Атырау облысында – су жаңа санитарлық дәрігер. Бұл орынға осыған дейін қалалық санитарлық дәрігер қызметінде болған Қанат Ғайнеденов тағайындалды. Неге екені белгісіз, бұл жолы бас санитар жұртшылыққа таныстырылмады. Оны көпшілігі жаңа қаулы арқылы ғана біліп жатты… Қанат Ғайнеденов еңбек жолын 1999 жылы Атырау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық стансасында дәрігер-энтомологтың көмекшісі қызметінен бастаған. Сол жылдардан осы уақытқа дейін тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасын бақылау департаменті мен басқармаларында қарапайым маманнан бастап басшылық қызметке дейін көтерілген. 42 жастағы Қанат Бақбергенұлы пандемия басталғалы тағайындалған бесінші дәрігер екенін айта кетейік.
Автор: Сайт әкімшілігі
Атырау өңірінде онлайн сауда қызып тұр. Саудагерлер бұған карантин кезіндегі шектеулердің әсер еткенін айтады. Қалаған дүниесіне үйден шықпай-ақ қол жеткізіп үйренгендер қала ішінде ғана емес, ауыл-аймақтарда да көп. Мұндай белсенділікті өзіміз де күтпедік дейді Айдана. Айзада ҮМБЕТОВА, әйелдерге арналған киім дүкенінің әкімшісі: — Карантинннің арқасында онлайн сауда 2 есе, тіпті 3 есе көтерілді. Былайғы уақытта жеткізіп беру талабымен 5-6 адам алатын болса, қазір күніне орташа есеппен 20-30 адам алады. Сондай-ақ, онлайн саудаға шағымданушылар да екі есеге көбейген. Мамандардың сөзінше, тауардың сапасына көңілі толмаған немесе тапсырысы уақытында келмеген тұрғындардың қарасы қалың. Мырзахан ЕРҚАНОВ, Атырау облысы тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы: -…
Самалдықтар 7 жылдан бері интернетке жарымай отыр. Атыраудағы Самал-2 ықшамауданының тұрғындары жаңа оқу жылын қорқынышпен күтіп жүр. Өйткені, қашықтан білім алатын оқушылар үшін интернет мәселесі күрмеулі. Тұрғындар талай рет Қазақтелекомның табылдырығын да тоздырған. Бірақ нәтиже жоқ. Жангелді КӘРІМОВ, Самал-2 тұрғыны: – Біз былтыр арыз жазып Қазақтелекомға жібердік. Оны Ақтөбе қарайды деп сонда жіберді. Арызымыз оған да жетті. Бірақ қаражатқа байланысты болмайды деп тұр. Қазір жұмысшылардың 80 пайызы үйден жасап жатыр. Балаларымыз да үйден оқып жатыр. Өте қиын болып тұр. Бір үйде төрт баладан оқиды. Мобильді интернеттің ақшаға шығыны көп. Нұргүл МАҚАРОВА, Самал-2 тұрғыны: – Бізге ең керек мәселе интернет болып…
Жабылған «Астана банкінің» салымшылары өз ақшаларын әлі де алып үлгереді. Төлемдерді қайтару мерзімі келесі жылдың 28-қаңтарына дейін ұзартылды. Естеріңізде болса, жұмысы осыдан екі жыл бұрын тоқтатылған банктің қорында сол кезде 40 миллиард теңге болды. Оның басым бөлігі агент-банк арқылы төленген, тек кейбір салымшылар түрлі себепке байланысты өз ақшаларын қайтарып үлгермепті. Қазбек ҰЗЫҚАНОВ, «Еуразиялық банк» АОФ директоры: – Салымшылардың өз ақшаларын алып үлгермеуіне байланысты акция ұзартылып отыр. Қазір 37 миллиард теңге төленді. Енді бар болғаны 450 млн-ға жуық қаражат қалды. Ал төлемдерді өтеу жұмыстарын жүзеге асыратын «Еуразиялық банктың» менеджерлері процесті ұзаққа созбауға кеңес береді. Ол үшін жеке басты куәландыратын құжаттың болғаны…
Қызылқоға топырағында орналасқан «Қайнармұнайгаз» кен орнының ұжымы аудан халқына өкпені жасанды желдетуге арналған 4 аппаратты сыйлады. Карантин ережелерінің сақталуына орай, Қызылқоға ауданындағы жағдай қазір тұрақталса да, жергілікті мұнай мекемесі аппараттарды болуы мүмкін қауіптің алдын алу мақсатында шетелден арнайы алдыртқан. Төрт аппараттың біреуі Мұқыр ауылдық округіндегі емханаға, қалған үшеуі Миялыда орналасқан аудандық орталық ауруханаға табысталды. Олар қажеттілікке қарай, алыс ауылдарда орналасқан емханаларға жеткізіледі.
