Автор: Сайт әкімшілігі

Қала жастары бір ай бұрын жөндеуден өткен скейт-парктың сапасыздығына шағымдануда. Өзі былтыр ғана салынған алаң содан бері сыннан көз ашпай келеді. Құрылысшылардың да «бәрін реттейміз» деген сөзі іс жүзінде расталмай шықты. Иван РЕСНОВ, қала тұрғыны: – Тіпті саябақты жабуға да тура келген. Жұмысшылар бізге бөлінген қаражаттың аздығын айтқан болатын. Сондықтан керемет дүние күтпедік те. Бәрін асығыс жасап тастаған. Бұрынғы күйінен түк айырмашылық жоқ. Аталған мәселе туралы құрылысшылардың өзінен сұрағанда мардымды жауап болмады. Абай ХАМИДУЛЛА, мердігер мекеме директорының орынбасары: – Егер бетон тым сапасыз болса, ендігі үгітіліп кетуші еді. Аздаған кем-кетік бар болар. Бірақ оларды алдымен қарап, тексеру керек. Бұл мәселеде…

Read More

Осы жылдың қаңтар–шілде аралығында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 446,9 млрд теңге, ал ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 997 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты хабарлады. Ал өткен шілде айында республикалық бюджеттен зейнетақыға 210 млрд теңге төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 65 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 145 млрд теңге. 2020 жылғы 1-тамыздағы жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлер саны – 2 млн 220 мың. 1-тамыздағы көрсеткіш бойынша, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 95 058 теңгеге жеткен. Міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық…

Read More

Бүгін Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары коронавирус пандемиясы кезінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және гуманитарлық көмекті бөліп, тарату мәселесі бойынша Денсаулық сақтау, Сыртқы істер, Қаржы министрліктерінің және тағы басқа мүдделі ведомстволардың басшыларымен ведио-конференция форматында кездесу өткізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10-шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында індеттің Қазақстанға тигізген зардабының себептеріне тоқталып, оның алдын алудың нақты шараларын анықтап берген болатын. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой және бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов осы бағытта атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. Кездесу барысында Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығына қаратып басқа ведомстволармен және өңірлермен тығыз байланыста жұмыс…

Read More

Өткен жылы 91 метрлік тутұғырдың құлауына оның құрылысына бөлінген қаражаттың ұрлануы себеп болған. Қала орталығындағы ең көрнекті жобалардың бірі болуы тиіс нысан жел қысымына төтеп бере алмады. Осылайша, бөлінген 203 млн теңгені үнемдемек болған мердігер мекеменің заңға қайшы әрекеттері анықталды. Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ, Атырау облысы прокурорының орынбасары: – Сапасына күмән тудыратын материалдарды қолданған деректер анықталуда. Бұның нәтижесінде адамдардың өміріне қатер төнген. Нәтижесінде прокорутура сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп, болған оқиғаны анықтау үшін экономикалық тергеу департаментіне құжаттар жолданды. Прокурорлардың сөзінше, мердігер мен жергілікті атқарушы органның заңсыз әрекеттерінен туындаған апаттық жағдай адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Енді тергеудің қалай аяқталарын уақыт көрсетпек.…

Read More

Карантиндік шектеулер жеңілдетіледі. Атырауда 17-тамыздан бастап сауда ойын-сауық орталықтары мен базарлардың жұмысы қайта жанданады. Оған қоса, қоғамдық көліктер қатынап, мейрамханалар ашылады. Қойылатын талап бір – санитария нормаларының сақталуы. Ал кәсіпкерлік нысан иелері өз жұмыстарын жалғастыру үшін арнайы электронды платформа арқылы тіркеліп, рұқсат алулары тиіс. Жанар ДОСЫМБАЕВА, Атырау облысының бас санитар дәрігерінің орынбасары: – Шағын кәсіпкерлікке жататын қызметкерлер infokazakhstan электронды платформасы арқылы рұқсат алса жеткілікті. Ал базар сияқты ірі кәсіпкерлік нысандарына Атырау облысының әкімшілігі тарапынан құрылған мобильдік топ алдын ала тексеріс жүргізеді.  Сонымен қатар, алдын ала жазылу арқылы сұлулық салондары, шаштараз, бассейні жоқ фитнес орталықтарына да баруға болады. Ал мектепке дейінгі…

