Автор: Сайт әкімшілігі

Қаладағы ықшамаудандардың бірінде жоғалған сәби бір тәуліктен кейін табылды. Полицейлердің сөзінше, кішкентай Азиза туысқанының жанында болған. Ерлан АЙТЖАНОВ, қыздың әкесі: – Қызым кеше жоғалып кетті. 102 қызметкерлері, волонтерлар – барлығы жұмылып тауып берді. Бәріне көп көп рахмет. Алғысым шексіз. Бізге белгілі болғандай, баланы әкеткен келіншек ата-анасы үйде жоқ кезде қарайласуға көмектесіп тұрады. Бірақ мына әрекетіне не итермелегені белгісіз. Сәбидің әке-шешесі перзентін өздері іздеп таппақ болған. Нәтиже шықпаған соң уайымдай бастапты. Ерлан БИҒАМБАЕВ, Атырау қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары: – Қазіргі уақытта табылған бала үйіне әкелінді. Апасын полиция басқармасына апарып, сол жерде қандай шешім қабылданатыны жөнінде кейін хабарлайтын боламыз. Қазір баланың…

Read More

Карантиннің қатаң талаптары атыраулық шаруаларға да әсер еткені анық. Дегенмен алғашқы жиын-терін жаман емес, қала аумағындағы шаруа қожалықтарынан 12 500 тоннадан астам өнім алынды. Хасан Жұматаев бұл іске жақындары мен балаларын баулыған. Егін егудің қыр-сырын меңгерген ол тамшылап суару әдісін қолға алыпты. Хасан ЖҰМАТАЕВ, шаруа: – Карантинге байланысты басында кішкене қиындау болды. Тұқым алуға, жанармай алуға қалаға бара алмадық. Жібермей жатты. Қажетті тыңайтқыштарды уақытында ала алмай қалдық. Барлығы кеш келді. Оның үстіне, базарлардың жабылып қалғаны тағы бар. Шаруалар тынымсыз еңбектері еш кетпесін деп тізе бүкпестен жұмыстанады. Бірақ оңтүстік өңірден келген өнімді таңдап, жергілікті өнімге күмәнмен қарайтындар да бар екен.  Ал…

Read More

Сенат сайлауына аздаған күн қалды. Басты заң шығарушы органдағы жайлы орыннан өзін көргісі келген үміткерлердің қатары бесеу болғанымен кейін екеуі кандидатураларын қайтарып алған еді. Қалған үш үміткердің екеуі Индер ауданына келіп, мәслихат депутаттарымен кездесіп, өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Сағындық ЛҰҚПАНОВ, үміткер: – Бағдарламамның ішіндегі ең бірінші мәселе – денсаулық. Қалай айтсақ та, қазіргі жағдайда денсаулық саласындағы мәселелер күрделі болып отыр. Еңбек жолында мұнайлы мекенде бірқатар басшылық тізгінін қолына алған үміткер сенат мінберінде осы мәселемен қатар білім беру саласындағы өзекті сауалдардың шешімін табуға тырысатынын жеткізді. Мамандығы дәрігер болса да, көк аспанда қалықтап жүруді жөн көрген Серік Смағұлов та сенатор болуға белсене…

Read More

Boxingnews24.com сайтының авторы Аллан Фокс аты аңызға айналған Флойд Мэйвезерге (50-0, 27 КО) Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жек өткізуді ұсынды. Бұл туралы prosport.kz сайты хабарлады. «Мэйвезердің ММА спортшысымен өткізген жек-жегі сияқты тағы бір қызықты сайысты тамашалау адамға ерекше әсер сыйлайды. Егер ол Эррол Спенс, Геннадий Головкин, Канело Альварес немесе Теренс Кроуфорд сияқты үздік боксшылармен жұдырықтасса, онда ол жанкүйерлерді қызықтыра алар еді. Дегенмен, ол өзінің кәсіби карьерасын аяқтап, енді жекпе-жекке оралмайтынын мәлімдеді» деп жазды автор. Еске сала кетейік, Геннадий Головкиннің жекпе-жегі қазан айында өтеді деп күтілуде. Ол поляк боксшы Камил Шереметамен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте Головкин 2019 жылдың қазан айында жеңіп…

Read More

Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаты Сәкен Өтебаев әлеуметтік маңызды нысандарды аралаумен қатар, кәсіпкерлік саласына айрықша назар аударды. Карантин кезіндегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі – өзекті сұрақтардың бірі. Осы орайда өңірдегі кәсіпкерлерді қолдау шаралары нығайту мақсатында депутат түйткілді мәселелерді талқылады. Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен карантинде зардап шеккен шағын бизнес иелері арасында сауалнама жүргізілуде. Оның қазіргі нәтижесі бойынша кәсіпкерлер несиелерді шегеру, салық міндеттемелерін төлеу, өндіріс ауқымын азайту, шикізат құнының өсуі, 42 500 әлеуметтік төлем алу, коммуналдық және ғимараттарды жалға алу төлемдері сынды бірқатар мәселелер анықталды. Депутатқа бизнес саласының 37 түрі бойынша 1200 орта және шағын бизнес нысандары жұмысын…

