Атыраудағы жалпы аумағы үш шақырым болатын Амандосов көшесін қайта жаңғырту жұмыстары осы жылдың маусым айында басталып, қала сыртынан қатынайтын көліктерді біраз әбігерге салған еді. Жол құрылысы бірнеше участокке бөлінген. Мәселен, осыған дейін Еркінов–Бергалиев көшесі аралығындағы құрылыс аяқталса, енді жұмысшы топ Амандосов–Бергалиев көшелерінің қиылысындағы айналма жолдан бастап теміржол көпірінен кейінгі 30 метрге дейінгі аралықты жөндеуге кірісті. Жұмысшы топ 14 күн ішінде ескі асфальт жабындысын алып, Еркінов көшесінен бастап теміржол көпіріне дейінгі жолдың енін 22 метрге ұлғайтты. Енді автокөлік жолы 6 жолаққа дейін кеңейтіліп, бағдаршамға бағынбайтын оң жақты бұрылыс пайда болады. Осылайша ұзақ мерзімді қажет ететін ірі жоба бөлек-бөлек ретпен жалғаса бермек.…
Автор: Сайт әкімшілігі
Асқар Әлмұхаметов – Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы. Ол жазғы демалысында қарап жатпай әлемнің үздік жас өнертапқыштарының қатарына кірді. Нақтырақ айтсақ, атыраулық оқушы Apple компаниясы ұйымдастырған инновациялық жобалар байқауына арнап домбыраның симуляторын екі аптада дайындап шыққан. Асқар ӘЛМҰХАМЕТОВ, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы: – Мен бұл құрылғыны байқау үшін лайықты деп санадым. Өйткені, Apple қатысушылардың өз мәдениетін насихаттайтын, өз елін танытатын ерекшеліктерді бағалайды. Енді бұл жобамды App Store желісіне іске қосуды жоспарлап отырмын. Егер сұраныс артса, Android жүйесіне де енгіземін. Жас өнертапқыш мобильді қосымшаға Димаш Құдайбергеннің суретін бейнелеген. Өйткені, әлемге әйгілі өнерпаздың елінен екенін білдіргісі келген көрінеді. Осылайша, асығы алшысынан…
Атырауда бейнекамералардың көмегімен тонау, көлікпен адам қағу, төбелес сияқты 96 қылмыстық іс әшкереленді. Осылайша, камера арқылы ашылған қылмыстың саны өткен жылдың алғашқы 7 айымен салыстырғанда екі есе көбейген. Бұдан бөлек, қоғамдық орындарда тәртіп бұзып, жер-жерде орнатылған 700-ден астам камераның қырағы көзіне іліккендерде есеп жоқ. Гүлмира ТӨЛЕГЕНОВА, Атырау қалалық ПБ Жедел басқару орталығының күш құралдарымен басқару тобының кезекші аға инспекторы: – Осы жылдың алғашқы 7 айының қорытындысы бойынша, бейнебақылау арқылы 8000-ға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде қоғамдық орындарда масаң күйде жүру, темекі тұқылын лақтыру, шемішке шағу, суға түсу сияқты заңсыздықтар бар. Анықталған фактілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бейнекамералардың назарынан жол қозғалысы…
Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталып келе жатқанын баяндады. Мамин жиын барысында қабылданған шаралардың нәтижесінде еліміздегі коронавирустың таралу деңгейі және осыған байланысты барлық теріс көрсеткіштердің азайғанын жеткізді. — Соның ішінде вирусты репрадуктивтің деңгейі орташа 0,82%-ға дейін төмендеді, емделіп шыққандардың үлесі 3,6%-ды құрап отыр, қалғандары қажетті ем алып жатыр. Бұл ретте ауруханалардың жүктемесі 60%-ға және жедел жәрдем шақыру 62%-ға төмендеді. Осы нәтижелер қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді, — деді Үкімет басшысы. Сонымен қатар, ол қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссияның қарауына бейсенбі күні енгізуді тапсырды.
Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы мессенджерлерде тараған балаларға қатысты жұқпалы ауру туралы ақпараттың жалғандығын хабарлады. — Атырау қаласы тікұшақпен уланады, осы арқылы балалар ауырады, — деген форматта мессенджерлерде тарап жатқан ақпаратты Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров жоққа шығарды. — Атыраудың провизорлық стационарларына балалар керуетін əкелу арқылы, əдейі ауру таратылып жатыр, — деген мазмұнда әйел адам таратып жатқан ақпарат шындыққа сəйкес келмейді. Мұндай жалған ақпарат таратушылар ҚР қолданыстағы заңнамасына сəйкес қылмыстық жауапқа тартылатындығын ескертеміз, — делінген баспасөз хабарламасында.