Read More

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирустан көз жұмғандар 750 мыңнан асқан. Кемінде 20 млн адам вирус жұқтырған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пікірінше шын мәнінде дертке шалдыққандар саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Соған байланысты кейбір мемлекет шектеу шараларын қайта күшейтсе, кейбірі керісінше жеңілдетуде. Қытай шекарадағы шектеулерін ала бастады. Енді Еуропаның 36 мемлекетіне ел аумағына өтуге жол ашық. Бірақ мұнда келген шетелдіктер міндетті түрде 14 күндік карантинге жатқызылады. Сондай-ақ бұл елге рейстер қысқартылып, билет құны қымбаттаған. Германиядағы эпидемиологиялық ахуал нашарлай түскен. Роберт Кох атындағы институттың мәлімдеуінше, соңғы тәулікте 1 445 адамнан коронавирус анықталған. Мұндай статистика ел аумағында 1-мамырдан бері тіркелмеген.…

Read More

Солтүстік-Каспий Жобасының операторы Қашаған кен орнын игеруші Солтүстік Каспий жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) компаниясы COVID–19 пандемиясына байланысты өндіріс қызметі аймағында орналасқан жергілікті қоғамдастыққа көмек көрсетуді тоқтатқан емес. NCOC компаниясы тамызға дейін Атырау және Маңғыстау облыстарына пандемияға қарсы күрес кезінде 2 500 000 000 теңге қаражат бөлген. Оның ішінде балалар мен ересектерге арналған өкпені жасанды желдетуге (ӨЖЖ) арналған аппараттар, қарқынды терапияға арналған көпфункционалды кереуеттер, ЭКГ және ынталандыру функциясы бар дефибрилляторлар, портативті ультрадыбыстық аппарат, түрлі анализаторлар, мониторлар, қан сақтауға арналған мұздатқыш аппараты, тепловизорлар және тағы да басқа бұйымдар бар. Сонымен қатар, өңірлерге дезинфекциялау құралдары мен медициналық персоналға арналған…

Read More

«Таза Каспий» акциясына Маңғыстау облыстық суасты аңшылығы федерациясының негізін қалаушы Мәміл Бисенқұл мұрындық болған. Шара облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен теңіздің халықаралық күніне арналды. Тазалық жұмыстарына суасты аңшылығымен айналысушы жергілікті 20 тұрғын қатысқан. 10 адамнан құралған бірінші топ 4А ықшамауданы маңындағы суды қоқыстан тазартса, екінші топ өзінің жұмысын «Самал» қонақүй кешені маңынан бастаған. Су астынан шыққан қоқыс «I love Aktau» жазуының қасына жиналды. Шәміл Темірханұлының айтуынша, пластик шөлмек, дөңгелек, ау, шыны ыдыстар сияқты көптеген нәрседен құралған қоқыстың жалпы салмағы шамамен 3 тоннадай болған. Ұйымдастырушылар атқарылған акция арқылы жергілікті тұрғындарды Каспийдің экологиялық мәселелеріне назар аударуға шақырады.

Read More

Енді кәсіпкерлер жұмысын бастау үшін infokazakhstan.kz сайтына кіру арқылы рұқсат алу керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Қазақстанда карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жеңілдетуге арналған онлайн брифинге Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев айтты. Оның айтуынша, 830 мыңға жуық бизнес осы күнге дейін жұмыс істемей тұрған. Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ, Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары: – Бұл шамамен 1,3 млн адамға қатысты. Қабылданған шараларға байланысты 17-тамыздан бастап бизнестің көп түрі жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Кәсіпкерлер жұмысқа шыққаннан кейін қандай жұмыс алгоритмі талап етілетіні туралы үш аптаға жуық бизнестің даярлық ассоциацияларымен талқыладық. 3-4 күнде шешім қабылданды. Ең…

Read More

Шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 548 мыңнан астам бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 333,8 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 320,3 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 млн 548 мыңнан астам өтінімнің ішінде: – 834,9 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген; – 659,5 мың…

Read More