20 жылдан кейін Атыраудан табылған Бобораджаб — CaspianLife ақпараттық порталы
Четверг, 8 июня, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

20 жылдан кейін Атыраудан табылған Бобораджаб

28.07.2020
Жаңалықтар
0
20 жылдан кейін Атыраудан табылған Бобораджаб

Із-түзсіз жоғалған Тәжікстан азаматы 20 жылдан кейін Атыраудан табылды. Бобораджаб Джавлиев отбасының күн-көрісіне ақша таппаққа Мәскеуге аттаныпты. Алайда бір жыл бұрын ес-түссіз жатқан күйінде атыраулық Леонтий Демяшевтің көзіне түседі. Өкінішке қарай, мұнда қайдан, қалай жеткенін есіне түсіре алмаған.

– Мен мұнда тек ақша тауып, кері үйіме қайтамын деп келдім. Бірақ отбасыма хабарласа алмадым. Көмектесетін таныстарым да болмады. Барлық құжатымды жоғалтып алдым. Көп нәрсе айтқым келеді, бірақ ұмытып қала беремін. Мәскеуде жүріп басымнан соққы алғандықтан есте сақтау қабілетім нашарлап кетті, – дейді жоғалып-табылған мигрант Бобораджаб ДЖАВЛИЕВ.

Оқи отырыңыз...

Атырауда интернет арқылы жасалған алаяқтық өршіп тұр

Атырауда интернет арқылы жасалған алаяқтық өршіп тұр

07.06.2023
Облыстағы кәсіпорындар жылына 160 млн. текше метр су тұтынады

Облыстағы кәсіпорындар жылына 160 млн. текше метр су тұтынады

07.06.2023

Бобораджаб осы уақытқа дейін Леонтийдің саяжайын паналап келген. Демяшовтар отбасы оның денсаулығын қалыпқа келтіріп, аяққа тұруына көмектесіпті. Өздері «Баха» деп ат қойып, туыстарын табуға жұмыстанып. «Тәжікстан» газетінің редакциясына хабарлама берген көрінеді. Кейін белгілі болғандай, оның ағайын-туысы мен отбасы Душанбеден табылған.

– Ең бастысы, оның құжаттарын жасақтатып, отбасымен қауышқаны қажет. Тілегім сол. Мен де, әйелім де үйренісіп қалдық. Бауыр басып кеттік. Не істей аламыз, солай болды. Өмір ғой. Туыстарын тауып берем деп уәде бергем, уәдемде тұрдым, – деп ағынан жарылды Атырау қаласының тұрғыны Леонтий ДЕМЯШЕВ, 

Қазір Бобораджаб Джавлиев қаладағы арнайы орталыққа орын ауыстырды. Құжаттары реттелгенше осында бола тұрады. Ал оны қалыпқа келтіру үшін әлі бір айдай уақыт қажет. Әзірге Баха мен оның отбасын екі мың шақырым бөліп тұр. 20 жылғы сағыныш, айтылмаған әңгіме де кеудесін кернеп тұрғандай. Оның қазіргі бар арманы да, қалауы да Душанбеге жетіп, жақындарымен қауышу.

Тегтер: Caspianатыраумигранттәжікстан
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.