Атырау өңіріндегі дәрі-дәрмек тапшылығын жою мақсатында бірқатар шара атқарылуда. Бірер күн бұрын шаhарға 20 тоннадан астам емдік препараттар әкелінді. Дәрілер облыс әкімдігі бөлінген қаражатқа Ресейден тікелей сатып алынған. Ал жеткізу қызметін Теңізшевройл компаниясы мойнына алды. Айта кетейік, соңғы екі аптада өңірге 80 тоннадан астам медициналық препарат жеткізілген. Барлық дәрі-дәрмек облыс орталығы мен аудандарға және емханаларға таратылды. Жауаптыларға сенсек, ендігі мақсат – препараттардың мол қорын қалыптастыру.
Автор: Сайт әкімшілігі
Атырау індетті ауыздықтай бастады. Өңірдегі жағдайдың тұрақталуына байланысты енді карантиндік орындар жабылады. Нақтырақ айтсақ, вирус ушыққанда науқастармен байланыста болғандарға пана болған, яғни, оқшаулануға берілген Берекедегі көпқабатты тұрғын үй, жатақханалар мен кәсіпкерлер ұсынған қонақ үйлер, сондай-ақ, бизнес объектілері заласыздандырылып, қалыпқа келтіріледі. Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: – 100 кереуеттей қалдырып, қалғанын жабуға тура келеді. Себебі, қазір карантинде науқастар жоқ. Уақытша жатып кететіндер ғана бар. Қазір 2013 орын бос болып отыр. Соларды қысқартуға тура келеді. Себебі, правизорлық немесе инфекциялық стационарда жататын мүмкіндік бар. Өңірде жоспарлы емдеу жұмыстары қайта жүргізіле бастайды. 1-тамыздан бастап науқастарды кезегімен, санитария талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.…
Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған 243 ақхалатты мен пандемиядан көз жұмған төрт дәрігердің отбасына өтемақы төленуі мүмкін. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы айтты. Бас дәрігердің сөзінше, қаражат Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті берген қорытындыдан кейін ғана беріле бастайды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және ҚР Денсаулық сақтау министрліктерінің бірлескен бұйрығына сәйкес, эпидемиологиялық тексерістер жасалатын көрінеді. Оның қорытындысы арнайы комиссияның қарауына беріледі. Комиссия құрамында облыс әкімінің орынбасары, басқарма басшылары және қоғам белсенділері бар. Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: – Жұмыста жүріп инфекция жұқтырып алған медицина қызметкеріне 2 миллион теңге өтемақы…
Ақтауда салынып жатқан 670 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы тұралап қалды. Жұмыстың аяқсыз қалуына түрлі себеп бар дейді уәкілеті орган өкілдері. Көпқабатты кешен құрылысы екі жыл бұрын аяқталып, қолданысқа берілуі керек еді. Мәселенің анық-қанығын мердігердің өз аузынан естімек болғанда жауап ала алмадық… Күзетші сөзді қысқа қайырып, есікті тарс жапты. Білуімізше, бұл жекеменшік аумақ емес. Сол себепті, түсірілімге кедергі келтіруге болмайтындығын түсіндіріп, ішке кірдік. Бірақ мердігер қандай да бір ақпарат беруге келіспеді. Тапсырыс беруші қалалық әкімдік көрінеді. Бұл жөнінде құрылыс бөлімінің басшысы айтып берді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатырған көпқабатты үш тұрғын үйдегі 670 пәтердің жалпы аумағы 53 мың шаршы метр…
Атырауда әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Тізім облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына түскен өтініштер мен телеграм чатына келген сұраныстар негізінде жасақталған. Басқармадағылар өңірдегі қос құрылыс компаниясына ұсыныс жіберіп, әрқайсысы 15000 теңге тұратын қораптар мұқтаж жандарға үлестірілді. Серік ҚАМИДОЛЛА, Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы: – Осы өтініштерін халықтың қамту бағытында біз Сичим мен Сенімді құрылыс компаниясына ұсыныс берген болатынбыз. Қазір осы екі компания елу-елуден 100 адамға өздерінің әлеуметтік көмегін көрсетіп жатыр. Оның барлығы еріктілер арқылы мұқтаж азаматтарға таратылатын болады. 100 адамның ішінде үй жалдап отырған 1, 2, 3 баласы бар…
