Кеше ғана Атырауда шақырымдап созылған кептеліс мәселесі шешіледі деген полицейлердің ойлары оңды жүзеге аспай тұр. Амандосов пен Берғалиев көшелерінің қиылысында тосыннан басталған жол жөндеу жұмыстары көпшілікке қолайсыздық тудыруда. Әсіресе, пандемия уақытында дәріхана мен ауруханаға жете алмаған тұрғындардың қабағы қатулы. Қалалық әкімдіктегілер жөндеу жұмыстарының халық игілігі үшін жасалып жатқандығын айтады. Біраз әбігерге салғаны рас, бірақ аз уақыт шыдауды өтінеді. Теміржол көпірінің жанындағы айналма жол бұзылып, ондағы домбыраға арналған ескерткіш, гүлдер мен көгалдар да алынады. Қала әкімінің орынбасары Ринат Жаңғылышовтың айтуынша, мұндай өзгерістерге түрткі болған дәл осы толассыз кептелістер екен. Ринат ЖАҢҒЫЛЫШОВ, Атырау қаласы әкімінің орынбасары: – Жоба ұйымдастырушылары бұл мәселені шешу…
Автор: Сайт әкімшілігі
Атырауда дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру қоры құрылды. Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес, облыс әкімдігі мен «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік коорпорациясы қолға алған бастамаға 500 миллион теңге бөлінген. Нақтырақ айтсақ, бұл ақшаға жыл соңына дейін 5 млн. данаға жуық медициналық өнім алынады. Одан бөлек, резервке тағы 900 мың медикамент алынбақ. Қазірдің өзінде дәрі-дәрмектің алғашқы легі келіп жетті. Данияр ТАХАНОВ, «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы төрағасының бірінші орынбасары: – Бүгінге дейін 240 миллион теңгеге 688 дана медициналық зат алынды. 50 миллион теңгенің дәрі-дәрмегі Жылыой, Индер аудандарына таратылып қойды. Қалған аудандарға да жақын арада толықтай жеткізілетін болады. Бұл қаржыға алынған медикаменттердің құны үкімет бекіткен шекті бағадан аспауы тиіс. Олар көтерме…
Анна Чепель – Астраханнан келген жедел жәрдем стансасының дәрігері. Ол коронавирус инфекциясымен күресте екі апта бойы атыраулық ақхалаттыларға көмектесті. Аннаның сөзінше, Ресей мен Қазақстанда вирусты емдеуде аса өзгешелік жоқ. Атыраулық дәрігерлердің індетпен күрес жолында жан аямай еңбектеніп жатқандарын айтады. Анна ЧЕПЕЛЬ, шетелдік дәрігер: – Атыраулық дәрігерлердің жанқиярлығы мен сауаттылығын айтпай кетуге болмайды. Нағыз мамандар. Расында эпидемиологиялық жағдайға қарамастан тырысып, күресіп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, Атырауда да, Ресейде де наурыз бен сәуір айларында жағдай ушыққанымен, қазір тұрақталған. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов көрші елден келген ақхалаттыларға алғыс білдірді. Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, Атырау облысының әкімі: – Ең алдымен, бізге келіп, үлкен көмек бергендеріңіз үшін…
Атырау облыстық аурухана жанындағы инфекциялық стационардағы орындар саны қысқарды. Себебі, мұндағы науқастар саны екі есеге азайған. Ербол ЗЕЙНОЛЛАЕВ, Атырау облыстық ауруханасы директорының міндетін атқарушы: – Ауруханада қазіргі кезде пневмониямен ауырып жатқан науқастардың саны азаюда. Қазіргі таңда 137 адам емделуде. Әрине, ауыр науқастарымыз көп. Бұрын ауруханада 400 төсек болса, қазір 200 кереует қалдырып, қалғанын енді жоспарлы науқастарды қабылдауға дайындап жатырмыз. Қабылдау тамыз айынан бастап жүзеге асырылмақ. Емхана өкпені жасанды желдету аппаратының 18-імен және 40 шақты оттегі концентраторымен қамтылған. Сондай-ақ, дәрі-дәрмек пен қорғаныш киімдерінің тапшылығы да реттелген көрінеді. Осыған көз жеткізу мақсатында қоғамдық бақылау тобы медициналық мекемені көріп қайтты. Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ, Атырау…
Қалада салынып жатқан тұрғын үй пәтерлерін заңсыз сатумен айналысқан үш құрылыс компаниясы анықталды. Бұл туралы Атырау облыстық прокуратурасы жүргізген мониторингі кезінде белгілі болды. Аталған мекемелер БАҚ арқылы пәтерлерді сатуға жарнама жасап, үлескерлерден ақша алған. Ал құзырлы органдағылардың айтуынша, мүлікті сатылымға шығармас бұрын кепілдік беру қоры, банк немесе әкімдіктің рұқсаты болуы керек. Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ, Атырау облысы прокурорының орынбасары: – Нақтылап айтар болсам, «Bastau constraction», «Real estate», «Orkali» деген ЖШС тұрғын-үй құрылысымен айналысатын. Нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілері ҚР ӘқбК-нің 320-бабымен жауапкершілікке тартылды. Оларға 1 700 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Құрылыспен айналысатын кәсіпкерлер өздерінің құжаттарын заң талаптарына сәйкестендірсе, әрі қарай құрылыстарын жалғастыра береді.…
