Автор: Сайт әкімшілігі

Санитария талаптарының сақталмауы қаладағы сауда нүктелерінде жиі байқалады. Мониторингтік топтың «Дина» базарына жасаған тексерісі бұған тағы бір мәрте көз жеткізді. Кіреберістен тәртіп қадағалайтын жан көрінбеді. Іште де бетперде таққандар санаулы. Ал әкімшілік болса, кінәнің бәрі саудагерлер мен сатып алушылардың өзінде деп безек болды. Базарда сауда қызып тұр. Мониторингтік топтың жұмысы түскі уақытқа тұспа-тұс келген. Мұндағы дүңгіршектерге жеткізіп беру қызметіне ғана рұқсат етілгенімен, тұтынушылар тапсырысты өздері әкетіп жатыр. Ал мына бір асхана тіпті таң қалдырды. Асхана әкімшісі қанша жерден ақталғанымен, көз көрген жағдай мүлдем бөлек. Саудагерлер мен келушілер емен-жарқын әңгіме айтып, түскі ас ішіп отыр. Ернар ӘБІЛХАЙЫРОВ, облыстық тауарлар мен көрсетілетін…

Read More

Атырау қалалық білім бөліміндегі мамандардың айтуынша, жаңа оқу жылында бірде-бір оқушы интернетсіз қалмайды. Атырауда 2800-ге жуық отбасы интернетке қол жеткізе алмай отыр, олар үшін мобильді роутерлер сатып алынбақ. Сондай-ақ, әр мектепте бастауыш класстар үшін кезекші сыныптар ашылады. Жұмыс бабымен немесе физикалық жағдайына байланысты балаларын үйден оқыта алмайтын ата-аналар перзентінің штаттық режимде білім алуына келісім беру жөнінде өтініш толтыра алады. Фаруза ШАНГЕРЕЕВА, қалалық білім бөлімінің басшысы: – Бұл – оқушылар мектепте де, үйде да білім алады деген сөз. 15 бала кезекші сыныптарда оқыса, қалғандары сабаққа онлайн түрде қосылады.

Read More

Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 6 пайызға өскен. Тізімнің көшін 40 проценттік өсіммен картоп бастап тұр. Сондай-ақ, пияз 33, қарақұмық, сәбіз, сары майлардың құны 29 пайызға қымбаттаған. Айнаш ЕСЖАНОВА, Атырау облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары: – Әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарлары бойынша осы жылдың басынан бергі баға индексі 105,7 % болды. 21–28 шілде аралығында макарон түрлері 2,1, қарақұмық жармасы 0,6, жұмыртқа 2,4 пайызға жоғарылағандығы байқалады. Баға тұрақтылығы бас ауруымызға айналғалы қашан?! Төтенше жағдай енгізілгелі мәселе тіпті күрделенді. Қымбатшылықтан қалтасы қағылған тұрғындар күнкөрістің нашарлағанын айтып, мұң шақты. Тұрғындардың айтуынша, баға өсімі базарларда байқалады. Ал мамандар мұны маусымдық кезеңде болатын…

Read More

Маңғыстау облысының полицейлері сауналарда оңтүстік өңірлер мен Өзбекстанның 21–42 жас аралығындағы 16 тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қыздардың жеке басын анықтау үшін оларды Жаңаөзен қалалық Полиция басқармасына жеткізілді. Рейдтік іс-шараларды өткізу барысында Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері ЖҚАЖ қызметкерлерімен бірлесіп Жаңаөзен қаласында карантиндік режимді бұзу фактілерін анықтады. 5-тамыз күні  шамамен сағат 23.20-да вокзалдың жанында карантин режимінің шектеулі шараларына қарамастан жұмыс істеген сауна анықталды. Полицейлер сол жерде әкімші мен жеті қызды ұстады. Біраз уақыттан кейін сағат 23.40 шамасында Шаңырақ шағынауданындағы саунаның әкімшісі мен тағы алты қыз ұсталды. Түнгі сағат екі шамасында Астана шағынауданында орналасқан саунадан да заңсыз жұмыс істеген…

Read More

Индер ауданындағы іргелі елдімекендердің бірі саналатын Есбол ауылында бір күнде қос бірдей қуаныш орын алды. Облыстық «Иманғали» мешіті тағы да оң бастаманың жүзеге асуына себепші болды. Республикалық «Ел үлесі – пәтерге» акциясының аясында ауыл тұрғыны Сәтжан Рамазановқа баспана кілті табысталды.  Сәтжан РАМАЗАНОВ, Есбол ауылының тұрғыны: – Баспаналы болып қалып жатырмын. Иманғали мешітіне рахметімді айтамын. Алла риза болсын. Аман болсын. Адамдарға, жоқ-жітіктерге көмектесе берсін. Жауын жауса, төбесінен су тамшылап, жел тұрса, қабырғасы қозғалатын үйдің тұрғындары баспана сыйлаған азаматтардың пейіліне дән риза. Ал шашу шашып, құтты болсын айта келген имамдар болашақта бұл шаңырақ тек қуанышқа толсын деген тілек білдірді. Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ, Атырау…