Read More

Ақтауда «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында бірқатар білім беру нысандарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап mangystaumedia.kz сайты хабарлады. Атап айтсақ, № 1, 2, 8, 9, 10, 12, 14, 16, 17, 20, 21, 22, 27 орта мектептері мен №19 «Толағай», №29 балабақша, №56 «Жұлдыз», №59 С.Шапағатов атындағы балабақша жөндеуден өтті. Аталған жұмыстарға бюджеттен 172 164,0 мың теңге бөлінген. Сонымен қатар 29-шағынауданда орналасқан №28 жалпы білім беретін орта мектепке және 15-шағынауданда орналасқан IT мектеп-лицейге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, №28 жалпы білім…

Read More

ҚР Үкіметінің қаулысымен 10-тамыз ресми түрде Абай күні болып бекітілді. Ақын, ойшыл, әрі көптеген философиялық шығарма авторының қай күні дүниеге келгені туралы ел аузында әр алуан пікір қалыптасқан. Дегенмен датасы белгіленіп, Қазақстандағы мереке күндері тағы біреумен толықты. Аққали АХМЕТ, тарих ғылымдарының докторы: – Бұны өте құптарлық іс деп айтамын. Себебі, ұлы Абайдың мұраларын қазақ халқына, соның ішінде мынау өскелең ұрпаққа кеңінен үлестіру керек. Оның жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше мән бергенін түсінуіміз керек. Данышпанның айтқан ойлары, пікірлері әр заманның талабына сай. Аққали Ахметтің айтуынша, архив қорларында сақталған 1940 жыл, 16-мамыр күнгі 291-інші қаулыда 1945 жылы ұлы Абайдың 100 жылдығын тойлау шаралары…

Read More

Атырауда жас балаға тиіспекші болған күдікті ұсталды. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  Бүгін кешкі сағат 7:45 шамасында Көктем ықшамауданындағы 4-көшеде, Нұр-Ай азық-түлік дүкені маңында ер адам мас күйінде кішкентай балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасауға оқталған. Хабар жеткен бойда оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлерімен күдікті ұсталып, тергеу абақтысына қамауға алынды. Куәгерлердің айтуынша, арам ойын жүзеге асыруға тырысқан адам жалғыз болмаған. Бірақ қасындағы серігі полиция жасағы жеткенше жасырынып үлгерген-міс. Тіпті, олардың шетел азаматы деген сыбыс бар. Қазір осы жағдай бойынша бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Read More

Ақтауда нөсер жауынның салдарынан бірнеше үйді су басты. Түн ортасында тыныштығынан айырылған тұрғындар үш сағаттан астам уақыт тілсіз жаумен арпалысқан. Шатырдан аққан су кіреберіске, одан әрі пәтерлерге жайылған. Мейрамгүл ЖОЛДАС, Ақтау қаласының тұрғыны: — Подьезді түгел су алып кетті. Үйімізден де су кетті. Дәліз, ванна — бәріне түгел су кетті. Төтенше жағдайға хабарластық, диспетчерге звандадық. 3-4 сағат су тасумен болдық. КСК мамандары бәрі біткеннен кейін келді. Суағар жүйесі әу бастан-ақ дұрыс орнатылмаған көрінеді. Ал бұл үйдің қолданысқа берілгеніне төрт-ақ жыл болған. Десек те шикілік көп, шешілмеген мәселе шаш етектен келетіндей.  Жақсылық МӘМЕДАЛИЕВА, Ақтау қаласының тұрғыны: — Мына үйді салғанда салғырттық…

Read More

1-қазанға дейінгі несие мерзімін ұзарта алатын бизнес салаларының тізімі анықталды. Төлемдерді шегеру 3-тамыздан бастап жүзеге асырылады. ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі карантиннің ұзартылуына байланысты қызметі тоқтатылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша қолдау шараларын ұсыну тәртібін бекітті. ШОБ субъектілері үшін банктік қарыз және микронесие шарттары бойынша мерзімін ұзарту 2020 жылдың 3-тамызынан 1-қазанға дейін 60 күнге беріледі. Өтініштерді қарау мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды. Кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі мынадай салаларда қызметін жүзеге асыратын ШОБ субъектілеріне қолданылады: 1) жабық жұмыс (азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын нарықтардағы); 2) қалааралық автобустардың (микроавтобустардың), қала маңындағы жолаушылар поездарының (жұмыс поездарын қоспағанда, электричкалардың) қозғалысы, жалпы вагондарды…

Read More