Атырау қаласы аумағында көші-қон заңын бұзғандарды анықтау мақсатында рейдтік шара өтті. Тексеріс жеке тұрғын үй секторлары мен саяжайларға жүргізіліп, жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 100-ге жуық шетелдік азамат қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Нұрлан БИСЕКЕНОВ, қалалық ПБ көші-қон қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы: – Бұл шараның мақсаты – қала аумағында жүрген мигранттар арасында көші-қон заңбұзушылықтарын анықтау, олардың тарапынан жасалатын қылмыстардың алдын алу, жалпы түсіндірме жұмыстары. Олар қазір тексеріледі. Егер қандай да бір заңбұзушылық болса, әкімшілік шараларын аламыз. Рейд барысында карантин талаптарын бұзған асханалар мен көлік жуу орындары да кездесті. Олар шектеу ережелеріне қарамастан жұмыстарын жалғастырған.
Автор: Сайт әкімшілігі
Ақтауда өңірдегі карантин шараларына қарамастан жұмыс істеген шаштараз және монша анықталды. 7-тамыз сағат 11.30-да 1-шағынаудандағы учаскелік инспекторлар шаш қиятын мекемені анықтады. Шектеу шараларын бұзғаны үшін кәсіпкерге ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, Маңғыстау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының жедел уәкілдері – жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері 8-тамыз күні сағат шамамен 23.00-де Ақтау қаласындағы 22-ықшамауданда орналасқан моншаға келген қырыққа жуық адамды ұстады. Тексеру барысында полицейлер моншаның жұмыс істеп тұрғанын және 15 бөлмесі бос емес екенін анықтады. Құқық бұзушыларғға қатысты ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Екі іс бойынша жиналған материалдар Маңғыстау облысы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жолданды.
Эко-волонтерлар «Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы аясында «Ақтау–Форт–Шевченко» тасжолының 43 шақырымында сенбілік өткізді. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты хабарлады. Таңғы сағат 9-да басталып, 1кешкі беске дейін жалғасқан сенбіліктің нәтижесінде, еріктілер 5 тонна қоқыс шығарды. Айта кету керек, өңірде мұндай эко-сенбіліктер тұрақты өткізіліп тұрады. Шараға кез келген адам белсенді түрде қатыса алады. Маңғыстау облысының экология департаменті мен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы осындай акцияларды үнемі қолдап отырады. Экологтар тазалық үшін жауапкершілік әрқайсымызға жүктеледі және ортақ күш-жігермен ғана тәртіп орнатуға болатынын еске салады.
Маңғыстау облысына оттегі концентраторларының тағы бір легі келді. 15 құрылғыны қос қайырымдылық қордың өкілдері сатып алған. Ал қаражатты қамқор қазақстандықтар жинап берді. Тыныс алу аппараттары ұшақпен жеткізілген. Оларды Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері күтіп алып, тиісті орындарға табыстауда. Мұның бәрі Ақтау, Жаңаөзен қалаларындағы және облыстың барлық ауданындағы 6 медициналық мекемеге жіберіледі. Аманат МАХМҰТОВ, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы: – Келген концентраторларды өңірдегі ауруханаларға бөліп береміз. Қазір осы 15 құрылғыны облыстық ауруханаға тапсырамыз. Олар оның екеуін Түпқараған ауданына, үшеуін Қарақия ауданына, Жаңаөзен қаласына екеуі және Маңғыстау ауданындағы ауруханаға үшеуі беріледі. Осы апараттардың көмегімен ауыр жағдайда жатқан науқастардың өміріне араша боламыз…
Кеше Беларусь елінде президенттік сайлау өтті. Ел күткендей, орталық сайлау комиссиясы Александр Лукашенконы 79,7 пайызбен жеңімпаз деп таныды. Бірақ халық көрсетілген қорытындымен келіспейді. Олардың ойынша, Беларусь билігі өздерінің дауысын ұрлаған. Қазіргі басшының негізгі қарсыласы саналған Светлана Тихановская дауыстың 6,8 пайызын жинады дегенге сенбеген ел көшеге шығып, митинг ұйымдастырды. Тіпті, Минск көшелерде үлкен дүрбелең болып, биліктің әскерге жүгінуіне тура келген. Сайлау кезінде интернет пен ұялы байланыс өшірілсе де, қараңғылықтан шаршаған жұрт шынайы демократияға қарай бет бұрғысы келетінін көрсетті. Халық пен полиция арасында қақтығыстың әзірге тоқтайтын түрі байқалмайды. Ұзынқұлаққа сенсек, бірнеше әскер митингке шыққандардың тарабына өтіп кеткен. Ал Минск айлағынан мамырлай көтерілген…
Ливандықтар Бейрут портында болған жарылыстан 150-ден аса адамның қайтыс болғанына үкіметті кінәлайды. Ел ішінде үкіметке қарсы жаппай наразылық туындап, Ливанның ақпарат министрі Манал абдул-Самад пен қоршаған ортаны қорғау және әкімшілік даму министрі Дамианос Каттар отставкаға кетті. Бұған дейін Ливанның премьер-министрі Хасан Диаб 10-тамызда үкіметке мерзімінен бұрын сайлау өткізуді ұсынатынын хабарлаған еді. Былтыр осыған ұқсас жағдай Қазақстанның Арыс қаласында да болған еді. Бірақ Ливандағыдай қателікті мойнына алып, жылы орнынан бас тартқан шенеунікті байқамадық.
