Орталық Азияның Еуразия қоры «Жарқыра» әлеуметтік кәсіпкерлік байқауын қорытындылады. Теңізшевройл компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоба биыл онлайн-режимде өтті. Байқауға 112 өтінім түсіп, оның 30-ы жартылай финалға шықты. Әр қатысушы түрлі бизнес-курстардан өтіп, маркетинг, қаржы, стратегиялық жоспарлау және көпшілік алдында сөйлеу сияқты төрт бағытта білім алу мүмкіндігіне ие болды. Ирина ГОРБАЧЕНКО, Атырау облыстық «Жарқыра» бағдарламасының координаторы: – Қорытынды бойынша Атырау қаласынан бес, ал Махамбет ауданынан 1 жоба іріктелді. Оның төртеуі 5 жылға пайызсыз несие алып, екеуі жалпы сомасы 18 млн теңге болатын грантты иеленді. Осыған дейінгі жеңімпаздар қайтарған қарыздан 12 млн теңге бөлінді. Ал осы жылдың үздіктері болып қазақ қолөнер…
Автор: Сайт әкімшілігі
Индер ауданында ауқымды жол құрылысы жүріп жатыр. Жоспар бойынша төрт ауыл аудан орталығындағы жаңа жолға қосылады. Соның арқасында елдімекендер арасындағы байланыс пен экономикалық даму деңгейі жоғарылайды деп күтілуде. Мәселен, Жарсуат ауылдық округіне қарасты Қызылжар ауылы Атырау–Индер күре жолынан 2 шақырым қашықтықта орналасқан. Жол құрылысына төтенше жағдай режимі әсерін тигізбей қоймады. Шектеулерге байланысты жұмыстар уақытынан кеш басталған. Дегенмен құрылысшылар істі діттеген уақытында, әрі сапалы етіп жасауға уәде етті. Өйткені, жұмысшылардың басым бөлігі – ауыл тұрғындары. Заманбек ОРЫНҒАЛИЕВ, жол учаскесінің басшысы: – Жолдың биіктігі 40 см болады. Астына геотекстил төселіп, үстіне 15 см құм, 15 см қиыршық тас төселіп, 10 см асфальт…
3-тамыз күні Жұлдыз ықшамауданында болған жол апатынан екі адам қайтыс болды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі хабар таратты. Бір адам оқиға орнында көз жұмса, екіншісі бас, ми жарақаты, қол, аяқ сүйектерінің сынуы, кеуденің ауыр жарақаты диагнозымен ауруханаға жеткізілгенмен, 4-тамызда о дүниелік болған. Сонымен қатар, көлік апатынан оң аяғының сүйектері сынып, бүйрегі зақымданған 1980 жылы туған азаматқа алғашқы көмек көрсетіліп, қазіргі уақытта амбулаториялық ем беріліп жатыр.
Нигериялық азамат Маңғыстау облысының аумағында кедергісіз жұмыс істеу және заңсыз қызметін жүзеге асыру үшін көші-қон полициясының қызметкеріне пара беруге тырысқан. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлайды. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі арнайы жасағының аға инспекторы Қуат Қанбаев ақшадан бас тартып, бұл факті туралы Өзіндік қауіпсіздік басқармасына баяндады. Шетелдік ұсталды. Аталған дерекке байланысты ҚР ҚК-нің 367-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Материал шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілді. Дәл осыған ұқсас жағдай маңғыстаулық басқа полицейдің де басынан өтті. Оған пара ретінде 200 мың теңге беруге тырысқан. Полиция қызметкері бірден…
Карантин ережесінде көрсетілген тыйымдарға қарамастан Атырау–Шымкент бағытында жолаушы тасымалдаған автобус анықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Кеше 19:30 шамасында Атырау полицейлері республикалық маңызы бар Атырау–Орал тас жолының 9 шақырымында жолаушылар тасымалдайтын автобусты тоқтатты. Тексеру барысында, Түркістан облысының тұрғыны 35 жастағы жүргізуші Атырау–Шымкент бағыты бойынша 30 жолаушымен жолға шыққаны анықталды. Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалааралық жолаушылар тасымалдауға тыйым салынғанына қарамастан, карантин режимін бұзғандарға қатысты жинақталған құжаттар тиісті шешім қабылдау үшін Атырау қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ливандағы жағдайға байланысты түсініктеме берді. Бұл туралы еgemen.kz сайты хабарлады. МұхтарТІЛЕУБЕРДІ, ҚР Сыртқы істер министрі: – Ливандағы Бейрут қаласының портында бірнеше қатты жарылыстар болды. Қалалық инфрақұрылымға зиян келтірілді, адам шығыны бар. Жарылыс туралы ақпарат алғаннан кейін біздің Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне Ливандағы қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Қазіргі уақытта Қазақстанның 113 азаматы Ливанда консулдық есепте тұр. Біздің дипломаттар олармен байланыста, қазақстандықтардың арасында зардап шеккендер жоқ. Өздеріңіз білетіндей, дипломатиялық миссия кеңсесіне де зиян тиген болатын, ол алдағы уақытта қалпына келтіріледі. Біздің қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері зардап шеккен жоқ. Өздеріңіз білетіндей, Ливанда…
Каспийде итбалықтар жойылып барады. 15 жылдан бері осы сүтқоректілерді зерттеумен айналысатын білікті маман Мерғали Баймұқановтың айтуынша, бұған түрлі техногендік фактор себеп болуы мүмкін екен. Егер дәл мұндай қарқынмен жалғасатын болса, теңіз жануарының мүлдем жойылып кету қаупі бар. Итбалықтардың көзден ғайып болып бара жатқанын Гидробиология және экология институтының өкілдері талай мәрте көтерді. Тіпті, кезінде өз ұсыныстарын да жеткізген. Мерғали БАЙМҰҚАНОВ, Гидробиология және экология институтының жетекшісі: – Итаблықтар Каспийдің солтүстік мұзды аумағын 2005–2012 жылдары көп мекендеді. Санақ бойынша көк теңізде 110 мыңнан аса итбалық болған. Ал бүгінде олардың қатары 10 есеге дейін азайған. Біз 2006 жылы бұл теңіз жануарларын аулауға байланысты лимитті алып…
Биыл Маңғыстау облысында 1-сыныпқа 20 мыңға жуық бала барады. Бірақ бұл оқушылар жылдағыдай мектеп формасын киіп, мектеп табалдырығын аттамайды. Олардың бәрі де жазу-сызуды қашықтан танып біледі. Бірақ өңірге қарасты екі шағын елдімекендегі интернет жылдамдығының төмен болуына байланысты кәдімгі штаттық режимде оқитын болады. Қазір мектеп қабырғасындағы компьтерлер кейбір отбасыларға уақытша пайдалануға берілмек. Облыстық білім басқармасы өкілінің мәлімдеуінше, қазір 30 мыңға жуық компьютер сатып алынған. Ал оқу бағдарламасының қалай болары әзірге белгісіз. Гүлмира МАМАЕВА, Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары: – 1-сыныптың мұғалімдері балалармен аптасына бір сабақты онлайн өткізуі мүмкін. Өйткені, баланы көріп-бақылау да керек. Бұдан басқа әртүрлі платформалар бар. MEKTEP.EDUS деген…
Биыл Маңғыстау облысында 7 адам судың құрбаны болды. Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен онлайн брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Ратбек Демеуберген мәлімдеді, – деп хабарлайды mangystaumedia.kz. Оның айтуынша, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертуіне қарамастан суға кету дерегі азаяр емес. Әсіресе, тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда шомылып, мас күйінде суға түсетіндер көп. Соның ішінде балаларды қараусыз қалдырушы ата-аналардың жауапсыздығынан болатын қайғылы оқиғалар да бар. Ратбек ДЕМЕУБЕРГЕН, Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы: – Бүгінгі күнге дейін облыста өткен 178 рейдтік іс-шараға жергілікті полиция өкілдері мен Маңғыстау облыстық табиғи…
Бетперде тағу бәріне міндеттелді. Кез келген қоғамдық орында, атап айтқанда, саябақта, жағалау мен көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында, дүкендерде, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен әуежайларда заңды бұзсаңыз, 83 340 теңге айыппұл төлейсіз. Гүлназ ИРБАТЫРОВА, Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаментінің бөлім басшысы: – Дүкен, дәріхана сияқты өз қажеттіліктеріне қарай шыққан кезде, яғни, ашық ауада да бетперде кию міндетті. Бір адам үш рет маска тақпай ұсталса, 3 рет айыппұл төлейді. Ал сол жағдай 4-інші рет қайталанса, істі сот қарайтын болады. Тамақтану орындарында бетпердені шешіп қоюға болады. Бұл ереже спортпен айналысатындарға да қатысты. Алайда мұнда арақашықтық сақтау міндеттеледі.…
