Ресейлік «Спутник V» вакцинасының алғашқы сериялық топтамасы алдағы екі апта ішінде шығарылатын болады. Бұл туралы Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ведомство басшысы Михаил Мурашко ресми түрде тіркелген әлемдегі коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинаның ең бірінші ішкі нарыққа, соның ішінде дәрігерлерге берілетінін айтты. Сондай-ақ, сыртқы айналымға да шығарылмақ. Осы бойынша келіссөздер басталып та кетті. Алайда батыс елдері препараттың толық дайын екендігіне күмән келтіріп, оны өндіріске шығару туралы шешімді сынға алды. Олардың айтуынша, тестілеуді екі ай ғана жүргізіп, вакцина толық дайын болды деу – қателік. Амеш АДАЛЬЯ, Джонс Хопкинс университетінің өкілі: – Қауіпсіз әрі тиімді вакцинаны жасап шығару – басты мақсат емес. Сонымен…
Автор: Сайт әкімшілігі
Атырауда әрқайсысы 7 млн теңгеге сатып алынған қоғамдық дәретханалар пайдаланушылар үшін ақылы болмақ. Жергілікті билік оны 10 жылға сенімгерлік басқаруға бергелі отыр. Әжетхананың тазалығы мен ұзақ уақыт пайдаға жарауын қадағалауға да бір адам керек дейді олар. Бюджет қаржысына сатып алынған 5 әжетхананың әзірге үшеуі ғана орнатылған. Олар Жеңіс саябағы, Махамбет-Исатай алаңы мен Авангард ықшамауданының соңғы аялдамасында тұр. Гүлхан ҒАЛЫМЖАНОВА, Атырау қалалық қаржы бөлімі басшысының орынбасары: – Дәретханалардың өзін жеке сенімгерлік басқаруға беріп жатқан жоқпыз, қазір Жеңіс саябағын сенімгерлік басқаруға беруге тендер жарияланды. Тендер 25-тамызда ашылады. Парк аумағындағы қоғамдық дәретханаларды паркпен бірге таза күтіп ұстау сенімгерші басқарушының міндетіне кіреді. Қазіргі уақытта…
Осы жазда «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде шамамен 300 шақырым болатын теміржол жөндеу көрді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен қатар, 57 км жолға орташа күшейтілген жөндеу жүргізіліп, 18 км рельс тіректері мен 78 км ескі, бірақ жарамды рельс бунақтары, 57 км ескі рельстер және 155 км жаппай рельс жолтабандары алмастырылды. RM қиыршық тастан тазарту машинасының көмегімен 185 км қиыршық тастан тазартылды. Осылайша, жоспарланған көлемнің 62% жұмысы орындалды. Жолдардағы жұмыс ауыр техникалар арқылы атқарылуда. Атап айтқанда, «Duomatic» түзету-бұрғылау-тегістеу машиналарын, DGS жол тұрақтандырғыштарды, PBR балласты жоспарлаушыларды пайдаланып, жылдық жоспардағы 2 700 шақырымдық жолдың 2 134 км болатын бөлігіне жөндеу жүргізілді. Unimat-MF…
Маңғыстау облысына медициналық құрал-жабдықтардан құралған гуманитарлық көмектің тағы бір легі келді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабар таратты. Бұл жолы пандемияға қарсы күреске көмек берген – ACE GROUP трансұлттық компаниясының инвесторлары. Жалпы көлемі 3,5 тонна болатын медициналық бұйымдардың ішінде 500 мың медициналық бетперде, 40 мың көпфункционалды дезинфекциялық құрал, 144 инфрақызыл термометр сияқты науқастарға ең қажетті басқа да заттар бар. Жергілікті биліктің айтуынша, гуманитарлық көмек Ақтау, Жаңаөзен, қалаларының, сондай-ақ Бейнеу, Түпқараған, Мұнайлы және Қарақия аудандарының медициналық мекемелеріне жеткізіледі. Айбат ҚАЛАУБАЙ, Қазақстандағы ACE GROUP бөлімшесінің директоры: – Осы қиын уақытта бәріміз азаматтық ұстанымды көрсетіп, халықты вирустың таралуынан қорғап, пандемиямен күресуіміз керек.…
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіге қатысты 60 қылмыстың жолын кесті. Бұл туралы облыстық департаменттің баспасөз қызметі хабарлады. Нақтырақ айтсақ, жеті ай ішінде Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 60 есірткі қылмысының фактісін анықтады. Оның ішінде 45 есірткі өткізу фактісі, 5 есірткіні аса ірі көлемде сақтау, екі ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты өткізу фактісі, 58 есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау жөніндегі сайт, 2 есірткі құралдары контрабандасының фактісі, 3 есірткіні пайдалану үшін притондар ұйымдастыру және ұстау фактісі, 300-ден аса өткізу мақсатынсыз есірткі қылмыстары. Жанарбек БАҚТЫБАЕВ, Маңғыстау облысының полиция департаментінің басшысы: – Нашақорлықтың…
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Сауат Мыңбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл атқарған жұмысы туралы есеп берді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды. Басқарма төрағасының айтуынша, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында жүк айналымы өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға артқан. Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі біршама өскен. Соған сәйкес мемлекетаралық бекеттегі өткізу қабілетін арттыру шаралары қабылданады. Сонымен қатар, Сауат Мыңбаев пандемияның жолаушылар тасымалына кері әсер еткенін атап өтті. Өткен жылмен салыстырғанда жолаушылар тасымалының көлемі екі есеге азайған. Соған қарамастан компания жолаушыларға қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізіп, жолаушылар вагондарының паркін жаңартып жатыр.