Қажеттілікке орай Атырау облысындағы оқушыларға мектептің 15 246 компьютері беріліп жатыр. Бірақ алдын ала оларды қайтарып беру туралы келісім жасалады. — Қазіргі уақытта компьютерсіз 16 639 оқушыға мектеп компьютерлері уақытша пайдалануға берілуде. Бүгінде 15 246 оқушыға қайтарымды келісіммен мектеп компьютерлері таратылып берілуде, — деді облыстық Білім беру басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Алмагүл Қайырлиева.
Жайықтың Еуропа жағалауындағы саябақтың құрылысы аяқталуға жақын. Мұндағы жөндеу жұмыстары 2018 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ал нысанды қыркүйектің соңында тапсыру жоспарланған. Жаңа демалыс орнында үш субұрқақ болмақ, оның бірі – қалқымалы фонтан. Ресейлік өнімді орналастыру үшін соңғы үлгідегі технология пайдаланылған. Мамандардың сөзінше, өзен суының деңгейі фонтандарға еш кедергі келтірмейді. Жанболат ОМАРОВ, учаске басшысы: – Субұрқаққа судың деңгейі әсер етпейді. Жайықтың суы арнайы орналастырылған фильтр арқылы өтеді. Сорғыларға ешқандай кедергі келтірмейді. Субұрқақ зәкірлермен мықтап бекітілген. Су бетіндегі фонтанға күннің салқындығы да кедергі емес. Күн суыған бойда бөлшектеліп, көктемге дейін сақтаулы тұрады. Жаңа саябақ өзінің әдемілігімен қатар пайдалылығымен де қуантпақ. Мұнда жүгіру…
Енді Covid-19 инфекциясын жұқтырғандар дәріхана жағаламаса да болады. Өзінен коронавирус симптомдарын байқаған әр қазақстандық өзі тіркелген емханаға барса жетіп жатыр. Егер сынама қорытындысы оң болып шықса, барлық қажетті дәрі-дәрмек тегін беріледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі баспасөз мәслихатында айтты. Бағдат ҚОЖАХМЕТОВ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі: – Егер ауру белгілері болса, дереу өзіңіз тіркелген емханаңызға барыңыз. Коронавирустан емдейтін 5 түрлі дәрі-дәрмекті алып, үйден емделсіз. Парацетамол, Ибупрофен және үш түрлі антикоагулянт бар. Олар осы аптаның соңына дейін елдегі барлық емханаларға жеткізіледі. Олар тегін беріледі. Ресми дерек бойынша, елде 99 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. Ал 13 280 атыраулық…
Атырау облысының әкімі мәслихат отырысында әр салаға жеке-жеке тоқталып, жарты жылдың қорытынды есебін берді. Онда Жылыой ауданындағы аурухана жайы да сөз болды. Алғашында 75 орынды ғимарат салу жоспарланғанымен, кейін демеушілердің көмегімен орын саны көбейтіліп отыр. Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, Атырау облысының әкімі: – ТШО-ның «Игілік» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр. Енді ТШО-мен сөйлесіп, қазір 275 орындық етіп саламыз деп өзгерттік. Құлсарыға барғанда көрдім. Бірінші кезеңінде 200 орынның ғимаратын көтереміз. Ол модульды болады. Күзде пайдалануға дайын болу керек. Егер керек болса, инфекционный ретінде де пайдаланамыз. Облыста шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 3,2 пайызға артқан. 50 280 кәсіпкерлік нысаннан өндірілген өнім 693 млрд.…
Талғайраңда салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы тоқтап тұр. Өйткені, ешбір инфрақұрылым тартылмаған аймаққа баспана сала беру тиімсіз. Тіпті, тұрғын үй саларда оның суы, кәріз жүйесі, жарығы мен жолы да жобаланбаған көрінеді. Бұл туралы облыс әкімі мәслихат отырысында айтты. Сондықтан құрылыс жұмыстары келер жылдың басына дейін жүргізілмейді. Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, Атырау облысының әкімі: – Бірде-бір инфрақұрылымға ақша бөлінбеген, жобалық сметалық құжаттамасы жасақталмаған. Соны қолға алып, жыл басында ПЗД-сын жасақтап, сараптамадан өткен соң үй құрылысын жалғастырамыз. Бірақ алдымен дайын жұмыстарды жалғастырып, жоспарымыз бойынша қаражат қаралып жатыр. Электр, газ, су, жол бар қарастырып жатырмыз. Келесі жылы күзге қарай тапсырамыз деген жоспарымыз бар.