Атырауда «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің салымшыларын қаржы пирамидасына тарту, сондай-ақ, алаяқтық дерегімен іздеуде болған азамат ұсталды. Атырау облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері Батыс Қазақстан облысындағы әріптестерімен бірлесіп жүргізген жедел іздестіру шарасының нәтижесінде күдіктіні Орал қаласында қолға түсірген. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі: – Ұсталған күдікті оқшаулау орнына қамалды. Күдіктіге биылғы ақпанда іздеу жарияланғанып, Полиция департаментіне «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің, «Нурали Капитал», «Выгодный займ» микрокредиттік ұйымдарының филиалдары азаматтардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін, ақшалай қаражатын заңсыз иемденіп алу әрекеттеріне қатысты өтініштер түскен еді. Қазір тұрғындардың өтініштері негізінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.
Тамыздың 5–7 күндері «Такси» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, патрульдік полиция қызметкерлері Көліктік бақылау инспекциясының өкілдерімен бірге республикалық маңызы бар тасжолдарда жол қозғалысы ережелері 316 рет бұзылғанын анықтаған. Атырау облыстық полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы: – Жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзған 53, міндетті техникалық байқаудан өтпеген 3, көлік құралын басқарған кезде телефон пайдаланған 2, қауіпсіздік белдігін тақпаған 4, бағдаршамның тыйым салу сигналына өткен 2, көлік құралын басқару құқығы жоқ 2 жүргізуші анықталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің баптарына сәйкес хаттамалар толтырылды. Екі көлік айыппұл тұрағына қойылды. Атырау–Орал, Атырау–Астрахан, Доссор–Құлсары жолдарында карантин режимінің талаптарын бұзып, көлік салонына 6 жолаушыдан отырғызған жүргізушілер…
Бүгінде Ақтау халықаралық теңіз сауда портындағы жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Мұнда карантин режимі қатаң бақыланады. Сақтық ретінде айлақтың кез келген нүктесінде автоматтандырылған өрт сөндіру құрылғысы да орнатылған. Әсіресе, порт арқылы жөнелтілетін ең қауіпті жүк – мұнайды тасымалдау әдісі де өте күрделі. Әмір АТАМБАЕВ, Ақтау халықаралық теңіз сауда портының бас инженері: – Біздің портта қара алтынды тиеп, оны тасымалдау үшін барлық қауіпсіздік ережесі мен талаптар толыққанды сақталған. Ал жанғыш және жарылу қаупі бар жүктерді мүлде тасымалдамаймыз. Оны әлдеқашан тоқтатып тастағанбыз. Кез келген қауіптің алдын алуға техникалық мүмкіндігіміз жетеді. Бұл жерде жыл соңына дейін 2 млн тонна мұнай тасымалдау жоспарланып отыр. Одан…
Оқушыларды компьютермен қамту жұмыстары сыбайлас-жемқорлыққа қарсы топтың назарында болмақ. Жаңа оқу жылының алғашқы тоқсанында онлайн режимде оқитын балалары бар отбасыларға компьютер мен роутерлер алу жоспарланған еді. Бірақ білім бөлімі құрылғыларды сатып алуға конкурс жарияламас бұрын жемқорлыққа қарсы агенттік оларға қойылған бағаның тұрақтылығын бақылайды. Егерде бағаны өсіру фактісі байқалса, шара қолданылады. Айдос МАМЫТ, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің АОД басшысының бірінші орынбасары: – Егер компьютер бағасын көтерген фактілерді анықтайтын болсақ, алғашқы кезекте бұл кәсіпкерлерден тауар алмауға ұсыныс тастаймыз. Алғашқы болып тексерістен Индер ауданының білім бөлімі өтеді. Мұндағы оқушылар үшін 90 миллион теңгеге 300 компьютер сатып алу жоспарланған.