Құрбан айт мейрамына орай Атырау қалалық перзентханасының 150 қызметкеріне құрмет көрсетілді. Екі айдан бері үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан мамандар үшін жалпыреспубликалық «Мың алғыс» акциясы ұйымдастырылды. Гүлбаршын НҰРАЛИНА, Атырау қалалық перзентханасы директорының орынбасары: – Мұндай іс-шара бізде алғаш рет болып жатыр. Сондықтан өте қуаныштымыз. Осындай эпидемиологиялық қиын ахуалда біздің қалалық перзентхана қызметкерлері барынша халыққа қызмет көрсетуде. Мамырда ашылған провизорлық бөлімшеге осы уақытқа дейін 105 әйел жеткізілді. Құрбан айт мерекесіне орай Атырау облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрамындағы этнос өкілдерінің қолдауымен тәттілер, жеміс-жидек және әртүрлі ұлттық тағамдар ұсынылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, перзентхана мамандарына көңіл бөлудегі басты себеп – ел қорғайтын ұл-қыздарымызды дүниеге келуіне…
Темір тұлпарды мас күйінде тізгіндейтіндер азаймай тұр. Жыл басынан бері қала бойынша ішімдікке тойып ап рөлге отырған 300-ден астам жүргізуші ұсталған. Жеңіс БОЗАЕВ, Атырау қалалық ПБ рота командирі: – Атырау–Доссор тасжолы Теңдік елдімекенінің тұсында орналасқан бағдаршамда М есімді азаматтың жеке автокөлігі тоқтатылды. Тоқтату барысында азаматтың спиртті ішімдік ішкені анықталып, қазіргі уақытта жүргізушіні Атырау облысының сараптама орталығына жеткізіледі. Сараптама бөлімінен кейін автокөлікті ақылы тұраққа қоямыз. М есімді азаматқа ҚР 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы жылдың 11-қаңтарынан бастап көлікті мас күйінде басқарғандарға қатысты қолданылатын жаза қатаңдатылған болатын. Сот шешімімен көлік иесі жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылып, 15…
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы «АТМА – Атырау әуежайы және тасымалдау» АҚ-нан келген гуманитарлық көмекті жасырып қалды деген күдікке ілініп отыр. Облыстық прокуратураның хабарлауынша, басқарма медициналық ұйымдардағы қажетті қорғаныш құралдарының үш апталық қоры бар деген сылтаумен аталған көмекті ешқайда таратпай, қоймада сақтап қойған. Алайда прокуратураның тексерісі барысында құрал-жабдықтардың Жылыой аудандық орталық ауруханасына жетіспейтіндігі анықталыпты. Одан қалса, Исатайдағы аурухана шілде айында 2,5 млн теңгеге 500 қорғаныш комбинезоны мен 5000 дана медициналық бетперде сатып алған. Ал бұл бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкелгенін айтып отыр. Қазір осы іс сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттегіне жолданды.
Ақтауда аулада ойнап жүрген баланы белгісіз біреу алып қашпақ болған. Оқиға кеше күндізгі уақытта 33-ықшамаудандағы ойын алаңқайлардың бірінде болды. Куәгердің көзіне түскен бойда қаша жөнелген ер адам алысқа ұзап кете алмапты. Тұрғындар соңынан қуып жетіп, полиция қызметкерлеріне тапсырған. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Айкерім ИБАТУЛЛАЕВА, Маңғыстау облыстық ПД өкілі: – Орын алған оқиғаға қатысты күдіктінің үстінен қылмыстық кодекстің 124-бабы, 1-тармағы, яғни, «көрінеу жас балаға қатысты күш қолдану , азғындық әрекеттер жасау» бойынша іс қозғалды.
Ақтауда төрт ай бұрын жұмысын бастаған 100 орындық провизорлық орталық жабылды. Қазір бұл емханада бірде-бір науқас жоқ. Ал мұнда осы күнге дейін 3 мыңға жуық адам ем-дом қабылдаған. Орталық жетекшісінің айтуынша, ауыр халде жатқан 70 шақты науқастың кейбірі індеттен көз жұмды. Күні–түні дамылсыз қызмет еткен 50-ден астам медициналық қызметкердің арасында ауруға шалдыққандары да болыпты. Қазір мұнда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Камшат ТҰРСЫНБЕКОВА, провизорлық оталықтың жетекшісі: – Өздеріңіз көріп отырсыздар, провизор өз жұмысын тоқтатып, ғимарат толық босатылды. Аурулардың барлығы шығарылып, қазіргі таңда облыстық көпбейінді стационарда ем қабылдап жатыр. Сол жерде де көрсеткіштің жақсарғаны белгілі. Жалпы, бір ай бұрын өңір бойынша 1 500-ден…
