300 адамға жеткен. Жалпы халық санындағы жұмыс күшінің үлесі – 71,3% болып отыр. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың ІІ-тоқсанында 73,1%-ға толған. Алғашқы екі тоқсанның нәтижесі бойынша, облыс экономикасында 304 100 адам жұмыспен қамтылды. Ал 2019 жылы 306 100 адам жұмысқа тұрған. Жалпы жұмыспен қамтылған халық ішінде жалдамалы жұмыскерлердің үлесі 95,2% болса, қалғаны жалданбай жұмыс істейтін қызметкерлерге тиесілі. Жалданбай жұмыс істейтін қызметкерлердің жалпы санынан жұмыспен қамтылғандардың үлесі 85,4% болды. Жұмыссыз халықтың саны 16 400 адамға жетті. Олардың ішіндегі әйелдердің…
Атырауда заңсыз тұрғын үй құрылысы анықталды. Олқылықты облыстық прокуратураның қызметкерлері мониторинг барысында анықтаған. Олардың айтуынша, құрылыс компаниясы ғимаратты бес қабатты етіп салуға рұқсат алып, артынша тағы екеуін қоспақ болыпты. Ал сапасы сын көтермейтін баспананы сатып алған үлескерлердің жайы енді қаралатын көрінеді. Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ, Атырау облысы прокурорының орынбасары: – Сараптаманың қорытындысы болмауына байланысты адам өміріне және ғимараттың құлауына қауіп төнгізеді. Осы жұмыстың нәтижесінде құрылыс компаниясына ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 314-бабымен соттың шешімі шығарылды. Оларға 388 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Одан бөлек, осы компанияда жұмыс істеп жүрген авторлық қадағалау және техникалық қадағалау жауапты адамдары ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 317-бабымеен айыппұл…