Журналистермен кездескен Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыс бойынша биылғы оқу жылында 196 мектепте 131 900 оқушы білім алатынын айтты. Пандемияға байланысты 2020—2021 оқу жылын оқушылар қашықтықтан оқиды. Бірақ ата-аналардың өтінішіне орай, бастауыш сыныптар үшін кезекші сыныптар жұмыс істемек. Сонымен қатар, әкім облыстағы компьютерге мұқтаж 16 693 оқушыға жаңа оқу жылы басталғанша мектептердің 15 246 компьютері қайтарымды келісіммен таратылып беріліп жатқанын айтты. Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, Атырау облысының әкімі: — 3000 бала үшін интернет қажет болып отыр. Осы орайда «Қазақтелеком» АҚ-ы интернет желісін қосу жұмыстарын жүргізуде. Одан бөлек ұялы операторлармен келісімдер жүргізіліп, жалпыға міндетті оқу қорынан қайтарымсыз негізде 3000 роутер сатып алынуда.
Сәтпаев даңғылында салынып жатқан жаяу жүргіншілерге арналған аспалы өткелдің ашылуына аз уақыт қалды. Құрылысшылар тек әрлеу жұмыстарының қалғанын айтады. Бұл – Атырауда жүзеге асырылатын осындай үш жобаның алғашқысы. Құрылысы өткен жылдың қыркүйегінде басталған. Ал Баймұханов көшесіндегі екінші өткелдің жұмысы мамырдан бастап қолға алынуы тиіс еді. Бірақ жаздың бітуіне аз қалса да, құрылысшылардың қарасы көрінбейді. Қалалық құрылыс бөлімі тапсырманы уақытында орындай алмағанымен қоймай, өткелдің ашылуы жөнінде де жарытып жауап бере алмады. Жұмыстардың неліктен сағызша созылып жатқандығының себебін ешкім білмейді.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырауда инфекциялық кереуеттер саны 26%-ға, провизорлық орын саны 32%-ға қысқарды. Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: – 12 тамыздағы ахуал бойынша, Атырау облысында коронавирус инфекциясымен 10 638 науқас тіркелген. Оның ішінде 7 869 адам емделіп шықты. Бұл – қатерлі вирустан жазылып шыққандардың көрсеткіші 74 пайыз болды деген сөз. Науқастар саны азаюы себепті карантиндік станционарлар жабылды. Алайда эпидемиологиялық ахуал жақсарғанымен, алдағы жағдайды болжай алмаймыз. Сол себепті, жан-жақты дайындықты күшейтіп, короновирустың екінші толқынына дайын болуымыз керек. Атыраудағы барлық емдеу мекемелерінде дәрі-дәрмек қоры жасақталған. Дегенмен, бас дәрігер алдағы күз, қыс мезгілдерінде денсаулыққа салғырт…
Серік Айсин Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды. Ол 1972 жылы Целиноградта дүниеге келген. 1995 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын «инженер-менеджер-экономист», 1999 жылы Академиялық құқық институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы салық органдарында бастаған. Алматы облысы бойынша Салық комитетінде, одан кейін ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің орталық аппаратында түрлі қызметтер атқарды. Осы тағайындауға дейін – ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры болды.