Read More

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына өзгерістер енгізілді. Енді халыққа қызмет көрсету орталықтары мен республикалық маңызы бар көлік жолдарының бойында орналасқан вулканизация және дөңгелек ауыстыру нысандарының жұмысына рұқсат етілді. Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.Ғайнеденовтың 2020 жылғы 2-тамыздағы №60 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Атырау облысы аумағында коронавирус инфекциясының (COVID-2019) таралуын төмендету бойынша қатаң карантиндік шараларды одан әрі күшейту туралы» 05.08.2020 жылғы №61 Қаулысы: 1. Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 тамыздағы № 60 «Атырау облысы аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуын төмендету бойынша қатаң карантиндік шараларды одан әрі күшейту туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1)…

Read More

5 тамыз – халықаралық бағдаршам күні. Үш көзді құрылғысыз қалалық өмірді елестету қиын-ақ. Себебі, осы арқылы жол қозғалысы реттеліп, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Бүгінде Атырау қаласында 53 бағдаршам бар. Бірақ қолданыстағы жол құрылғыларының жұмысында кемшін тұстар да жоқ емес. Бір көзі тез өшсе, енді бірі жүргізушілерді тым ұзақ күттіріп қояды. Полицейлер мұны былай деп түсіндірді. Данияр ҚАНАТОВ, әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы: – Уақытты ұзарту немесе азайту автокөліктердің қозғалыс қарқынына қарай қойылады. Мысалы, белгілі бір көшеде көлік саны тым көбейіп кетсе, жасыл көз ұзағырақ жанады. Қарбалас уақыттағы көлік кептелісіне байланысты қызыл көздің жану уақыты өзгеруі мүмкін. Үш көзді құрылғыға мұқтаж Амандосов–Берғалиев,…

Read More

Жарты жылда 100-ден аса азамат тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің көмегіне жүгінген. Сарапшылар мұны сатушы мен тұтынушы арасындағы қарым-қатынас мәдениетінің өспегендігі деп түсіндірді. Осыған байланысты жақында заңға өзгерістер енгізілді: шағымдарды қарау жүйесі реттеліп, арызды елемегендерге айыппұлдар қарастырылған. Мырзахан ЕРҚАНОВ, Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы: – Кәсіпкерлер тауар сататын орындарда тиісті құжаттарды көрсетіп қою керек. Сонымен қатар, сотқа дейінгі реттеу субьектілерінің, уәкілетті органның, яғни, біздің деТұтынушы партаменттің байланыс нөмірі мен мекен-жайын жазып қоюы тиіс. Бұл арқылы тұтынушылар қайда хабарласатынын біле отырып, жаңа үш сатылы өтініштер жүйесін қолдана алады, яғни, сатып алушы дүкеннің әкімшілігімен байланысады. 10 күннің ішінде жауап болмаса, сотқа…

Read More

Енді алкоголь мен темекі өнімдерін кәмелет жастан асқаныңыз анық байқалып тұрса да, жеке куәлікті көрсету арқылы ғана аласыз. Жаңа ереже Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте көрсетілген. Заң бұзылған жағдайда 40 мыңнан 280 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Салтанат РАХИМОВА, заңгер: – Енді қазір сатушылар тұтынушының жасын түріне болжап білуге тиісті емес. Құжат талап етуге міндетті. Заң қашанда орындалуымен құнды. Жалпы, өз басым бұл ережені қолдаймын. Өзгеріс 21 жасқа толмаған жастарымыздың арақ ішу, темекі тарту сияқты жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауына көмектеседі деп ойлаймын. Тағы бір жаңашылдық – темекі қораптарын дүкен сөрелеріне қоюға тыйым салынады. Тіпті, суреттері де…

Read More

Атыраулықтар әуе билеттерінің құнын қайтара алмай әлек. Пандемия басталмас бұрын саяхаттауды жоспарлағандар енді ақшасын алу үшін әуе компанияларына арызданып жатқан көрінеді. Маманның айтуынша, осындай 100-ден астам шағым түскен. Мырзахан ЕРҚАНОВ, Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы: – Қазіргі таңда Атырау облысы тұрғындарынан «Bek Аir», «Air Аstana», «Scat», «Fly Arystan» бойынша арыз-шағымдар түсіп жатыр. Біздің мақсатымыз – сол кісілердің құжаттарын тексеріп, сосын арызын қабылдап, тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жіберу. Бұл мәселе біздің облысқа ғана емес, бүкіл елге таныс. Төтенше жағдай кезінде тоқтаған рейстердің сұрауы енді көбейген. Жағдайдың қалай өрбіп жатқанын білу үшін әуе компанияларының бірімен байланысып көрдік. Тілек ӘБДІРАҚЫМОВ, «Air…

Read More