Атырау облысына «Сәби» қайырымдылық қоры атынан жалпы сомасы 128 млн. теңге болатын дәрілік препараттар тарту етілді. Астраханнан әрқайсысының құны 10 млн. теңгелік 10 жасанды тыныс алу аппараты, сондай-ақ, 26 млн. болатын дәрі-дәрмек жеткізілді. Ал қалған сомаға 40 шақты консентратор мен медициналық бетперде алынды. Көмекті «Иманғали» орталық мешіті қабылдап алды. Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ, Атырау облысының бас имамы: – ҚМДБ төрағасы және ондағы «Зекет» қайырымдылық қоры «Өмірге үміт сыйла» акциясын жариялаған еді. Акция барысында Атырау мешіттері атынан халыққа үндеу жасадық. Яғни, онда қазіргі таңда халыққа аудай қажет болған дәрі-дәрмекпен көмектесу, құрбандық шалып, етін тегін тарату, жасанды тыныс алу аппаратын алып беру туралы айтылды. …
SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск туиттердегі парақшасында Мысырдағы пирамидаларды бөгдеғаламшарлықтар салғанын жазған еді. Іле оның жазбасына перғауын жұртының билігі де жауап беріп, жас ғалымның жұмысына риза екенін және оның өз еліне келіп көне жазуларды зерттеуін өтінген. Мысырдың туризм министрі Рания әл-Машат былай дейді: – Сізді және SpaceX компаниясын көне жазулар арқылы пирамидалардың қалай салынғанын және оларды салушылардың да зираттарын зерттеуге шақырамын. Мистер Маск, біз сізді күтеміз. Сондай-ақ, ол пирамидалардың құрылысына бөгдеғаламшарлықтардың еш қатысы жоқ екенін тілге тиек еткен.
Ішкі істер министрлігінің келісімімен Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Жанарбек Бактыбаевтың бұйрығымен Қарақия ауданы Полиция бөлімінің бастығы болып Данияр Азимов тағайындалды. Жаңа басшыны жеке құрамға Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Болатбек Ақшауов таныстырды. Данияр Азимов 1985 жылы туған. Ішкі істер органдарында 2008 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Басшылық лауазымдарда атқарған үлкен тәжірибесі бар. Әр түрлі жылдарда жергілікті полиция қызметінде бастық орынбасары, Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары, Бейнеу ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары болған. 2020 жылы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының магистратурасын тәмамдаған.
Мемлекеттік қызметшілер арасында жүргізілетін конкурстық іріктеу ережелері жеңілдетілді. Енгізілген түзетулерге сәйкес, мемлекеттік орган қызметкерлері арасында өтетін ішкі конкурс жалпы конкурспен біріктірілген. Өзгерістер 2020 жылдың 17-шілдесінен бастап күшіне енді. Мамандардың сөзінше, жаңашылдық бос лауазымдардың орнын аз уақытта толтыруға ықпал етеді. Руслан ТҰҢҒЫШБАЕВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі АОД басшысының орынбасары: — Заңға енгізілген бұл жаңалықтар жұмысты 30 пайызға дейін қысқартады. Бұрынғы кезде конкурс үш кезеңнен тұрса, қазір екі кезеңнен. Бұрынғы үш кезеңнен тұрған кезде елу күнге дейін созылатын, қазір 15 күнге дейін қысқарып, уақыт үнемделеді. Сонымен қатар, өзгерістер бос лауазымдарға мемлекетті қызметшілерді тезірек алу мақсатында енгізілді.
Атыраулықтар жабайы жағажайдан әлі де алыстамай жүр. Жыл басынан бері тілсіз жау 15 адамды жалмаған. Салынған тыйымдарға қарамастан суға түскендерге жедел құтқару жасағы мен полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын өткізіп, ескерту жасады. Нұржан ЖАҚАТАЕВ, Атырау қалалық ТЖБ бастығының уақытша міндетін атқарушы: Рейдтік шара барысында төтенше жағдай қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері бірге қызмет атқарады. Талаптарды бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазіргі жүргізілген рейдтік шаралар әлі де жалғасын табады. Талапты бұзған 30 шақты азаматқа ескерту жасалды. Жағажайда жүргендердің басым бөлігі жасөспірімдер мен бала-шағалы отбасылар. Әдетте тәртіп сақшылары келгенде өкпесін қолына алып қаша жөнелетіндер көздіаала бере қайта келетін…