Мамучар Джабасовтың қарауында қазірдің өзінде 30 шақты ит бар. Ауыр жағдайда табылған қаңғыбас төртаяқтыларды өз қаражатымен емдеуді дағдыға айналдырған ерікті жауаптылардың кеш қимылдайтынына налиды. – Мысалы, маған келген итттердің көбі адамнан таяқ жеген немесе машина қаққан. Оның бәрі адамның әрекетінен болып жатыр. Ал оған қолданылатын шара жеңіл, ең көп дегенде, 30 күн қамаққа алынады. Бір қызығы, оларды қамауға алу үшін ит не өліп қалуы қажет, не орнынан тұра алмай қалуы қажет, – деп ашынады кинолог Мамучар ДЖАБАСОВ. Соңғы уақытта әлеуметтік желідегі жануарларды қорлап жатқан бейнекөріністерден көз ашылмай кетті. Дауға ұласқан видео шенеуніктердің де назарын аударып заңға өзгеріс енгізуге негіз болып…
Медициналық көрсетіліміне байланысты жолдама алған науқас компьютерлік томографиядан тегін өте алады. Бұл туралы ақпарды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметіне сілтеме жасап жергілікті коммуникациялар қызметі таратты. Өкпе қабынуына шағымданушылар учаскелік дәрігердің қабылдауынан кейін, тұрғылықты мекен-жай бойынша тіркелген емханадан жолдама алу арқылы, КТ аппаратынан тегін тексеріле алады. Қазіргі уақытта Атырау облысында 10 КТ аппараты бар. Оның жетеуі облыстық аурухана (2), облыстық №2 аурухана (1), кардиорталық орталық (1), онкология диспансері (1), облыстық балалар ауруханасы (1), Жылыой аудандық орталық ауруханасы (1) секілді мемлекеттік емдеу орындарында болса, 3 аппарат жеке клиникалар секторында орналасқан. Денсаулық сақтау басқармасы КТ аппаратына балама ретінде рентген аппаратына түсуді ұсынып…
Шіліңгір шілде туса болды, Индербор кентінен 15 шақырым жердегі Тұздыкөлге келушілердің қатары молаяды. Мұнда Менделеев кестесіндегі 16 түрлі элемент жасырынған. Тұздыкөлдің солтүстік жағы Индер тауымен қоршалған, оңтүстік жағалауы жазық. Тұздың мемлекеттік есепке алынған қоры 647 млн. тонна болады. Жергілікті геологтардың айтуынша, тұзға шілденің басы мен тамыздың орта тұсы аралығында түсу керек, онда да бір рет қана. Балшықта 10–15 минуттан артық жатуға болмайды. Күн шамадан тыс ысыған кезде көл бетін бу басып, радиация көтерілетін көрінеді. Сондай-ақ, геолог бұл жерде үнемі самал жел соғып тұратындықтан, суық тигізіп алмауды басты назарға алған жөн деп санайды. Көлдің суы мен қара балшығының өзі тек буын…
Із-түзсіз жоғалған Тәжікстан азаматы 20 жылдан кейін Атыраудан табылды. Бобораджаб Джавлиев отбасының күн-көрісіне ақша таппаққа Мәскеуге аттаныпты. Алайда бір жыл бұрын ес-түссіз жатқан күйінде атыраулық Леонтий Демяшевтің көзіне түседі. Өкінішке қарай, мұнда қайдан, қалай жеткенін есіне түсіре алмаған. – Мен мұнда тек ақша тауып, кері үйіме қайтамын деп келдім. Бірақ отбасыма хабарласа алмадым. Көмектесетін таныстарым да болмады. Барлық құжатымды жоғалтып алдым. Көп нәрсе айтқым келеді, бірақ ұмытып қала беремін. Мәскеуде жүріп басымнан соққы алғандықтан есте сақтау қабілетім нашарлап кетті, – дейді жоғалып-табылған мигрант Бобораджаб ДЖАВЛИЕВ. Бобораджаб осы уақытқа дейін Леонтийдің саяжайын паналап келген. Демяшовтар отбасы оның денсаулығын қалыпқа келтіріп, аяққа…
Биыл мұсылмандар қауымы Құрбан айт мерекесін алғаш рет онлайн форматта тойлайды. Құрбандық шалу рәсімі де қашықтан өткізіледі. Ниет білдірушілер qurban2020.kz арнайы сайты арқылы бірнеше қадамды орындаулары қажет. Алдымен құрбандық шалатын аймақты белгілеген соң, аты-жөні мен телефон нөмірін енгізіп, құрбандыққа шалынатын мал таңдалады. Ешкі бағасы – 35 000 теңге, тоқты – 40 000 теңге, қой – 50 000 теңге. Ірі қараның құны – 350 000 теңге, түйе – 700 000 теңге. Төлемді карта арқылы жүзеге асыруға болады. Елде орнаған жағдайға байланысты құрбандыққа шалынатын мал тек мұқтаж жандарға үлестіріледі. Тапсырыс беруші еттің бір бөлігін әкете алмайды. Құрбандық етінен үміттілер де сайт арқылы…
